Отырар қалашығы - IX ғасырдан XVII ғасырға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аумағындағы ең ірі, әрі дамыған қалалардың бірі. Отырар атырабы қазіргі Оңтүстік-Қазақстан облысы Отырыр ауданында, Темір теміржол бекетінен батысқа қарай 10 км, қазіргі Талапты ауылы жанында, Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 57 км, Арыс өзені Сырдарияға құятын жерге жақын орналасқан. Қалашық тарихта ортағасырлық сауда орталығы Фараб ретінде әйгілі ежелгі қала Отырырдың үйінділері болып табылады. Отырардан бөлек атырап аумағына Құйрықтөбе, Қөкмардан, Алтынтөбе, Мардан Құйық қалашықтары жалғасқан.
Отырар орнындағы алғашқы қала қонысы біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырға жатады. Оның негізін қалаушы боп қаңлылар саналады. Ежелгі түрік руналық жазбаларында (VI-VIII ғасырлар) қала Қаңлы-Тарабан ретінде бірнеше рет айтылады. 737-748 жылдары Қаңлы-Тарабанды арабтар жаулап алады да, солардың билігіне өтеді. Араб үстемдігі кезеңінде Орталық Азияның мәдениет және ғылым орталығына айналады. Мүнда өз заманының ұлы ғалымдары өмір сүрген. Дәл осы қалада ұлы философ және математик, Шығыстың ірі ғалымы, Аристотельден кейін «екінші ұстаз» ретінде танылған Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген. Қарахандар әулеті билік құрған XI-XIII ғасырлар кезеңінде қала қарқынды дамып гүлденді. Соңыра Хорезм мемлекетінің құрамына кірді. 1219 жылы қала жаулап алушы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бастаған монғол әскерімен басып алынады. Қайыр хан бастамашылығымен тұрғындар қаланы 7 ай қорғады. Қаража есімді сатқын монғолдарға қөала қақпасын ашып береді. Отырар қиратылып, біраз уақытқа құлдырап кетеді. ХІІ ғасырдың ортасында қайтадан ірі сауда орталығына айналады. Темір кезінде жаңадан салынады. 1405 ылы Отырар сарайларының бірінде әмір Темір көз жұмады. Отырардағы өмір XVIII ғасырдың ортасына дейін жалғасады.
Ежелгі қалалар сияқты қала қамал мен шахристаннан тұрды. Олар биіктігі 18 м бесбұрышты төбе сияқты болды. Төбе алаңы 20 га. Айнала ол 70-80 градус құлдилығын сақтаған қабырғамен қоршалған. Қамал төбенің ортасында орналасқан және 220х220х230 шеттері бар үшбұрыш формасында болған. Қамал мен шахристан орналасқан дөңеске алаңы 150 га күшейтілген рабат аумағы жалғасқан. Қазба жұмыстарының нәтижелері дамыған қала мәдениетін дәлелдейді. IX-XII ғасырларда монша сияқты қоғамдық құрылыстар пайда бола бастайды. Отырардағы рабат аумағында екі монша зерттелген. Ғалымдар өз маңыздылығы бойынша бірегей ХIII – XIV ғасырлардың екінші ширегіндегі қышшылар орамын зерттеді. Мұннан тоғыз шеберхана табылды. Сонымен қатар қалада қолөнер дамыған. Бұны табылған қола айналар мен зергерлік бұйымдар дәлелдейді. Археологтардың ең қызықты қазбаларының бірі VII – IX ғасырларға ататын билеушінің сарайы. Сарай залының еденінде оның тұрғындарының өміріне байланысты түрлі бейнелер ойылған жартылай жанып кеткен ағаш тақталар табылды.
Отырардың қазба жұмыстары XI-ХII ғасырларда қала гүлденгенін айғақтайды. Графин, тостаған, бокал, шишалардың сынығынан тұратын шыны бұйымдарының мол коллекциясы жиналды. Зергерлік бұйымдар да көп. Бұл анартас, ақық, шыныдан жасалған моншақтар, жүзіктер, қола білезіктер.
1974 жылы зергерлік бұйымдар, білезіктер, жүзіктер мен монеталардан тұратын қазына табылады. Барлық монеталар күміс. Олардың типтері, шығару сарайлары мен соғу даталары әр түрлі. Кейінгі ортағасырлық Отырар қазба жұмыстарының барысында көптеген керамика, металдан жасалған бұйымдар, монеталар мен әшекейлер, тастан жасалған ұсақ-түйектер жиналды. Құйылған және құйылмаған керамика алуан түрлі. Мөлдір, көгілдір және жасыл әшекемен жалатылған тостаған, тарелкалар мен табақтар көп. XVI ғасыр және XVII ғасырдың бірінші ширегіндегі керамика мен XVII-XVIII ғасырлардағы керамика топтарының арасында құю, жазба сапасының төмендеуі айқын байқалады.
Отырардағы алғашқы қазбаны Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы жүргізді. Олар сарай үйінділері, монументтік құрылыстарды табу мақсатында бірқатар траншеялар салды, бірақ олардың көңілі қайтты, олардың қолына тек керамика, шыны сынықтары түсті. Кейінгі зерттеулер, тек, ХХ ғасырдың 40-жылдары профессор А.Н.Бернштам басшылығымен жалғасын тапты. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы ұйымдастырылды, ол кейіннен 1971 ж. бастап ҚазКСР ҒА Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы болып аталды. Зерттеудің негізгі объектісі ретінде Отырар төбе қалашығы таңдалды. 1991 жылдан бері қазба жұмыстарын К.М. Байпақов басқарды. 2001 жылы ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бастауымен «Ежелгі Отырар қалажұртын консервациялау және сақтау» Қорының халықаралық жобасы жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаттары: құжаттық база жасау мен консервациялық шаралар.
Жоба жұмысы барысында бірқатар ескерткіштері XIV ғасырдың жұма мешіті, XVI ғасырдың тұрғын үй орамы, XI-XII ғасырлардағы тұрғын жайлар, қабырғалар, орталық қақпа және «Дарваза-и суфи», стратиграфиялық шурф, XIV ғасырдың моншалары музейлендірілді.