Оңтүстік Қазақстан облысы біздің елімізге көптеген атақты адамдарды берді, олардың ішінде жазушылар, спортсшылар, ғылым және өнер қайраткерлері бар. Олардың көпшілігінің өмірбаяндары жақсы зерттелініп, бәріне егжей-тегжейлі белгілі, осы ұлы адамдардың арасында бір адам бар, оның аты бүгінге дейін әдемі аңыздармен қоршалған, оларды естігенде шындықты асырып айту мен болжамнан айыру қиынға соғады. Аты аңызға айналған Қажымұқан Қазақстандағы әр оқушыға белгілі, дегенмен өмірі мен спорттық жеңістерінің егжей-тегжейлілігін бәрі білмейді. Әйткенмен қазақтың ұлы спортшының өмірі таңғаларлық және еш аңыздарсыз рух төзімділігі мен туған жерге деген сүйіспеншіліктің үлгісі бола алатындықты дәлелдеп, қызық кезеңдеріне толы болған. Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайына барып, ұлы балуанның өмірімен толық танысуға болады.

Қажымұқан Мұңайтпасовқазақтың ұлы балуаны және цирк әртісі. Бірнеше рет (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) кәсіпқойлар арасында классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен. Француз күресі бойынша әлем жеңімпаз атағына ие болған алғашқы қазақ болып табылады, әлемдік, ресейлік, аймақтық, кейін бүкілодақтық аса уаыр салмағы бар спортшылар арасында классикалық күрес бойынша чемпионаттарында жеңіске жеткен. Шамамен елу сыйлықтың және түрлі медальдерінің иегері болып табылады.

Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан өнер көрсеткені арқылы қаражат жинап, әскерге көмек көрсетеді және майданға Амангелді Иманов есімімен аталған ұшақты сыйға тартады. Туған еліне сіңірген зор еңбегіне қарамастан, өмір соңында жергілікті биліктің қолдауын көрмей, 1948 жылы нашар жағдайда өмір сүргендіктен, өкпенің қабынуынан қайтыс болады.

Қазақтың ұлы балуанының мұражайы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы Темірлан ауылында орналасқан. Қажымұқан осы ауылда өмірдің соңғы жылдарын өткізген, ауыл орталығында ұлы спортшыға ескерткіш қойылған.

Мұражай өткен ғасырдың сексенінші жылдарында ашылған, ол шағын және нашар бейімделген жайда орналасқан.

2001 жылы демеушілердің көмегі арқасында Темірлан ауылында күмбезі мен алаңы бар мұражайдың әсем ғимараты салынған. Құрылыс Қажымұқан өнерін көрсеткен циркке ұқсайды. Оған арнап салынған мұражай жаңа ыңғайлы жайға көшірілген, бұл экспозицияны үлкейтуге және келушілерді жаңа экспоанттарды көрсетуге мүмкіндік берді.

Қажымұқан атындағы мұражайының қызықты болғандығының себебі – оның негізі ұлы балуанның меншігінде болған түпнұсқалық заттар мен сыйлықтар болып табылатыны, осында оның даңқты өмірін көрнекті түрде баяндайтын көптеген құжаттар мен фото материалдар жиналған.

Экспозицияда 3 бірегей экспонат бар - 2 орден және 1 медаль. Парсы елінің чемпионы Маршрутқа қарсы соңғы алыста 1910 жылы жеңіске жеткені үшін Парсы елінің ханзадасы Қажымұқанға берген «Алтын Арыстан мен Күннің» Ордені. Маньжурияның «Береке» ордені. Қажымұқанға Жапонияның чемпионы Саракики Джинндофуны жеңгені үшін берліген. 1913 жылы Литва еліндегі халықаралық жарыста жеңіске жеңгені үшін берілген медаль.

Әр медаль мен орденның теріс жақтарында «Қ. Мұқан» деген жазу бар.

Мұражай қызметкерлерінің жасаған еңбектері арқасында осы сыйлықтар академик Әлімқұл Бүркітбаевтан 1млн. 200 мың теңгеге сатып алынған. Ал Ә. Бүркітбаев оларды 1993 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен «Спорт олжасы» аукционында алған. Өкінішке орай бұл аты аңызға айналған балуанның 48 сыйлықтарының кішкентай бөлігі болып табылады.

1914 жылы Қажымұқан әкесінің басын көтеруіне Балтық елінен Ақмолаға бару үшін балтық жағасындағы балуаны, досы Вейланд Шульцке кепілге шамамен 20 сыйлық қалдырған.

Вейланд Шульцтың ұрпақтары «Спорт олжасы» аукционында екі орден мен медальді қойған. Басқа сыйлықтардың тағдыры әлі белгілі емес. Мұражай ізденіс жұмыстарымен айналысып жатыр.

Осыдан басқа, мұражай ұлы балуанның аты жазылған афишаларды, соынмен қатар кезінде Парсе елінің шахының аймағынан көшірілген алтын дөңгелек табақтармен безендірілген белбеуін алуға жоспарлап жатыр.

Бағалы және түпнұсқалық экспонаттарға Қажымұқан циркте өнер көрсету үшін алған екі пұдтық гірді, сонымен қатар соғыз кезінде көрермендердің алдында өнер көрсеткендегі үлкен 350-килограммдық тасты жатқызуға болады.

Белгілі бір уақытқа дейін Қажымұқан атындағы мұражай Шымкент облысының өлкетану мұражайының филиалы болып табылған, қазіргі кезде оның мәртебесі өзгеріп, өзіндік бюджеті бар жеке мұражайға айналды.

Мұражай қызметкерлері арасында ұлы балуанның шөбересі қызмет атқарып жатыр, ол экскурсия болып жұмыс істейді.

Жыл сайын Қажымұқан атындағы мұражайына мыңдаған келушілер келіп жүреді, ол қазақтың ұлы батырының өмірбаяны мен даңқты спорттық жолы жайында білгісі келетін келушілер үшін әрқаша ашық болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайының негізі 1920 жылы қаланған. Мұражайдың қалыптасуы мен дамуына атақты ғалым шығыстанушы М.Е.Массон мен жергілікті аймақтанушылар В.П.Тризна, И.К.Шпота, М.А.Быков, М.И.Мекленбурцев, т.б. еңбектері ұшан теңіз.


Мұражайлар
«Әзірет Сұлтан» мұражайы – мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы бұл – археологиялық және сәулет ескерткіштерінің толық кешені болып табылады.Мұражай қорығы орналасқан Түркістан (тарихи атауы Ясы) көне қаласы Қазақстанның ортағасырлық тарихының өзіндік нышаны және қажылық пен тарихи саяхатшылығының орталығы болып табылуына мүмкіндік берген өткен уақыттың баға жетпес ескерткіштерімен қоршалған.