Теңдесі жоқ батырлық пен өжеттілікті көрсеткен және Отанының бостандығы үшін өмірін берген Әлия Молдағұлованың есімі тек ақтөбеліктер үшін ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандықтар үшін де қымбат.
Қазақстанда Әлияның есімін құрметтейді, еліміздің бірқатар қалаларында оған анап ескерткіштер орнатылған, оның есімімен көшелер аталған, ал Ақтөбе қаласында мемориалдық мұражай ашылды.
Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайын құру жайындағы шешім 1980 жылдың 5 қаңтарындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бұйрығы негізінде 1980 жылы қабылданған. 1980 жылы 11 маусымда Қазақ КСР Мәдениет Министрлігі Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың мемориалдық мұражайын ашу жайында бұйрық шығарды.
Осы кезден бастап болашақ мұражайдың экспозициясын және ғылыми-қосымша қорын қалыптастыру бойынша күрделі қызмет басталды. Батыр қыздың өмірі мен ерлігі жайында материалдар мен құжаттарды жинау мен зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу және жинау жұмысы, Әлияның өмірлік және соғыс жолындағы орындарға сапарлар, туыстар мен жақын адамдарымен, командирлері мен полктестерімен, ұстаздары мен сыныптастарымен, соғыс ардагерлерімен хат жазысу мен кездесулер өткізіліп жатыр.
Мұражай қызметкерлері мұражай экспозициясын құрайтын экспонаттарын іс жүзінде бес жыл бойы жинаған.
Мұражайдың салтанатты ашылуы 1985 жылы 22 сәуірде Ұлы Отан Соғыс Жеңісінің 40-жылдығына қарсаңында және Әлия Молдағұлованың 60-жылдығының алдында өткен.
Мұражайдың салтанатты ашылуы сол кездегі қала мен облыс басшыларының, соғыс және ардагерлік ұйымдарының өкілдері, туысқандар мен жақын адамдары, Әлияның командирлері мен полктестері, оқушылар мен студент жастарының қатысуымен өткен. Ашылуының алдында Сапыра Молдағұлова – Әлияның тәтесі мен құрбысы, облыс басшылары, соғыс ардагерлері сөз сөйлеген салтанатты митинг өткен. Мұражайды ашу құқығы С. Молдағұловаға берілген, жиналған қауымның алдында сөз сөйлеп, Әлияның балалық және жас шақтарын есіне алды.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысының Қобды ауданының Бұлақ аулында дүниеге келді. Анасы қайтыс болғаннан кейін туған немере ағасы Әбубәкір Молдағұлов отбасында тәрбиеленеді. Әлия балалық және мектеп жылдарын Әулиеатада, Мәскеуде, Ленинградта өткізді. Бұл Әбубәкір ағасының Мәскеу (Ленинград) Әскери-Көлік Академиясында оқып жүргеніне байланысты болды.
1938 жылы Әлияның келісімін алып, ағасы оны уақытша Ленинград қаласының мектеп интернатына орналастырады. Осында Әлия соғысқа тап болады. Ауыр блокадалы 1942 жылы интернат шәкірттері, олардың ішінде Әлия да, Ярослав облысындағы Вятское ауылына көшіріледі. Вятская ОМ 7 сыныбын бітіріп, Әлия Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түседі.
1942 жылы 18 желтоқсанда басқа өз еркімен келген қыздармен бірге Әлия әйелдердің мергендер мектебіне оқуға жіберіледі. Әлия 1943 жылдың шілдесінде мергендер мектебін бітіріп, Солтүстік-Батыс майданына 54-ші атқыштар дивизиясының 4 батальонына жіберілді. 1943 жылдың аяғынан 1944 жылдың басына дейін Әлия Псков облысындағы қалаларды және ауылдарды азат ету ұрыстарына қатысқан, ол жаудың 78 солдат пен офицерін өлтірді.
1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха ауылының штурмы кезінде өшпес ерлік жасап, Әлия қаза табады. 1944 жылдың 4 маусымдағы КСРО Жоғары Кеңесінің Төралқасының Жарлығымен батыл мерген Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін берілді.
Мемориалдық мұражайдың экспозициясы Әлияның өмірі, оқуы кезіндегі, соғыс, майдан күндеріндегі жастық шағы және ең бастысы батыл ерлігін егжей-тегжейлі баяндайды. Мұражайда 8 мыңнан астам экспонат бар, олардың арасында майдандық хаттар, Ә. Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағын беру жайындағы Жарлық, мұрағаттық құжаттар, соғыс жылдарының материалдары мен жәдігерлері, соғыс техникасы мен ыдысы, әскери киім бар.
Экспонаттардың арасында құжаттық материалдар, полктестердің еске алулары, соғыс хаттары, кітаптар, мақалалар, очерктер, газет қиындылары және т.б. жиналған.
Мұражайдағы экскурсия жетекшілері Әлияның өмірі мен ерлігі жайында тулаған жүрегімен, егжей-тегжейлі айтып жүреді.
Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың мемориалдық мұражайының қызметінде жинау, ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдени-бұқаралық жұмыс басымдылық болып табылады. Ақтөбе қаласындағы Ә. Молдағұлованың мемориалдық мұражайы бұрыннан бері есеіп жатқан ұрпақтың мәдени және әскери-патриоттық тәрбиенің орталығы болып табылады.