Қазақ эпостың кейіпкері Қобыландының мемориалы Ақтөбе облысының Қобды ауданы Жиренкөп ауылында орналасқан. Ол 2007 жылы 8 қыркүйекте аты аңызға айналған батырдың жерлеу орнында ашылған.

Қобыланды батыр – тек қазақ тарихындағы бірегей тұлға болып табылмайды, бұл эпостардың аты аңызға айналған кейіпкері, XV ғасырда өмір сүрген және бүкіл өңірдің тарихи тағдырында үлкен рөл ойнаған нақты тарихи тұлға болып табылады.

Ұзақ уақыт бойы Қобыланды батыр ойдан шығарылған кейіпкер болып саналған. Бірнеше ғасыр бойы ол туралы аңыздар ескіремейді, ақындар қуатты жауынгердің батырлығы, туған жері үшін қайталанбас ерлігі жайында өлең айтып жүреді.

Тек қазіргі кезде бірнеше ғылыми зерттеулерден кейін Қобыланды батыр Алтын Орданың құлдырауы кезінде шын адам болғаны расталды.

Қобыланды батыр (қарақыпшақ Қобыланды) —халық батыры, қолбасшысы. Қарақыпшақ тармағындағы қыпшақ руынан шыққан. Аңыздарда ол әдетте «қарақыпшақ Қобыланды» болып аталады. Оның ірі қолбасшы болғаны да белгілі. Оған «Қобыланды батыр» қазақ халқының батыр эпосы арналған. Осы эпостың 29 нұсқасы бар. Ең таралғаны —Марабайдың нұсқасы. Бұл көркем шығарма тарихи оқиғаларына негізделген. Оның ішінде өмірде болған адамдардың есімдері мен жер атаулары кездеседі. Батыр эпосында, аңыздарда Қобыланды батыр жеңілмейтін батыр ретінде көрсетіледі. Қобыланды батыр өз отандастарын ру бойынша бөлмеген, барлық дала адамдарын қай жүзден шыққанын сұрамай, жақсы көріп, қорғаған. Жастық шақ жылдары ол Көшпенді өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілқайыр ханға жақын болған. Қобыланды батыр Ақжол би ретінде белгңлң болған Дайырқожаны далады өлтірген кезде, арғын тайпасының ақсақалдары Әбілқайырдан қанішердің атын әшкерелеуін талап етті. Билеуші бас тартты. Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандарының Қазақ хандығын құрған Моғолстанға қоныс аудару себептерінің бірі болды. Қобыланды батыр Ноғай Орданың саяси өміріне қатысқан. Ол Қазан қаласына дорық жасаған, Едіге бидің ұрпағы Алшағырмен соғысқан.

Аты аңызға айналған қабірі қазіргі Ақтөбе облысындағы территориясында орналасқан.

«Қобыланды батыр» мемориалдық кешені соғыс тақырыбындағы элементтерін пайдаланып салынған. Кесене әскери дулыға тәрізді дөңгелек ғимарат болып табылады, ол бұрынғы жерлеу орнының айналасында салынған. Кесенеге апаратын жол бойында қолбасшыны сарбаздар сияқты қорғап тұрған тас меңгірдер тұр. Шетінде туристтерге арналған шағын мұражай мен қонақүй орналасқан әскери садақ түріндегі ғимарат бар.

Кесененің формасы күмбезді болып келеді, сәулет жобасына сәйкес күмбез пен оны аяқтайтын жарты айдың биіктігі 18 метрді құрайды, кесене диаметрі 12 метрді құрайды. Кесенеге кіретін жерде биіктігі 2 метрді құрайтын тас мүсіндері тұр.

Ішінде салмағы 2 тонна, биіктігі 2 метрді құрайтын «қойтас» құлпытасы орнатылған. «Қойтас» нақыштық оюларымен безендірілген. Кесене едені гранитпен төселген. Ортасында тас шарында Самұрық құсының алтын мүсіні орналасқан, оны шырағы бар 8 мүсіндік барыс қоршап тұр. Осы шырақ Қожа Ахмет Яссауи кешенінде орналасқан шырағы бар композицияға ұқсас болып салынған.

Кесене орталығында күміс ұштықтары бар үш найза қойылған, олар туған жерін қорғауға дайын болған үш жүздің бірлігін білдіретін қалқан арқылы бекітілген.

Биіктігі 4 метр құрайтын осы композицияны белгілі алматылық мылтықшы ұсталар Құлмантегі ағайындылары құрастырған. Бүкіл «Қобыланды батыр» мемориалдық кешеннің авторы Шығыс елдерінің халықаралық сәулет академисының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Бек Ыбыраев болып табылады.

Қобыланды батырдың халық жауынгері мен азат етуші ретіндегі кейпі қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары үшін ескерткіште мәңгілік қалады. Бұл мемориалдық кешен Ақтөбе облысының танымал туристтік орны мен көрікті жері болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Әбілқайыр хан ескерткіші

Ақтөбе қаласының орталық бөлігінде, облыстық әкімшілік жанындағы алаңда қазақтың көрнекті қайраткері, қолбасшы мен дипломаты Әбілқайыр ханның әсем ескерткіші тұр. Бұл қаладағы басты жер, дәл осы жерге дәстүр бойынша жас жұбайлар мен Ақтөбе қаласының қонақтары келіп жатады.


Ескерткіштер
Абат-Байтақ кесенесі

Ақтөбе облысының территориясында көптеген ескерткіштер мен көрікті жерлер бар, туристтік маршруттар бойынша саяхат жасағанда, орта ғасырлардың қорығында бола аласыз, ақындар эпостарда жырлаған жерді, Қобыланды батыр қабірін көріп, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова дүниеге келген Бұлақ ауылына бара аласыз. Және де осы жерге келгендіктен Батыс Қазақстан территроиясында жалғыз болып сақталып қалған таңғаларлық Абат-Байтақ көне сәулет ескерткішін көрулеріңіз жөн.