Ш.Құсаинов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры 1996 жылы 6 наурызда шығармашылық қызметін бастады. Театр шымылдығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Жақып Омаровтың қойылымндағы «Ақан Сері - Ақтоты» спектакльдің тұсаукесерімен ашылды. Жаңа театрдың труппасының негізін Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының 1995 жылғы түлектері құрды. Белгілі суретші, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұрат Мақсұт театр дамуына зор үлес қосқан.

2006 жылы театр ұжымы шығармашылық жолының 10-жылдығын салтанатты түрде атап шықты, осы салтанатты күніне байланысты «ҚР мәдениет қайраткері» Құрметті атағына теар актерлері Ж. Қалдаров, Т.Қонбай, Ж.Құсаинова, Қ. Қалқатаев, А. Жүнісова, Қ. Мырзаболатов ие болды. 2011 жылдың желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай «ҚР мәдениет қайраткері» Құрметті атағымен театр актерлері З.Арзымбетова мен Е. Дүнгененов марапатталды.

Біршама жас болғанына қарамастан, театр ұжымы халықаралық фестивальдеріндегі және гастроль турларындағы шығармашылық жетістіктеріне ие. 2001 жылдың қаңтарында Мысырдағы халықаралық фестивалінде труппа бес жүлденің ішінен біреуін жеңіп алды, бұл өнер көрсетуі жоғары кәсіби шеберліктің дәлелі болды.

2007 жылы КХР Қазақстанның жылы болғанына байланысты театр ұжымы Қытай Халық Республикасында гастроль спектакльмен өнер көрсетті.

2011 жылы маусым айында театр труппасы «Калигула» трагедиясымен «Боспорские агоны» (Қырым) көне өнерінің халықаралық театрлар фестиваліне қатысты, онда «Классикасын лайықты іске асыруы» номинациясын жеңіп алды.

2012 жылы Қостанай қаласында қазанның 1-5 аралығында Ілияс Омаровтың 100-жылдығына арналған музыкалық-драма театрының актерлері жеңді.

Театр ұжымына белгілі суретшісі, Мемлекеттік сыйлығының Иегері Мұрат Мақсұттың келуі театрдың қалыптасуына зор үлесін қосты. Бүгінгі күнде театр көркем жетекшісі К.Қасымов болып табылды. Театр штатында 140 адам қызмет атқарып жүр.

Театр труппасы, негізінен, қысқа уақыттың ішінде өздерін көрсете алған жас және дарынды актерлерінен тұрады: Гүлмира Дакилина, Елтай Мұстанов, Маржан Бүкешова, Мұхит Палымбетов, Айман Баймамырова, Зұлқапыл Батыхан, Ризат Қылышбаева, Медет Хамзин .

Театр репертуарында көптеген қойылымдар бар, олардың арасында А.Камю «Калигула» классикалық туындысы, А. Оразбековтың «Бір түп алма ағашы», О. Бөкейдің «Атау кере», Т Қажыбайдың «Ар және ақша», Т. Жюженоғлудың «Қар көшкіні», Д Стейнбектің «Адамдар мен тышқандар», Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоты», Қ.Ысқақтың Шахимарденнің

«Мазар», О. Бодықтовтың «Үйленгім келмейді», С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», Әли Әміридің «Ауқатты әйел», С.Раевтың «О қыздар», О.Иоселианидің «Отыз ұлың болғанша...» комедиялары бар.

Театр негізінде театр фестивальдері дәстүрлі түрде өткізіледі. Осылай, 2004 жылы атақты жазушы Сакен Жүнісовтың 70-жылдығына арналған 1 театр фестивалі өтті.

Ақмола облысының 70-жылдығын тойлау шеңберінде 2009 жылы ІІІ аймақтық фестивалі ұйымдастырылды. Өнер мерекесінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана қ. театрлары, Алматы қ. ЖКТ қойылымдарын көрсетті.

2011 жылы 20-22 мамыр аралығында Көкшетауда ҚР және РФ театрларының жастарының қатысуымен театр оқу мекемелерінің І эксперименталдық фестиваль-лабораториясы өтті.

Театр ұжымы үнемі репертуарын толықтырып отырады, көрермендерін әр театр маусымымен, жаңа спектакльдің қойылымымен қуанта береді.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Қазақтың ұлы ақыны Біржан сал мемориалдық кешені

Қазақтың ақыны мен композиторы Біржан-сал атындағы сәулет-мемориалдық кешені 2012 жылы 14 қыркүйекте ашылды. Ақмола облысындағы Степняк шағын қаласы ұлы ақынның туған жері болып саналады, дәл осы жерде орасан зор ғимарат пайда болды және бірден басты жергілікті көрікті жер болып аталды.


Ескерткіштер
Қабанбай кесенесі

Көрнекті қазақ қолбасшысы – Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесі Қазақстанның әйгілі назар аударарлық жерлерінің бірі. Ол Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округінің аумағында Қызылжар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км және Астана қаласынан оңтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан.