Ж. Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театры елдегі көне театрлардың бірі болып табылады, ол 1934 жылы құрылған, ал оның бай тарихына тіпті астаналық театрлары қызыға алады. Жұмыстың ұзақ жылдары бойы театр сахнасында ұлттық және әлемдік классиканың көптеген үздік туындылары қойылған.Театр қойған спектакльдер бүкіл Қазақстандағы көрермендердің көңілінен шыққан және көптеген сыншыларының жағымжы бағалары мен жылы ықыласына ие болған.

Театрдың шығармашылық жетістіктері бірнеше рет республикалық театр байқаулары мен фестивальдерінің сыйлықтары мен жүлделерімен марапатталған. Театр қазақтың атақты режиссері, драматургы, қазақ кәсіптің театр өнерінің негізін салушыларының бірі Шанин Жұмат Тұрғынбаевичтің аты кездейсоқ берілмеген.

Бүгінгі күнде театр репертуарында отыздан астам қойылым бар, олардың арасында отандық, шетел классиканың, сонымен қатар қазіргі авторлардың пьесалары бар. Осында И. Сапарбаевтың «Цыған серенадасы», Ш. Айтматовтың «Жанпида», М. Әуезовтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» және т.б. сияқты спектакльдер бар. Театр фестивальдерге белсенді қатысып, бірнеше рет Шымкент қаласының мәдени өмірінде жоғары марапаттарына ие болды. Соңғы жылдары театрдың шығармашылық жолында Қазақстан Республиканың және жақын шетел елдерінің театр алаңдарында сәтті өткен қойылымдары болған.

2001 жылы театр Өзбекстан Республикасына гастрольге барды.

2002 жылы театр Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклімен Петропавл қаласындағы Х Театрлардың Республикалық фестиваліне қатысқан.

2003 жылы И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» спектаклімен М.Өтемісовтің 200 жылдығына арналған Орал қаласындағы ХІ Республикалық фестиваліне қатысты.

2004 жылы өзінің 70-жылдығын театрдың өзгермейтін классикасымен, Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклімен атам өтті.

2005 жылы театр әртістері А. Әкелеев, С. Жақыпов, А. Маханова Қ. Жандарбековтың 100 – жылдығына арналған Кәсіби театрларының әншілердің Республикалық байқауына қатысып, ижүлделі орындарға ие болды.

Театр ұжымы 151 адамнан тұрады, олардың ішінде 77 адам театр қойылымдарында тікелей ойнайтын актерлер. 2006 жылдың 4 сәуірден театр директоры ҚР мәдениет қайраткері Бастарбек Пірімбетов болды. Театрдың көркем жетекшісі және бас режиссері ҚР халық әртісі Ерғали Оразымбетов болды.

Бұгінгі күнде театрда Қазақстандағы театр өнері корифейлерінің бірі, ҚР халық әртісі Айша Абдуллина, ҚР халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Ақсақал Қалмырзаев, ҚР еңбек сіңірген әртістері Ошат Рахимов, Сапар Өтемісов, Құпия Рахымбердиева, ҚР мәдениет қайраткерлері Еркін Шымырқұлов, Ғазиза Әсенова және т.б. еңбектеніп, жұмыс істеп жүр.

2014 жылы театр өзінің 80-жылдығын тойлады, өзінің жасына қарамай Ж. Шанин атындағы театр әрқашан батыл шығармашылық эксперименттеріне дайын және әр театр маусымы сайын көрермендерді жаңа спектакльдердің тұсаукесерлерімен қуантып отырады.

  • Достарға әңгімеле:
Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан.

Ескерткіштер
Қарашаш ана кесенесі

Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры Шымкент қаласының Әл Фараби алаңында орналасқан. Театр Қазақстанда өзінің өзгеше және дарында қойылымдарымен, сонымен қатар тарихымен белгілі, бұл Қазақстанда ашылған алғашқы театрларының бірі болып табылатынын айтсақ жеткілікті.

Ескерткіштер
«Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры»

Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры Шымкент қаласының Әл Фараби алаңында орналасқан. Театр Қазақстанда өзінің өзгеше және дарында қойылымдарымен, сонымен қатар тарихымен белгілі, бұл Қазақстанда ашылған алғашқы театрларының бірі болып табылатынын айтсақ жеткілікті.