Ақтөбе қаласындағы мәдени өмірінің көптеген ошақтарының арасында Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясы ерекше орынға ие. Қазақстандағы алғашқы филармонияларының бірі соғыстың ауыр жылдарында ашылды. 1944 жылдың қыркүйегінде филармония залында қазақ халқының музыкасы және әлемдік классикасының туындылары естілді, сол кезден бері 70 жыл бойы филармонияның шығармашылық ұжымдары музыка әуесқойларын ұлы музыкалық туындыларының орындалуымен қуантып отырады.
1998 жылы Ақтөбе облысының филармониясы сөзсіз шығармашылық жетістіктері үшін ҚР көрнекті музыка қайраткері, КСРО халық әртісі, композитор Ғазиза Жұбанованың есімі берілген.
Түрлі уақыт кезеңдерінде Ақтөбе облысының филармониясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Р. Ақжарова, Г. Қойшыбаева, Т. Оспанов, Ж. Сейілов және т.б. жұмыс істеген.
2002 жылы Ақтөбе облысының Әкімшілігі Ғазиза Жұбанова атындағы филармониясына Химиктердің мәдениет үйінің бұрынғы ғимратын тапсыру жайында шешім қабылдады. 2004 жылы ғимарат күрделі жөндеу мен қайта қалпына келтіруден өтті, одан кейін ғимаратта жоғары деңгейдегі мәдени іс-шараларын дайындау және өткізу үшін қазіргі стандарттарға толығымен сәйкес бола алды. Қазіргі кезде филармонияда 400 астам орны бар салтанатты көрермендер залы бар. Зал сахнасы дыбыстық және жарық техникалық жабыдығымен қамтамасыз етілген. Филармония ұжымдарының әр қайсысында кең репетициялық залдарда күнделікті сабақтарды өткізу мүмкіндігі пайда болды.
Ғазиза Жұбанова атындағы филармонияның басты міндеті қазақ халқының тарихына тамырымен кеткен ұлттық музыкалық өнерін насихаттау болып табылады.
Филармония құрамына қазақтың халық аспаптарының оркестрі, камералық хоры, «Аққу» би ансамблі, классикалық музыка ансамблі, сонымен қатар «Саз» балалар студиясы кіреді.
Қазақ халық аспаптарының оркестрі 2003 жылы құрылған. Оркестрдің көркем жетекшісі бас дирижер, ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор К. Қожанбаев болып табылады. 2007 жылдың қаңтарында қазақ халық оркестріне Ахмет Жұбановтың аты берілген. Оркестр репертуарында халық күйлер, қазақ және шетел композиторларының туындылары бар. А. Жұбановтың оркестрі «Еуропа-Азия-2007» оркестрлер мен халық аспаптар ансамбльдерінің халықаралық фестивалі (РФ Магниторск қ.) Гран-При иегері болды.
Камералық хор Ақтөбе облысында ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстандағы басты хор ұжымдарының бірі болып табылады. Хор жетекшісі А. Имұхамбетова болып табылады. Хор репертуары үнемі қазақстандық пен шетел композиторларының жаңа туындыларымен толықтырылады. Камералық хордың гастрольдері Қазақстанның барлық қалаларында және жақын орналасқан шетел елдерінде өтіп жатады, ол «Жұбанов көктемі -2007» хор музыкасының халықаралық фестивалінің (Ақтөбе қ.) лауреаты болып табылады.
«Аққу» би ансамблі 2000 жылы құрылған. Көркем жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г. Мамбетова болып табылады. 2003 жылы ансамбль «Шабыт-2003» Халықаралық фестивалінің (Астана қ.) І дәрежесіндегі лауреаты болды. Ансамбль ұжымы Ш. Жиенқұлова атындағы Республикалық байқауының дипломанты, Қырымдағы, Түркиядағы Халықаралық фестивальдерінің лауреаты болды, Сирия астанасы Дамаск қаласында өткен Халықаралық халық шығармашылығы фестиваліне қатысқан.
Марат Айтымов басқарған классикалық музыка ансамблі түрлі дауыстарға ие болатын және түрлі техниканы меңгерген солисттердің бірлестігі болып табылады. Ансамбльдің көркем жетекшісі М. Айтымов болып табылады. Ансамбль ұжымы шығармашылығы жағынан кәсіби шеберлігінің жоғарылаумен қатар репертуарын ақтөбелік және қазақстандық композиторларының туындыларымен, қазақ халық әуендерінің өңдеулерімен, орыс және Батыс Еуропалық классикалық музыкасының үлгілерімен толықтырып отырады. Ансамбль құрамында жетекші солисттер, халықаралық және республикалық фестивальдері мен байқауларының лауреаттары: Марат Айтымов, Свелана Айтбаева, Жайлау Асылханов, Жұлдыз Нұрқасымова және т.б. бар.
«Саз» балалар студиясы 2006 жылы ашылды. Студияның көркем жетекшісі Н. Малиновская болып табылады. «Саз» студиясында вокал ансамблі, хореаграфиялық ансамбль, балалар хоры, би ұжымы, эстрадалық-үрмелі ансамбль және қазақ халық аспаптарының ансамбль бар. Өзінің жас болғанына қарамастан, «Саз» хореаграфиялық ансамблі Гран-При иегері болды, ал қазақ халық аспаптарының ансамблі «Айналайын-2006» Халықаралық фестиваль байқауында II дәрежедегі лауреат болып атанды.
Ғазиза Жұбанова атындағы филармонияның әр ұжымы туралы ұзақ әңгіме айтуға болады, одан да олардың өнер көрсеткендерін өз көзімен көру және өзгеше және дарынды шығармашылығымен танысу жөн болады. Филармония залы әрдайым музыкалық өнерінің әуесқойлары үшін ашық.