Батыс Қазақстанда Шопан ата қорымы мен жерасты мешіті бұрыннан белгілі, жергілікті тұрғындар үшін осы жерлер өткен уақыттың ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар өзгеше рухани орталықтары болып табылады.
Шопан ата діни кешені Маңғыстау облысының Ескіөзен қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіштердің ауданы мен саны бойынша (шамамен 2 мың), ол Батыс Қазақстанның жерлеу-діни құрылыстардың ең ірі көне кешендердің бірі болып саналады.
Аңыз бойынша, бақташылардың қолаушысы түркістандық шайқысы Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті болып табылған. Ізбасарларын оқытқаннан кейін Ахмет Яссауи оларды киіз үйде жинаған. Оларға шаңырақ арқылы садақ ату керек еді. Ал жебелерін тапқан жерлерінде сопылық негіздерін уағыздайтын болады. Шопан атаның шәкірті жебесін бай мал өсіруші Баянның ауылы жанындағы тауда тапты және байға бақташы болып жалданады. Дегенмен кейін Баян қызметкелерінің арасында ерекше кісі болғанын түсініп, оны қызына үйлендіреді. Кейін Шопан ата жебесі түскен сол таудың етегінде жер асты мешіт салды.
Қорым жарты шөлдің тегіс ландшафтта төбелердің етек баурайында орналасқан. Оның жанында құдықтар мен қыстау және Ұлы жібек жолының көне жолдарының бірі бойымен осында келген қажыға барушыларға арналған тұстас кешені орналасқан. Маңғыстаудан Хорезмге дейінгі көне керуен жолында болып, ескерткіш әрқашан қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары аса құрметтеген нысан болған.
Шопан ата бұл өзгеше қорым: осында Маңғыстау мен Батыс Қазақстанға тән мемориалдық-діни ескерткіштерінің барлық типтерін кездестіруге болады.
Қорымның кешені ек бөлікке анық бөлінген: қазақ (адай) және түрікмен. Оның орталық орны жайлардың кіру ойықтары киелі тұт ағашы мен дәрет алуға арналған тас су қоймасы орналасқан өзгеше аулаға бағытталу үшін шеңбер бойымен ізбес жынысында салынған бірнеше жайлардан құрылған жер асты мешіті болып табылады. Мешіттің басты орны михраб, намазға, демалуға арналған жай, құжыра орналасқан солтүстік-шығыс жанасқан жайлардың тобы болып табылады. Шопан ата мешітін (басқа мешіттер сияқты – Шақпақ ата, Бекет ата және т.б.) үңгірлік деп атау жөн болған еді, себебі жайлардың едендері мешіттің «аула» күндізгі үстіңгі беттерінің деңгейінде орналасқан.
Мешіттен батысқа және солтүстік-батысқа қарай жатқан бүкіл территорияны, негізінен, орта ғасырлық түрікмен ескерткіштері алып жатады. Олардың арасында «қойтас» түріндегі көптеген тастар, сонымен қатар көне дуалдар, жәшік-саркофактар, стела-ферттер, өңдеоген тас тақталар-стелалар, стиль бойынша салынған тастар бар.
Басқа ескерткіштердің арасында көне бейнесінің айқындығымен құмтастың тақталарынан құрылған дуалдар мен саркофактар ерекшеленеді. Соңғылары батыс жағынан қазақтардың руы табынның белгілері кездесетін тамғалары бар өңделген стелалармен жиі белгіленгенген. Дуалдар шеттерінен антропоморлық стелалармен срек белгіленген. Қорымның батыс бөлігінің ерекшелігі формасы бойынша итбалыққа ұқсас стиль бойынша салынған, сонымен қатар бекіренің пішіндік бейнесі бар бірнеше құлпытастар болып табылады.
Тек қазақ ескерткіштері шоғырланған қорымның шығыс бөлігінде көптеген сағанатамдар, күмбездік кесенелер, құлпытастар, құлпытастар мен қойтастар, үштас түріндегі тастар бар. Осындағы жерлеу құрылыстары сәулет формалары бойынша айтарлықтай әр қилы, қолданбалы безендіруінің толықтығымен ереккшеленеді (көлемдік, тегіс бедерлі, пішін бойынша ою, бояу). Оның материалы ретінде ізбес-құмтастың кесілген блоктары алынған. Ірі объекттер арасында кесенелер сияқты, бас қасбеттерімен оңтүстікке бағытталған сағанатамдар басым.
Ғалымдар Шопан ата қорымын 1952 жылы Малбағар Мендіқұлов басқарған сәулет экспедициялары кезінде зерттеуді бастады. 1977-1978 жж. Қорымды Қазақ КСР Мәдениет Министрлігі, ал 1982 жылы Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау Республикалық қоғамы зерттеген.
1982 жылдан бастап Шопан ата қорымы мемлекеттік қорғауы астына алынған. Бүгінгі күнде бұл тек тарихи сәулет ескерткіші болмай, сонымен қатар қажылық еткен туристтердің көпшілігін өзіне тартатын діни, киелі орын болып саналады.