Мекен-жай: Астана қаласы, Республика даңғылы, 2. Телефон: +7(7172) 44-32-65

Назарбаев орталығы Қазақстан тарихын зерттеу мен дәріптеу, тарихи мұраны сақтау мақсатында 2012 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. «Назарбаев орталығы» оған 2012 жылдың наурызында бұрынғы Қазақстан Республикасының Президенттік Мәдениет орталығының қосылуы арқылы қайтадан ұйымдастырылған.

Назарбаев орталығының ғимараты Астананың ең әдемі көзге көрінерлік орындарының бірі болып табылады. Мұражай Дүниежүзі бөліктеріне төрт нұрын беретін үлкен, дөңгелекғ бес қабатты ғимаратта орналасқан. Бұл құрылыс қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін және қазіргі сәулетті біріктіреді. Назарбаев орталығының жалпы ауданы - 20315,0 ш.м. Мұражай ғимаратының төбесінде жерден 38,5 метр биіктікте орналасқан күмбез қойылған.

Назарбаев орталық мұражайының экспозициясы археологияға, этнографияға, тарихқа және өнерге байланысты 143 мың затты қамтиды. Мұражайы қоры үш бөлімнен тұрады: " Тәуелсіз Қазақстан және оның Алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев"; археология қоры; жазу дереккөздері мен ақпарат қоры.

Археология бөлімінде 1998 жылы Берел ауылының маңындағы қорғанның ашылуына арналған «Берел алтыны» жинақтамасы берілген. Алғашқы көшпенділер дәуіріне (б.з.б. IV-ІІІ ғғ.) қатысты бірегей жасандылары мен тұрмыс бұйымдары мәңгілік тоңның арқасында алғашқы қалпын сақтады. Археогтар тәжірибесінде осындай табылған заттар сирек кездеседі. Этнографиялық жинақтамада қазақ халқының тұрмыс салтын көрсететін экспонаттар берілген, олар: киіз үй, жиһаз, ыдыс, киім, әшекейлер және т.б. Қалыңдықтың бас киімі – XIX ғасырдың басында жасалған сәукеле ең көрнекті және бағалы экспонат болып табылады . 315 экспонаттан тұрған Б. Сарыбаевтың жеке музыкалық аспаптар жинағы келушілердің көңідін тартады. Олардың әрқайсысы қайталанбас ерекшеліктерге ие. Асапатардың материалдары ретінде қыш, қамыс, ағаш, сүйек пен мүйіз, сіңір мен жылқы қылы қолданылған.

Нурсултана Назарбаева Тұнғыш Президенті мен Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған қорда тәуелсіз Қазақстанның маңызды құжаттар мен заң актілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін баяндайтын мәліметтер бар. Залдарда таяу және қиыр шет елдерінің көшбасшылары мен үкіметтерінің Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлаған сыйлықтар жинақтамасы берілген.

Назарбаев орталығының кітапхана қоры 619 мыңнан астам сақтау бірліктерінен тұрады. Мұнда Қазақстан тарихының бағылы дереккөздері, қоғамдық және ғылыми әдебиеттің үлкен қоры берілген. Кітапхана пайдаланушыларға отандық және шетел ақпараттық ресурстарының мәліметтер электрондық базаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітап қорының ең бағалы бөлігі – 3000 астам үлгілері бар XVII ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы аралығындағы сирек шығарылымдардың жинағы болып келеді.

2013жылы мұражайда жаңа зал ашылды - «Сақ көсемінің қорғаны». Мұнда б.з.б. І мыңжылдықтың соңында қазақ Алтайын мекендеген сақ тайпаларының өмірі жайындағы дәлелдер берілген. Зал экспонаттары Берел қорғанындағы жасалған қазба жұмыстары кезінде табылған. Залда ер адам мен әйел адамның тас табыттары, үш жылқының сүйектері, аттың салтанатты әбзелдері берілген. Барлығы 40 бірегей тарихи зат көрсетілген. Суретші Крым Алтынбеков қайта құрастыру жұмысын жасаған. Белгілі жаңғыртушы сақ мәдениетінің ұлы ескерткіштерін - «Алтын адамды» қайта құрастырған.

  • Достарға әңгімеле:
«Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалдық кешені 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. «Атамекен» этнокешенін құрудағы және қызметінің негізгі мақсаты тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты оларға араластыру, Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның барлық табиғи аймақтары мен экономикалық жетістіктерінің көптүрлілігін көрсету, мәдени құндылықтарды сақтау және еселей түсу болып табылады.

Мұражайлар
Атамекен — Қазақстанның пішінді картасы, ашық аспан астындағы бірегей мұражай

«Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалдық кешені 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. «Атамекен» этнокешенін құрудағы және қызметінің негізгі мақсаты тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықты оларға араластыру, Қазақстан мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның барлық табиғи аймақтары мен экономикалық жетістіктерінің көптүрлілігін көрсету, мәдени құндылықтарды сақтау және еселей түсу болып табылады.

Әйгілі ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің әдеби-мемориалдық мұражайы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің шешімімен 1988 жылғы 20 ақпанда қазір Астана ретінде танымал Целиноград қаласында ашылды.

Мұражайлар
Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражай