Атырау қаласынан 20-30 минуттық жүрісте “Хан Ордалы Сарайшық" деген бірегей мемлекеттік мұражай қорығы орналасқан. Осы өңірге келетін саяхатшылар міндетті түрде уақыт тауып, осы таңғажайып жерді көрулері жөн, олардың алдынан құпияға толы Ұлы дала тарихының әлемі ашылады. «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорығы археологиялық қазбалар жұмыстары жасалған көптеген жылдар бойы ғалымдар жинаған объекттер мен экспонаттарға сүйене отырып, 1999 жылы ашылды. Мұражайдың өзінен басқа мұражай кешеніне Хандар Пантеоны, сондай-ақ Сарайшық көне қаласының ғимараттарының қираған үйінділері мен бекініс қабырғалары кіреді. Мұражайда Сарайшық қаласының қайта салынған үлгісін көруге болады, онда қаланың XIV ғасырдағы дәлме-дәл түрі бейнеленген. Ғалымдар археологиялық қазба жұмыстары кезінде жинаған экспонаттардың бай топтамасы қызықтырады. Топтама Сарайшық қаласы бар болғандағы бірнеше ғасырлар бойы қала тұрғындарының тұрмысын қаз қалпында көрсетеді. Мұражайдан басқа кешен құрамына 17 метр биіктіктегі сегіз қабырғалы ғимарат болып табылатын Хандар Пантеоны (авторыАтырау облысының бұрынғы әкімі, қазіргі кезде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов) кіреді. Пантеон қабырғалары арасына Сарайшықта жерленген жет ханға арнап құлпытастар орнатылған. Қара мәрмәрге хандардың есімдері мен хандық құрған мезгілдері қашалып жазылған.

Хандар:

Мөңке-Темір (1266-1282 жж.)

Тоқтағы (Тоқты) (1291-1312 жж.)

Жәнібек (1343-1353 жж.)

Әмір Оқас (1440-1447 жж.)

Қасым хан (1511-1518 жж.)

Ших Мамай (1542-1549 жж.)

Жүсіп (Юсуп) (1549-1554 жж.).


Тарихқа құмар барлық адамдар үшін нағыз қызығушылықты, әрине, көне қаланың қираған үйінділері танытқызады. Оларды аралап жүрген кезде, қиялға беріліп, өзіңді ұлы хандардың замандасы мен олардың шайқастары мен жеңістеріне қатысты етіп сезіне аласың. Сарайшық қаласы ақырында Алтын Орда мемлекетінің негізі болған Жошы ұлысы пайда болу кезінде салынған. Осы қала пайдалы георгафиялық орынға ие болған, Еуропа мен Азия қиылысуында орналасып, Хорезмге, Үндістан мен Қытайға апаратын Еуропа мен Алтын Ордадан шығатын керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бекініс орны болған. Керуендердің жиі сапарлары мен сауданың өсуі Сарайшықтың гүлденуіне негіз болған, қала өсіп, тек әскери маңызға ғана ие болған жоқ. Орталық үйлер айналасында түрлі халық, яғни кәсіпшілердің, ерікті тұрғындардың, саудагерлердің тұратын жерлері пайда болды. Қала түзу де кең көшелері мен алаңдарымен ойланып жобаланған. Сарайшықта салтанатты сарайлар, керуен сарайлары, моншалар, мешіттер, медреселер мен басқа да ғаламат сарайлар салынып жатқан. Оларды шығыстың атақты сәулет мектептерінен шыққан дарынды шеберлері тұрғызған. 1334 жылы арабтың белгілі саяхатшысы ибн Батута көне қалажайында жазылған: “Сарайшық Бағдаттан кейін әлемдегі ең ірі қала болып табылады. Орталықта хан сарайы орналасқан, онда төрт мешіт пен көптеген керуен сарайлары бар. Қала айналасында 11 метр биіктіктегі бекініс қабырғасы көрініп тұр, оның қалыңдығы төрт метрге тең. Бірақ ең таңқаларлығы – әр үйде су бар».

Сарайшық үздіксіз шапқыншылықтар мен ұрыстар кезінде өркендеген, тағдыр көне қаланы аяған жоқ және 1395 жылы қаланы ұлы басқыншы Темірдің әскері талқандады.

ХV ғасырдың басында Сарайшық қайта қалпына келтірілген және тіпті Ноғай Ордасы хандарының ордасы болып аталды. Дәл осы жерде Ноғай Ордасының хандар ордасы, ал одан кейін алғашқы қазақ хандарының ордасы орналасқан. Сарайшықта жеті хан, солардың ішінде қазақ ханы Қасым ханы жерленген деп айтылады. Тарихта Сарайшық тағы 100 жыл өмір сүреді, 1580 жылы қаланы «ұры», яғни Мәскеу патшасы Иван Грозныйдың бақылауына көнбейтін казактары жаулап, талқандады.

Өкінішке орай, тағдыр қазіргі кезде де көне қалаға қайырымсыз болып тұр. Орал өзен арнасы өзгеріп, жағаны шайып, көне қаланың қалдықтары су астына кетіп жытыр. Осында өткізілген археологиялық қазба жұмыстары көне қаланың бейнесін және қала тұрғындарының тұрмыс заттарын сақтауға әлденеше рет мүмкіндік берді, осының бәрін «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығына барып көруге болады.


  • Достарға әңгімеле:
Ақмешіт - тек тарихи және көркем мағына ғана емес, сонымен қатар зор рухани мағынаға ие болатын ескерткіштердің ансамблі. Ансамбль Атырау облысының Жылыой ауданында Аккиізтой аулынан солтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан.

Ескерткіштер
Ақмешіт – Бекет

Ақмешіт - тек тарихи және көркем мағына ғана емес, сонымен қатар зор рухани мағынаға ие болатын ескерткіштердің ансамблі. Ансамбль Атырау облысының Жылыой ауданында Аккиізтой аулынан солтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан.

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.

Ескерткіштер
Махамбет Өтемісұлының жерленген жері (мазары)

19 ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны, еркін ойлы мен көтеріліс рухтандырушысы Махамбет Өтемісұлының жерленген жері Атырау облысының Индер ауданы, Индербор ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан.