2000 жылы 12 тамыз айындағы № 1246 ҚР Үкімет Жарлығымен «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы» құрылды. Қазіргі кезде ұлттық саябақтың жалпы ауданы 83510 гектарды алып жатыр, олардың 47,4 мың га орман алып жатыр.Ұлттық саябақ республикалық маңызындағы ерекше қорғалынатын табиғи территориялар жүйесіне кіретін табиғи қорғалынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Бурабай» МҰТС территориясында өсімдіктердің 757 түрі өседі. Олардың 109 қорғау қажет. 12 Қазақстанның Қызыл кітабына кіргізілді. Өсімдік әлемінің сан алуандығының арқасында жануарлар әлемі бай болып келеді: осында жануардың 305 түрі мекендейді, бұл Қазақстанның жануарлар әлемінің 36% құрған, сонымен бірге олардың 40% ғана осы жерде мекендеу ареалының шегінде мекендейді, 13 түрі Қызыл кітабына кіргізілді.

Табиғат мұражайы Бурабай шипажай аймағының визит картасы болып табылады. Мұражай Бурабай ауылы, Кенесары, 38 көшесі мекен-жайындағы жаңа ғимаратта орналасқан. Осы мұражайда болған келушілер ұлттық саябақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемі, табиғатты қорғау бойынша қабылданатан іс шаралар мен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар жайындағы толық мәліметті біле алады.

Адамзатты табиғатпен жақындау, сонымен қатар табиғатты қорғау бойынша іс шараларды насихаттау мұражай экспозициясының идеясы болып табылады. Мұражай топтамасында ғылыми және танымдық құндылыққа ие болатын бірегей экспонаттар жиналған.

Мұражайдың үш көрмелік залдарында аймақтың жануарлар әлемі көрсетілген: сүтқоректілер, құстар, жәндіктер, жалпы 1 500 экспонат бар.

Бірінші залда аумақтың даласы мен ормандарда жануарлар тұлыптары көрсетілген, осында жәндіктердің үлкен топтамасы орналасқан.

Екінші зал келушілерді жануарлар әлемінің құстарымен таныстырады, осында суда жүзетіндердің 32 түрі мен шабындық құстардың 19 түрі көрсетілген.Барлық тұлыптарды жоғары білімді таксидермист шеберлер жасаған, олар жануарлар мен құстардың табиғи өмірінен алынған көріністерге ұқсас табиғи қалыпта жасалған.

Үшінші зал аймақ жануарлар әлеміне арналған, мұражай стендерінде гербарий, тұқым топтамасы орналасқан, ағаштар аурулары көрнекті көрсетілген. «Бурабай» МҰТС және Шучинск-Бурабай шипажай аймағының территориясының шолу үлгісі экспозиция орталығы болып табылады.

Жеке экспозиция екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Бурабайда өмір сүрген және жұмыс істеген атақты ғалымдар мен академиктер жайында айтады, осында жеке заттар, кітаптар, құжаттар және фотоматериалдар көрсетілген.

Мұражай ғимаратында қазіргі кездің инфрақұрылымы бар, келушілер кафе, интернет-орталығының, конференц-залының қызметін пайдалана алады. Осы жерде ұлттық саябақтың бай табиғатына арналған лекциялар мен шолу экскурсиялар үнемі өткізіледі.

«Табиғат мұражайы» территориясында арнайы хайуанаттар бағы ұйымдастырылды, осында табиғат жағдайына ұқсас кең торлы жайларда бұғылар, еліктер, суырлар, борсықтар, қабандар бар. Жеке торлы жайларда құстар тұрады: аққулар, үйректер, қаздар, тырналар.

Хайуанаттар бағында осы аймақты мекендейтін жыртқыш аңдар да бар: аюлар, қасқырлар, түлкілер және т.б.

Шағын хайуанаттар бағына келетін адамдардың сүйіктілері түйеқұстар, түйелер, аласа жылқылар, бұғылар, тауыстар болып табылады.

Хайуанаттар бағында жануаралардың шамамен 30 түрі бар.

«Табиғат мұражайының» мақсаты көптеген саяхатшыларды өлкенің бай табиғатымен таныстыру, оның мәселелері, ұлттық саябағының жануарлар мен өсімдіктер әлемдерін қорғау үшін қабылданатын іс шаралар жайында айту болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Атбасар тарихи-өлкетану мұражайы

Атбасар тарихи-өлкетану мұражайын тамаша әйел Клара Амирқызы Амирова ашқан, ол экспонаттардың көпшілігін жинап, осы мұражайды құру бойынша бүкіл ұйымдастыру жұмысын жүргізген. 


Мұражайлар
Ерейментау тарихи-өлкетану мұражайы

Ерементау тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстандағы ірі және белгілі мұражайларына жатқызуға болмайды. Әйткенмен, осы шағын және жайлы аудандық мұражайында осы өлкенің тарихы мен қазақтың атақты жауынгері Бөгенбай батыр жайында айтатын экспонаттардың топтамасы бар. Мұражай ауылдың орталығында кең бір қабатты үйде, 19 ғасырдың тарихи құрылысында орналасқан.