Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Долинка кенті, Школьная көшесі, 15. Телефон: 8 (72156) 5-82-22


Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына естелік мұражайы Қазақстан аумағындағы ең әйгілі түзеу-еңбек лагері Қарлаг аумағында құрылған.



Саяси қуғын-сүргін құрбандарына естелік мұражайы Қазақстан Республикасы Президенті тапсырысына сәйкес Қарағанды облысы әкімінің 24.02.2001ж. өкімімен Карлагтың ерікті қызметкерлеріне арналған бұрынғы емхана ғимаратында құрылған болатын. Мұражай үш экспозициялық залдан тұрды: негізгі композиция (52 ш.м.) залы, қолданыстағы кітапхана және Долинка тарихы залы. Экпозиция тұжырымдамасы жеке тұлға мен тоталитарлық жүйенің қақтығысы мен қарама-қайшылығана негізделеді. Интерактивті элементтерді қолданудың арқасында жеке және әлеуметтік-тоталитарлықтың қарсылығы драмалық қайшылықты тудырады, кейде көрерменнің өзі де бұған куә бола алады. Экспозиция құрылымын шартты түрде үш деңгейге бөлуге болады: 1) 1930-1950 жж. кезеңіндегі шынайы артефакттерден тұратын деңгей; 2) жасанды түрде «ескертілген» (мысалы, құжаттардың көшірмелері) түпнұсқалардың көшірмелерінен тұратын деңгей; 3) архитектоникалық көмкеру – ішкі көріністің стационарлық элементтерінен (қабырғалар, қуыстар, терезелер) тұратын сәулеттің экспозициялық деңгейі. Мұражай қорында түпнұсқалы экспонаттардың тым аз екендігін ескере отырып, экспозиция дәуір образын айқын суреттеу үшін көркемөнер тәсілдерін қолдана отырып архитектоникалық көмкеруді жандандыру әдісі негізінде құрылған. Мұражайдың ақпараттық мағыналық толтырылуының көп бөлігін бірікпеген бөлек парақтардағы құжат көшірмелері және жазаланғандардың сөзінен жазылған естеліктер, яғни, материалды құжат-түпнұсқа ретінде мұражайлық құндылығы жоқ, бірақ тарихи тұрғыдан шүбәсіз ауызша айтылған айғақтар құрайды. Сондықтан экспозицияның негізгі суреттеу құралдарының бірі экспонаттар тұрған қуыстардағы дәуірдің тарихи құжаттарының көшірмелерінен, сондай-ақ бұрынғы тұтқындардың шынайы естеліктері мәтіндерінен құрастырылған фотопаннолар, бір қабырғадағы қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдардың портреттерінен жасалған фотоколлаж және фотосуреттер болып табылады.



2010 жылы Қарағанды облысы әкімі және Қарағанды қаласының мәдениет басқармасы департаментінің бастамашылығымен мұражайды кеңейту туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта Карлаг ОГПУ басқармасының бұрынғы ғимаратының аумағы бөлініп берілді.



Карлаг ОГПУ басқармасының бұрынғы ғимараты сәулетшілер тобымен (авторы және консультант атақты совет сәулетшісі И.А. Фомин болған деп жорамалдайды сарапшылар) 1933-1935 жж. жобаланып, мыңдаған тұтқындардың күшімен салынған. Жалпы алаңы 3,5 мың ш.м. 2-қабатты ғимарат (қосалқы орын-жайлар ретінде пайдаланылған жертөле бөлігін қоспағанда) «сталиндік жаңа классицизм» кезеңіндегі қатаң классикалық стильде ұстанған. 1961 жылы басқарма орын-жайында ауыл шаруашылық техникум орналасқан. 1971 жылдан 90-жылдардың басына дейін балалар шипажайы «Бригантина» болды.



Мұражайдың жалпы экспозициялық алаңы 2078,645 ш.м. құрайды – 17 экспозициялық зал. Мұражайдың тақырыптық залдары саяси қуғын-сүргіннің түрлі кезеңдері тарихын ашады. Олардың ішінде Қазақстандағы 20-30 жылдардағы аштыққа арналған зал; Карлагтың құрылу тарихы залы; жазасын арнайы лагерьлерде өтеген әйелдер мен балаларға арналған зал; Карлаг тұтқындарының фотосуреттері мен биографиялық деректері көрсетілген зал; халықтарды жер аудару кезінде 30-40 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғылым және мәдениет қайраткерлеріне арналған залдар; лагерь тұтқындарының өнеркәсіптік және ғылыми қөызметіне арналған залдар, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтарға арналған залдар мол экспозициясымен ерекшеленеді.



Келушілерге лагерь орын-жайларының егжей-тегжейлі қалпына келтірілген инсталляциясы ең күшті әсер қалдырады. Карцер, зындан, ерлер және әйелдер камералары, бокс, азаптау камерасы және ату камерасы – жабдық бұйымдары мен тұтқындардың бейнелері қосыла келе лагерьдің шынайы орын-жайларын қайталайды.

Лагерьдің аумағы периметр бойына шамдары бар ағаш бағаналармен қоршалған. Дәліз шамдарының плафондары да мұражай экспонаттары және ХХ ғасырдың 30-жылдарына жатады.



Жалпы, мұражайдың дәліздерімен жүре отырып жүздеген адамдарды қуғын-сүргінге ұшыратып көзін құртқан тоталитарлық режимнің зұлмат уақыт қатпарына кіргендей боласын.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Қарағанды облысының бейнелеу өнерінің мұражайы

Қарағандының мұражайлары мен мәдени көрікті жерлерінің арасында, бейнелеу өнерінің облыстық мұражайы ерекше орынға ие, ең бастысы ол өзінің бай және бірегей экспозициясымен қызықты болып келеді. Мұражай құрушылары мен жетекшілері мұражайдың біршама қысқа өміріне қарамастан, таңғаларлық топтаманы жинай алды.


Мұражайлар
Жезқазған тарихи – өлкетану мұражайы

Жезқазған тарихи – өлкетану мұражайы 1978 жылы ашылған. Ол жезқазған тау – металлург комбинатының тарихи – өндірістік мұражайы негізінде құрылған. 1983 жылы мұражайға қазіргі Алашахан даңғылы бойынша орналасқан ғимараты берілген.