Шағын Форт-Шевченко қаласы Маңғышлақ түбегіндегі ең көне елді мекендерінің бірі, шекарадағы бұрынғы форпост болып табылады. Өзінің шағын көлеміне қарамастан, осы қала тарихқа толы, осында көптеген көрікті жерлер мен бірнеше бірегей мұражайлар бар.

Маңғышлақ балық аулау және этнография тарихының мұражайы қала орталығында, «Тарас саябағының» жанында орналасқан, ғимаратта өзгеше құрылыстар бар. Мұражай ғимараты қазақ киіз үйінің стиіліне келтіріліп салынған және ұлттық оюмен безендірілген. Сәулетшліер мен құрылысшылар өз міндеттерін орындағандары соншалықты, көзді жүгіртіп қараған кезде, осы құрылысты шын киіз үй ретінде қабылдауға болады.

Мұражайдың ішкі көрінісін халық шеберлері орындаған және үлкен шеберлікпен жасалған. Мұражайдың кіреберісінде келушілер ашық оюлар мен өрнектердің күрделі өрілістеріне қайран қалып жүреді. Осында бірегей экспонаттар сақталып отырады, мұражай залдарында ұрпақтан ұрпаққа берілетін заттарды көруге болады және өзінің таңғажайып әдемілігімен Маңғышлақ тұрғындарының қатал дала тұрмысын әсемдеген.

Мұражай экспозициясы үш шағын, дегенмен жайлы залдарда орналасқан. Бүгінгі күнде мұражай қорларында бірнеше мың экспонат сақталып жатыр. Олардың көпшілігі түпнұсқалық болып табылады және залдар ішінде танысу үшін қойылған. Бүкіл экспозиция залдарда үш тақырыптық бөлім бойынша, яғни балық аулау, тарих және этнография бойынша бөлінген.

Балық аулау залы осы мұражайдың мақтанышы мен өзгеше бренді болып табылады. Осында Маңғышлақ түбегіндегі балық аулау және балық кәсібінің дамуын баяндайтын бірегей түпнұсқалық экспонаттары қойылған. Нағыз балық кемелері, аулар, түпнұсқалық ескі жабдықтар – осының барлығы балықшыларға олардың қиын да кейде азапты жұмыстарында қажетті болған.

Тарих залында ерте заманнан қазіргі уақытқа дейін Маңғышлақ түбегінің тарихымен байланысты экспонаттардың үлкен топтамасы көрсетілген. Осында осы жерде табылған археологиялық олжалардың шағын топтамасы жиналған. Жаңа және ең жаңа кезеңдеріндегі өлкенің тарихын көрсететін құжаттар мен фотосуреттер және т.б.

Шынымен бірегей экспонаттардың жиналуымен этнография залы мақтана алады. Мұражайға этнографиялық деген атау кездейсоқ берілген жоқ. Осында түбекті мекендейтін халықтардың тұрмысын және мәдениетін көрсететін экспонттардың үлкен топтамасы жиналған. Қарапайым көшпенділердің қазақ ұлттық мәдениеті мен тұрмысына ереекше көңіл қойылған. Мұражайда жүн мен киізден, теріден, ағаштан жасалған бұйымдар, қоржындар, тондар, текеметтер, тері шалбарлар көрсетілген.

Экспозицияның бір бөлігін жануарлардың жақсы өңделген теріден жасалған, халық шеберлері жасаған ыдыс құрайды! Сүт өнімдері мен суға арналған ыдыс – торсық, саба, мес, қауға. Оның жанында ағаштан жасалған ұшталған немесе ойылған сауыттар – ағаш аяқтар бар. Сандықтар, кішкентай шкафтар, балалар бесіктері, қарапайым ескітер өзінің шеберлікпен жасалған өңделуімен және қазақ қол өнершілерінің шеберлігімен таңқалдырады.

Сол заттардағы ұлттық ою эстетикалық жүктемесінен басқа, мағыналық жүктемесіне ие. Мұражай экспонаттарының бірін бірегей деп атауға болады. Ақшыл ұлутастың бетінде көне шебер екі көгершіннің суретін қашап салған. Аңыз бойынша сол тас туған жері үшін өмірін берген батырдың қабірінде тұрған. Адамдар уақытқа қарамай оның ерліктерін есте қалдырған.

Мұражай қызметкерлері еңбекті жұмысты жүргізіп, сол өңірдің тарихы мен мәдениетіне байланысты экспонаттарын бөліктеп жинап отырады. Маңғышлақтың балық аулау тарихы мен этнография мұражайын Қазақстандағы бірегей және өзіндік тақырыптық мұражайлардың бірі деп атаға болады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Тарас Шевченко мұражайы

Украина шекарасынан тыс Тарас Шевченконың ірі мұражайы Қазақстанда Маңғышлақ түбегінде шағын Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Қалаға Украинаның атақты ақынның есімі берілген, себебі 1850-1857 жылдары ол айдалуда болған.

Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасының ең ірі мұражайларының бірі болып табылады. Мұражай 1975 жылы құрылған, оның өлкенің тарих, археология, этнография, табиғат пен мәдениет топтамаларында 52 мыңнан астам экспонат бар, олардың үздіктері табиғат, археология, тарих және этногрфия, қазіргі тарих бөлімдерінен тұратын экспозициялық залдарында қойылған. 

Мұражайлар
Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайы

Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасының ең ірі мұражайларының бірі болып табылады. Мұражай 1975 жылы құрылған, оның өлкенің тарих, археология, этнография, табиғат пен мәдениет топтамаларында 52 мыңнан астам экспонат бар, олардың үздіктері табиғат, археология, тарих және этногрфия, қазіргі тарих бөлімдерінен тұратын экспозициялық залдарында қойылған.