Мекен- жайы: Алматы қаласы,  Қабанбай батыр көшесі қиылысы, Достық даңғылы, 44. Телефоны: +7 (727) 291-23-16

Алматы қаласы тарихының мұражайы 2002 жылы қыркүйек айында ашылған. Көп уақыт бойы тұрақты мекен- жайы болмай, ғимараттан ғимаратқа көшіп жүрген мұражай тек оның қызметкерлері құлшынысының арқасында ғана сақталып келді. Олар археологиялық және құжаттық материалдарды жинау бойынша белсенді жұмыстар атқарған.

Бүгінгі таңда мұражай экспозициясы аумағы 200 м.кв.-ге жететін және 35 мыңнан астам көрме қойылымдары бар жерге орналасқан. Мұражай қала тарихын ашады және қола дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі осы аймақтағы адамдар өмірінің ерекшеліктерінен мәлімет береді. Көрме қойылымдарының негізін мынадай экспонаттар түрі құрайды: суретшілер С.Калмыков, Н.Соловьев, М.Ержанов, М.Нұрлыбаев, А.Уткин жұмыстарымен ұсынылған қолданбалы өнер туындыларының топтамасы, қазақ этнографиясының бірегей жинақтары, сонымен қатар қазір Алматыда мекен ететін халық өкілдері этнографиясы, әртүрлі дәуірлер мен мәдениеттерден құралған заттар коллекциясы, нумизматика, фото және құжаттар.

Мұражай қоры бірнеше бөлімдерге жіктелген. Бірінші бөлімде – археология бөлімінде Алматының барлық скиф – сақ әлемі, түрік әмірлігі кезеңі мен XIV ғасырға дейінгі орта ғасырлықтың басты саяси және сақ орталықтарының біріне айналып тұрған сақ дәуіріндегі (2500 жыл бұрынғы) қала тарихы көрсетіледі. Қызықты көрме қойылымдарының арасынан біздің заманымызға дейінгі V–III ғасырлардағы сақ дәуіріне жататын қола қазандарды ерекше атап кетуге болады.

Археология бөлімі ежелгі әлемнің тұрмысы, діни көріністері, мәдениеті, жерлеу құралдары мен мәдени сәулеттен хабар береді.
«ХХ ғасырдың І жартысындағы Жетісу мен Алматы ауданы» бөлімі экспозициясында Қазақ хандығының құрылу тарихы, Жетісудағы қазақ халқының жоңғар жаулап алушылық әрекеттерімен күресі, сонымен қатар Верналық кезеңі көрсетіледі. Залда Верный қаласындағы сәулет өнері, сауда, мәдениет пен қолөнердің дамуы туралы тарихи материалдармен танысуға болады. Қазақ этнографиясы мен зергерлік әшекей – бұйымдар, Жетісу облыстық генерал – губернаторы Г.Колпаковскийдің жеке қолтаңбасы бар хат, сондай- ақ өткен заманнан ақпар беретін қала тұрмысының заттары келушілердің назарын алады.

Верный қаласының архитектурасы бөлімінде келушілер қала қалыптасуының жоспарлық құрылымы, ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басында қалалық сәулет өнеріне тән стильдердің алуан түрлілігі, қаланы жою қаупін тудырған табиғи апаттарды көре алады. Танымал фотосурет шебері ретінде танылған А.Лейбинмен түсірілген көркем Верный қаласының фотожылнамасы, құрылыс ғылымын дамытуда Жетісудағы сейсмотұрақты құрылыс саласы жаңа бағытының негізін салушы, танымал инженер А.П.Зенковтың жеке заттары мұражай көрермендерінің назарын өздеріне аударып, керемет әсер қалдырары сөзсіз.

«1929 жылдан қазірге дейінгі Алма – ата» бөлімінде 1929 жылы ҚазКСР астанасы ретінде және кейін Қазақстанның саяси, мәдени – экономикалық және әкімшіліктік орталығы ретінде қалыптасқан Алматы қаласы қалыптасуын бейнелейтін материалдар ұсынылған. Бұдан бөлек залда Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы ретіндегі қазіргі Алматыға арналған фотокөрмені де қызықтауға болады. Мұражай экспозициясы үнемі толықтырылып отырады. Жақын арада залда Алматы зоопаркі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарихы, Азиада – 2011 материалдары, сонымен қатар геология, Қуыршақ театры тарихы бойынша түпнұсқалы заттық және фотоматериалдық экспонаттар келіп түсті.

Негізгі ғимараты мен қорынан бөлек мұражайдың құрамына Алматының солтүстік – батыс аймағында 430 га жер аумағында орналасқан, 47 сақ және үйсін қорғандарынан құралған «Боралдайлық сақ қорғандары» атты ерекше археологиялық паркі де енген. Мәдени және табиғи ландшафты сақтап қалған ескерткіштер династиялық патшалық жерлеу кешенінен көрініс береді. Ол жер құрылыс және бүлінулерден аман қалған және қала бетіндегі ерте темір ғасыры дәуірінің жалғыз ескерткіші болып табылады.

Мұражайда ғылыми материалдардың құрылуы мен басып шығарылуға дайындығы жүргізіледі, көрмелер ұйымдастырылады, сондай- ақ шетелде де көрме қойылады: Ресей Федерациясы, Украина, ҚХР, Корея Республикасы, Германия, Франция, Түркия. Мұражайда Қазақстан халық жазушысы Максим Дмитриевич Зверевтің 115 – жылдығына орай «Табиғаттың шынайы ұлы», Алма – атаның астанаға ауыстырылғанына 85 жыл толуына орай «Алматы: тарих мен қазіргі заман», «Алматы Қазақстан суретшілері шығармашылығында», «Жетісу табиғаты», «Алматының археологиялық ескерткіштері» сияқты тақырыптық көрмелер жасалады.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Тур
Алматы қаласы тарихының мұражайы
«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады. 

Мұражайлар
Сирек кітаптарының мұражайы

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кітаптарының мұражайы 2010 жылы ашылғаны Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Мұражай экспозициясының басты мақсаты бірегей басылымдарының үлгісі бойынша кітаптың қолжазбаларынан бастап полиграфияның өнерінің қазіргі үлгілеріне дейінгі өткен жолын көрсету болып табылады. Осыдан басқа, қаланың барлық кітапқұмарларының назарын өзіне мұражай отанның тарихы мен кітап мәдениетін насихаттау орталығы ретінде қаратады.  

Табиғат мұражайы Қазақстан табиғатының өзгерістерін көне заманнан қазіргі кезге дейін көрсететін палеонтологиялық және зоологиялық топтамаларынан тұрады. Алып мүйізтұмсық, зіл және жыртқыш динозаврдың тұқымдасы, алты метрлік тарбозаврдың қаңқалары мұражай мақтанышы болып табылады.

Мұражайлар
Табиғат мұражайы

Табиғат мұражайы Қазақстан табиғатының өзгерістерін көне заманнан қазіргі кезге дейін көрсететін палеонтологиялық және зоологиялық топтамаларынан тұрады. Алып мүйізтұмсық, зіл және жыртқыш динозаврдың тұқымдасы, алты метрлік тарбозаврдың қаңқалары мұражай мақтанышы болып табылады.