Қарағанды облысының Жезді ауылында тау және балқыту ісінің бірегей мұражайы орналасқан. Бұл Қазақстан мен бүкіл Орта Азиядағы бұндай бағдардағы жалғыз мұражай, тек осы мұражайда келушілер көне заманнан бастап біздің уақытымызға жеткен тау-кен ісі мен металлургияның қалыптасуы мен даму тарихымен таныса алады.
Мұражайдан басқа Жезді ауылынан 35 шақырым жерде Қарсақпай ауылында академик Қ. И. Сәтпаевтың мұражай-үйі орналасқан. Мұражайдың екеуі келушілерді Орталық Қазақстандағы тау-кен және металлургиялық өндірісінің қалыптасуы мен даму кезеңдерімен таныстыратын бірыңғай тарихи-мәдени кешені болып табылады.
Тау және балқыту ісінің мұражайының 25-жылдық тарихы бар. Ол 21.12.1988 ж.Қаз КСР Министрлер Кеңесінің Бұйрығымен құрылған. 30.02.1988 жылғы Мәдениет Комитетінің бұйрығымен Қ. И. Сәтпаевтың мұражай үйі 1969 жылы академиктің 70-жылдығына орай ашылған.
Мұражайдың тарихи-мәдени кешені 4 га астам жер алаңын алып жатыр, мұражайдың экспозициялық залдары 800 шаршы шақырымнан астам территориясы бар жайды алып жатыр. Ашық аспан астындағы экспозиция маңызды бқлік болып табылады. Экспонаттар ауданы 870 шаршы шақырымнан асатын арнайы алаңдарда орналасқан.
25 жыл бойы мұражай қызметкерлері жабдықтың, заттардың, құжаттар мен фотосуреттердің және т.б. қомақты топтаманы жинай алды. Бүгінгі күнде мұражай қорларында 14667 экспонат бар, олардың 12028 негізгі қордың экспонаттары, яғни олар мұражай залында көрсетілген.
Ашық аспан астындағы арнайы алаңдарда орналасқан экспозиция ерекше орын алады, осында Жезқазған өңіріндегі барлық кәсіпорындарынан әкелініп жиналған тау-кен техникасы, Жезқазған минералдарының үлгілері, көне заманның әрекетте болған балқыту пештерінің макеттері (б.з.б.ІІ-І м.) және т.б. көрсетілген.
Мұражайдың өзі үш экспозициялық залдан тұрады, оларда дәуірлерге бөлінген тау-кен ісінің тарихы көрсетілген, сонымен бірінші зал келушілерді көне заманның және орта ғасырларының тау және балқыту ісімен таныстырады. Екінші залда 1917 жылға дейінгі өңірдегі тау-кен өндірісін баяндайтын экспонаттар көрсетілген, осында келесі бөлімдер бар: ғалымдар мен саяхатшылардың өңірді зерттегені; алғашқы кәсіпорындардың пайда болуы; ағылшын концессиялары; жұмыс табының пайда болуы және т.б. Үшінші зал кең көлемді болып келеді, ол келесі бөлімдерді қамтиды: өңір кәсіпорындарындағы тау және металлургиялық даму; аймақтағы ауыл шаруышылығы; мәдениет пен әлеуметтік даму; жануарлар және өсімдіктер әлемдері; тақырыбы: “Ғарыш".
Экспонаттар топтамасы бірегей және кез келген тарих әуесқойды немқұрай етіп қалдырмайды, келушілер палеолит және неолит дәуірлерінің тастан жасалған құрал-саймандарымен, жебенің жез және қола ұштықтарынан бастап күрделі қоспадан жасалған ғарыш кемесінің қалдықтарына дейінгі адамның металлды пайдалану тарихымен таныса алады. Британ аралдары, Ақш, Германия, Порт-Артур және тағы басқа жерлердегі экспонаттардың пайда болу географиясы да өте қызықты.
1994 жылы Мұражайға Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев келген, ол осы мұражайдың орны мен мәнін жоғары бағалады. Бүгінгі күнде негізгі экспозициялық қызметінен басқа, мұражай университеттің, арнайы орта оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептерінің оқу базасы болып табылады, осында бай топтама мен ғылыми экспонаттарды пайдаланып, ғылыми-танымдық сабақтар өткізіледі