Ақмола облысының тарих мұражайы 1920 жылы құрылды, бүгінгі күнде ол Қазақстан Республикасының ескі мәдени мекемелердің бірі болып саналады. 1920 жылдың наурыз айында Көкшетау қаласында халық білім беру бөлімі шағын өлкетану мұражайы құрылды. Оның экспозициясының негізіне Колчакпен бірге қашқан атамандар мен жергілікті байлардан тәркіленген түрлі бағалы экспонаттар (ескі қару, шығыс мәдениетінің заттары) кірді. Мұражайды жергілікті атқару комитетінің жұмысшылар тобы – Пригожий, Жуков және т.б.құрды. Кейін мұражайды И.Н. Ульяновпен бірге әскери қызмет атқарған И.С.Хохлов басқарды, ол В.И.Ленинмен гимназист болған кезінді жеке таныс болған.

1904 жылы салынған мұражай ғимараты сәулет және тарих ескерткіші болып табылады. Төңкерістен кейін осында Жұмыс және шаруа депутаттарының алғашқы уездік кеңесі орналасқан. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы осында 1974 бері орналасып тұр.

Мұражай қызметі өлкенің табиғаты мен тарихының, облысты мекендеген халықтарының тұрмысы мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін көрсететін экспонаттарына бағытталған. Қазіргі кезде мұражайда қорлар, тарих пен этнография, археология мен табиғат бөлімдері, бұқаралық-экскурсиялық бөлім жұмыс істейді.

Мұражай қорларында 71 195 экспонат бар. Олардың арасында өлкенің көне және қазіргі тарихын, Ақмола облысын мекендеген халықтардың этнографиясы мен тұрмысын көрсеткен материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері, табиғи-ғылыми топтамалар, фотодеректі материал бар. Мұражайда экмпонаттарды жинау бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр, археологиялық, тпонимикалық, этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылады.

Мұражайдың жаңа өмірі 2013 басталдыгоду, сол кезде ол бірнеше жылға созылған ауқымдық қайтадан қалпына келтіру жұмыстарынан кейін қайтадан ашылды.Енді Қазақстанның көне мұражайы ең жаңа және техникасы жағынан жабдықталған мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай атауын өзгерді, осы кезден бастап ол Ақмола облысының тарихы мұражайы деп аталады.

Жаңа мұражайда жеті экспозициялық зал бар. Осында экспонаттар жайында мәліметті көрсететін сенсор киоскілерін орнатты. Экспозициялар Ақмола облысының тарихын көне заманнан бастап қазірге дейін көрсетеді.

Мұражайдағы ерекше мәртебеге ие болытн зал «Абылай ханның әлемі» деп аталады, осында оның Солтүстік Қазақстан аумағында болғаны жайындағы тарих баяндалған. Көкшетау жері оның атымен тығыз байланысты, осында ұзақ жылдар бойы хан ордасы орналасып тұрған. Бәріне белгілі болған жайт, осы дарынды қолбасшы қазақ мемлекеттілігінің негізін салушысы, елдің тәуелсіздігін күшейтіп, сақтап қалған. Келушілер оның қалпына келтірілген киімін (түпнұсқалығы сақтап қалған емес); ресейлік билеушілермен хат алмасуын, 18ғ.соңы-19ғ.басының «Тейле» фабрикасының, Кузнецовская фабрика зауытының самаурынын, 1768 жылдың ресейлік тиындарын, Екатерина Екіншінің вензелі бар тиындарды көре алады.

Хан жорыққа өзімен бірге алған қайта қалпына келтірілген бүктемелі домбырасы бар. Бөлек стенд ханмен Қытай арасындағы қатынасына арналған –1755ж. қытайлық патшасына жазған қалпына келтірілген хаттар, қытайлық құмыралар және т.б.

Бірегей экспонаттардың бірі Александр Екіншісіне тәж кигізу жорасының кезінде Шыңғыс Уәлихановқа сыйға тартқан түпнұсқа шапаны болып табылады. Оны ұрпақтары шамамен 1970-шы жылдары мұражайға тапсырған.

«Көне тарих пен орта ғасырлар» залы ерекше ықыласқа лайық, осында облыстың Ерементау ауданындағы қазба жұмыстары барысында табылған 6-8 ғасырларының Түркі кезеңінің экспонаттары бар.

Айыртау ауданының Бірлестік ауылында тың игеру жылдары табылған 18 ғасырдың қазақтарының қаруы (түпнұсқалар) көрсетілген.

7-9 ғасырдың орта ғасырлық тиындары, күміспен жалатылған шығыс тостаған, ұытайлық айна Аршалы ауданының Вячеславка ауылында табылған. Дүние жүзінде осындай үш айна бар. Олардың бірі Ақмола обысының тарих мұражайында орналасқан, қалған екеуі Ресейде – Тыва Республикасы мен Санкт-Петербург қаласының мұражайында бар.

Мұражай қызметкерлері белсенді ғылыми және ағартушылық жұмысты атқарып жүр, мұражайдың негізінде «Қазақстан тарихындағы мемлекеттілік рәміздері»; «Қала мен жылдар»; «Көшпенділердің қаруы мен әскери ісі»; «Уақыт пен ақша» (мұражай қорларынан алынған тиындар топтамасы); «Ескі сарайда табылған заттар»; «Шоқан Уәлиханов»; «Облысты мекендген халықтың этнографиясы мен тұрмысы»; «Құстар – біздің досымыз»; «Жер бетінде өмірдің пайда болуы» тақырыптары бойынша лекциялар мен жылжымалы көрмелер, ВВС сериясынан алынған фильмдерді көрсетумен бірге өлке палеонтологиясы жайындағы әңгіме циклі үнемі өткізіледі.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Ерейментау тарихи-өлкетану мұражайы

Ерементау тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстандағы ірі және белгілі мұражайларына жатқызуға болмайды. Әйткенмен, осы шағын және жайлы аудандық мұражайында осы өлкенің тарихы мен қазақтың атақты жауынгері Бөгенбай батыр жайында айтатын экспонаттардың топтамасы бар. Мұражай ауылдың орталығында кең бір қабатты үйде, 19 ғасырдың тарихи құрылысында орналасқан. 


Мұражайлар
Атбасар тарихи-өлкетану мұражайы

Атбасар тарихи-өлкетану мұражайын тамаша әйел Клара Амирқызы Амирова ашқан, ол экспонаттардың көпшілігін жинап, осы мұражайды құру бойынша бүкіл ұйымдастыру жұмысын жүргізген.