2006 жылы Қазақстанда ақын А.С.Пушкиннің жылы болды, дәл осы күнге орай Орал қаласында А.С. Пушкин атындағы әдебиет мұражайы ашылды.

Мұражай қаладағы «атаман үйі» деп аталатын тарихи бөлімі ашылды, ұлы ақын Оралда үш күн бойы тұрып, жұмыс істеген дәл осында 1833 жылы тоқталған. Үй шамамен 1830 жылы салынған, ақынның келуінен бірнеше жыл бұрын итальяндық сәулетші Дильмединоның жобасы бойынша салынған. Кеңес уақытында осында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған әскери госпиталь орналасқан. Мұражай ашылғанның алдында оның іші толық қайтадан қалпына келтіруден өтті, қасбет пен ішкі көріністердің бөлігі қайтадан салынды. Сәулет ескерткіші болып табылатын ғимарат Қазақстандағы орыс әдебиетінің белгісі бола алады, себебі А.С.Пушкиннен басқа осында И. Крылов, В. Даль, В. Жуковский, Т: Шевченко, А. Плещев, М. Шолохов және көптеген басқа да адамдар болды.

Ұлы ақын Пушкин 1833 жылдың қазан айында үш күн бойы Орал қаласында болды. Сол кезде ол оның «История Пугачевского бунта» және «Капитанская дочка» повесінің негізі болған тарихи материалдарын жинап жүрген. Қазақстандықтар үшін Пушкиннің келуі оның мұрағаттарында “Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу” поэмасын тапқанымен қызықты болды. Осы қазақ эпосының мәтіні 1837 жылы “Вестник Пушкинской комиссии” деген басылымда жарияланған. Бес беттегі қолжазбаны белгісіз адам жазды. Бәлкім, орыстың ұлы ақыны үшін қазақ поэманы орыс тілін жақсы білген Кіші жүз ханының Бөкей орданың адамдары жазып берген. Оралдық пушкинтанушысы Николай Щербановтың айтуынша, Пушкиннің қағаздары арасынан қазақ поэмасының болуы қазақ халқының халық-ақындық шығармашылығы қызықты болғанын дәлелдейді. Болжам бойынша Пушкин «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» поэмасының негізінде өзінің поэмасын жазуға шешкен, бірақ ерте қайтыс болғандықтан жоспарлағанын іске асыра алмады.

Мұражай топтамасында бірнеше мың экспонат бар, олардың арасында он тоғызыншы ғасырдың басындағы түпнұсқалық жиһаз пен тұрмыс заттары бар, оларды ұлы ақын жаңа ғана ұстап тұрған сезім пайда болады, А.С. Пушкиннің қайтыс болғаннан кейінгі бет пердесі, оған қарап, оның кейіпін елестете аламыз, А.С. Пушкиннің Орал қаласында болғанын дәліелдейтін көптеген бірегей құжаттар және т.б.

Мұражай қызметкерлері дәуірге сәйкес зал жиһазының ерекшелігін сақтауға тырысты. Мұражай қабырғаларында Пушкиннің қаламызға келуін бейнелейтін суреттер орналасан. Суретшілердің линогравюралары бойынша ұлы ақынның болған жерлерін елестетуге болады: «Успенская шіркеуі», «Петр мен Павелдің шіркеуі», «Михайло-Архангельск соборы», «М. Толкачевтың үйі».

Сонымен қатар тұғырлардың үстінде 19 ғасырда Оралға келген жазушылардың көшірмелері мен түпнұсқалары және Пушкиннің қолжазбаларының түпнұсқалары орналсақан. Мұражай экспозициясында «Капитанская дочка» және «История Пугачевского бунта» кітаптарының көне басаламдары, ақынның қолжазбаларының көшірмесі, Орал бойына келген ақындар мен жазушылардың фотосуреттері мен құжаттандырылған материалдар, А.Пушкиннің Орал қаласына келгенін көрген адамдардың мәліметтері көрсетілген.

Мұражайға алғаш келген қонақтардың арасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин болды, олар экспозиямен мұқият танысып, осындай мәдени байланыстар халықтарымызды жақындастыратынын атап өтті.

Қазіргі кезде Орал мұражайын әлемдегі Пушкиннің мұражайлар тізіміне енгізу жайындағы мәселе қарастырылуда.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
М. Мәметова атындағы мемориалдық мұражай

Батыс Қазақстан облысында 30 астам уақыт бойы Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражай үйі әрекеттейді. Сол уақыт ішінде ол батыр жерлесінің атын есте қалдырудың өзіндік орталығы, соынмен қатар жастарға патриоттық тәрбие беру көпірі болды.


Мұражайлар
С. Мұқанов атындағы мемориалдық мұражай

Қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері, академик Сабит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі Жамбыл ауданы Сабит ауылында орналасқан. Сабит аулындағы мұражай Сабит Мұқановтың ағасының үйінде орналасқан.