«Тың игерушілеріне» монументі Қостанай қаласының ерекше бейресми нышаны болып табылады. Осы монумент қала тарихының және бүкіл Қостанай облысының ең маңызды кезеңдерін бейнелейді. Өткен ғасырдың елуінші жылдары Қостанай облысы тың жерлерді игеру бойынша компанияның негізгі орталығының бірі болды, дәл осы кезден бастап Қостанай елдің сарқылмас қорының ресми емес мәртебесіне ие болды. Тыңды игерудің мақсатқа сәйкестігі кейде еліміздің тарихына қазіргі кездегі көзқарастары жағынан сынауға тартылып отырады, дегенмен үлкен мемлекетті, яғни Кеңес Одағын нанмен қамтамасыз еткен алғашқы тың игерушілері жасаған еңбек ерлігін атамауға болмайды.

«Тың игерушілеріне» монументінің құрылу тарихы бар, ол уақыт пен Кеңес Одағын құрайтын көптеген халықтарының ұжымдық шығармашылық еңбегін көрсетеді.

Монументті тұрғызу идеясы 1973 жылы қазан айында ұсынылған, сол кезде Қостанай тұрғындары Вокзал алдындағы алаңда тың және тыңайған жерлерді игерудің 20-жылдығының құрметіне митингкке шықты. Алғашқы тың игерушілер, комсомолдықтар еркімен келген адамдармен бірге 1954 жылы Қостанайға Мәскеу, Ленинград, Харьков қалаларынан келген алғашқы эшелонды еске алған. 1954 году. Вокзал алдындағы алаңда «Осы жерде тың игерушілеріне арнап монумент тұрғызылады» деген жазуы бар символды тас салынған. Облыс комсомолдықтары сенбіліктерге шығып, құрылысқа салатын қаражатты жинауға шешті. ЖБЛКО ОК және Республиканың Министрлер одағы идеяны қолдады.

1973 жылы 12 қарашада 1973 жылғы 19 шілдедегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулыларымен сәйкес Қазақстанның ББ Қостанай обкомның және облыстықатқарушы комитетінің бюролары монумент жобасын құру бойынша бүкілодақтық жабық байқауын жариялаған. Ал 1 жыл 7 ай өткен соң 1975 жылы 12 мамырда Мәскеуден келген мүсінші Михаил Смирнов және сәулетші Анатолий Семеновбайқау жеңімпазы және Қостанайдың сәулетшісі Александр Тимошечкин құрған авторлық ұжым байқау жеңімпазы болып атанды. Авторлар байқау қазыларының ұсыныстары бойынша жобаны аяғына дейін бітіріп, 19 желтоқсанда қабылданғансоңғы нұсқасын көрсетті.

1976 жылы КСРО Мәдениет министрлігінің сурет-сараптаушы Кеңесі монументің негізгі ережелерін бекітті. Ескерткішпен жұмыс іс жүзінде бес жылға созылып, сол мерзім ішінде уақыт өз түзетулерін енгізді. 1983 жылы Қостанайдағы қалалық атқарушы комитетінің шешімі бойынша Комсомол алаңы пайда болды. Сол жерде алғашқы тың игерушілеріне арнап монументті орнатуға ұйғарды.

Балшықтан жасалған үлгі ретіндегі ескерткіштің барлық элементтері Мәскеуде жасалған. Минск қаласында беларус мамандары материалдың ішінде «егіндікті», «бірінші атызды» орындаған. Тұқым себушілердің мүсіндері және Даңқ Жолақтары «Монумент-скульптура» Ленинградтық зауытынды қоладан құйылған. Алматыда салмақ түсетін құрылым, ал монтаждық және граниттік жұмыстарды Мәскеу, Қостанай және Рудный шеберлері орындаған.

«Тың игерушілеріне» монументі 1984 жылы 13 қазанда Комсомол алаңында (Тың игерушілер алаңы) ашылды.

Ескерткіште үш жас адамның мүсіндері – екі жігіт пен бойжеткен, сонымен қатар желбіреген жолақтар бейнеленген. Жігіттердің мүсіндері себушілерді, ал бойжеткен жерге орналастырушыны кейіптейді, олар бірге бірінші атыз бойымен бара жатыр. Олардың артында бидай масақтары бейнеленген жолақтар желбіреп тұр. Даңқ жолағында шығыс және оңтүстік жақтарынан тың эпопеясының барлық кезеңдерінің бейнелері бар: бірінші атызынан, бірінші жеңістеріне және алғаш өнімін жинауға дейін. Тұқым себушілер мен бойжеткеннің мүсіндері, сонымен қатар Даңқ жолағы қоладан құйылған. Оның табаны граниитен жасалған тақталарымен қапталған. Алаң бетон тақталарымен төселген. Монумент 10 жыл бойы құрылған және оны құрастыру үшін 300 тонна қола қажет болды.

Ашылуынан кейін іс жүзінде бірден 1984 жылы 10 желтоқсанда Қостанай қалалық атқарушы комитетінің шешімі бойынша ескерткіш тарихи және мәдени ескерткіш ретінде республикалық қорғау астына алынған.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Бестамақ қорымы

Қостанай облысының бірегй және белгілі археологиялық ескерткіштерінің бірі Бестамақ қорымы болып табылады. Ол Әулиекөл ауданының Шілі ауылында, Обаған өзенінің бастауындағы Торғай ендігінің сол жағында, Тобылдың оң тармағы бойында орналасқан.

Қостанай облысының қазақ драма театры 2000 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев театрдың салтанатты ашылуына қатысты, оның бастамасы бойынша театрға Ілияс Омаровтың аты берілген.

Ескерткіштер
І.Омаров атындағы Қостанай облысының қазақ драма театры

Қостанай облысының қазақ драма театры 2000 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев театрдың салтанатты ашылуына қатысты, оның бастамасы бойынша театрға Ілияс Омаровтың аты берілген.