Орал қаласының ескі ғимараттардың бірі Михайло-Архангельск соборы, собордың құрылысы 1741 жылы басталған, он жыл өткен соң 1751 жылы собор жарықтандырып, оның ішінде шіркеу тауап етілген.
Бастапқыда 1705-1706 жылдары собордың орнында белгісіз шеберлер салған ағаштан салынған шағын мешіт болған. 1723 жылы ағаштан салынған ғимарат өрттелінген. Екі жыл өткен соң 1725 жылы қала тұрғындары ағаштан жасалған жаңа шіркеуді салған. 1740 жылы ағаштан салынған шіркеудің орнында күрделі кірпш ғибадатхананы салу жайында шешім қабылданған. Михайло-Архангельск соборы 1741 жылы құрылған. Собордың құрылысын шынымен халық құрылыс деп атауға болады. Себебі, оны салу үшін жергілікті Жайық казактары басында өз қаражаттарына кірпіш зауытын салды. Құрылысты Новгород қаласынан келген шебер басқарған, өкінішке орай оның есімі тарихта қалмаған, дегенмен ғибадатхананың Псков-Новгород стилінде салынғаны белгілі. Ғибадатхана іргетасының 1740 жылы қаланғаны, ал оның құрылысы тек алты жыл өткен соғ аяқталды. Ғибадатхана солтүстік жағынан салынған готикалық стиліндегі төртқабаттық шіркеу мұнарасын есепке алмағанда, орыс ғибадатханалық сәулет дәстүрі бойынша салынған.
Михайло-Архангельск собордың тарихы Пугачев бүлігінің оқиғаларымен тығыз байланысты. Тұрақталған дәстүр бойынша жергілікті тұрғындар осы ғибадатхананы Ескі собор деп атайды.
1774 жылы бүліктің қызған кезінде Михайло-Архангельск соборының бекінісінде полковник Симонов пен капитан Крылов басқарған Екатеринаға адал болған мыңдаған әскері қорғалған. Е. Пугачев басқарған шаруа әскері штурмның бірнеше әрекетін жасаған, бірақ соборды баса алмады.
Аңыз бойынша, тұтқынға алынған Е. Пугачевты қалаға әкеліп, оны тар торға отырғызған және Михайло-Архангельск соборының төлесінің қабырғасына бұғаулап қойған. Оны соборға апарған кезде, Пугачев оның күмбездеріне қарап, «Әттең, сені баса алмадым...» деп күрсінген екен.
1833 жылдың күзінде 21-23 қыркүйек аралығында Ескі соборға А.С.Пушкиннің келгені әбден анық. Осыдан басқа, Соборға Крылов И.А., Суворов А.В., Жуковский В.А., Короленко В.Г., Даль В.А. барған.
Патша мұрагерлері болып, Александр Екінші және Николай Екінші ресейлік патшалары ғибадат қылған.
1917 жылғы төңкерістен кейін азаматтық соғыс пен 30-шы жылдардың басында собор бірнеше рет ашылып, жабылған. 1940 жылы Ескі соборда дінге қарсы мұражай ашылған. 1943 жылы Собор діндар адамдарға қайтарылып, 1961 жылға дейін оның ішінде құдайға құлшылық етілген. 1961 жылынан бастап, жергілікті биліктің бұйрығы бойынша собор жабылған, және 1966 жылға дейін бос тұрған. 1966 жылдан 1988 жылға дейін онда облыстық өлкетаун мұражайы орналасқан. Қала басшылары сол уақыт ішінде собордың төбесі мен күмбездерін жөндеген.
1988 жылы Русьты шоқындырудың 1000-жылдығын атап өткен жылы Орал қаласының діндар адамдары соборды православиеліктерге қайтару туралы өтінішін Халық депутаттарының Қалалық кеңесінің Атқару комитетіне жазды. 1989 жылы КСРО Министрлерінің Кеңесінің Дін істері жөніндегі Кеңестің рұқсатымен собор ғимараты орыс православиелік шіркеуінің діни қауымының діндар адамдарына қайтарылған.
1997 -1998 ж.ж. иконостас қайта қалпына келтірілген, фресканы сақтау бойынша үлкен жұмыс жасалған, жайлардың сыртқы және ішкі жөндеуі өткізілген, күмбездері алтынмен жалатылған және жаңа киоталар салынған. Одан басқа, жаңа қоңыраулар орнатылған. Сол кезде собормен шектесіп тұрған территория сәулеттендірілген, кеспе салынып, алаң асфальтталынған, гүлбақтар мен гүлзарлар қойылған.
Қазіргі кезде Михайло-Архангельск соборы 18 ғасырдың сәулет ескерткіші болып табылады, мемлекеттік қорғауында және Орал қаласының басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады.