Қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері, академик Сабит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі Жамбыл ауданы Сабит ауылында орналасқан.

Сабит аулындағы мұражай Сабит Мұқановтың ағасының үйінде орналасқан. Осы ауыл көпесінің ағаштан салынған үйін Благовещенка ауылында С. Мұқанов өзі сатып алып, оны 1958 жылы Сабит ауылына апарылған.1959 жылы бұл үй құрастырылған, оған Сабит Мұқанов пен оның немере ағасы Ш. Мұстафин қатысқан.

Мұражай қарағай бөренелерінен жасалған бірқабатты ағаштан салынған ғимарат болып табылады. Оның ауданы 180 шаршы метр, ол 5 бөлмеден тұрады: жатын бөлме, қонақ үй, зал, ас үй, ауыз үй. Мекен территориясында 247 шаршы метрді құрайтын саябақ бар, онда жаз күркесі орналасқан. 1990 жылы осы үйде мемориалдық мұражай аышлды, оның экспозициясы қазақтың атақты жазушысының өмірі мен шығармашылығын баяндайды.

Сабит Мұқанов 1900 жылы 13 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сабит ауылында (қазіргі атауы) туған. Бала кезінен халық аңыздары мен ертегілерімен, Абайдың туындыларымен таныс болған. Ауылдық молдасынан үйреніп, сауатын ашқан. 14-15 жылдан бастап өлең жазуды бастады.

1918-1919 жылдары Омбыдағы мұғалімдік курстарында оқыды, бір мезгілде Мағжан Жұмабаевтың хатшысы болды. Курстар аяқталғаннан кейін ауылда қарапайым мұғалім қызметінде боды. 1921 жылы Ақмола губерниясының Мемлекеттік саяси басқармасының Ерекше міндетіндегі бөлімдер (ЕМБ) отрядында қызмет еткен. 1922-1926 жылдары Орынбор жұмыс факультетінде білім алған, 1926-1928 жылдары «Еңбекші қазақ» («Қазіргі Қазақстан») газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы болды. 1928 жылы «Кеңес ауылы» газетінің жазушылар бөлімінің редакторы мен басқарушысы болып қызмет атқарған. 1930 жылы «Жарыс» альманахын шығарған. 1932-1935 жылдары ол Қызыл профессурасының Мәскеу институтының Әдеби бөлімінде білім алған. 1935-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, Қазақстанның Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы, 1937-1941 жылдары Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы ҚазҰПУ) профессоры болды. 1943-1951 жылдары - Қазақстанның Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы болды. 1958-1969 жылдары Бейбітшілікті қорғау комитетінің кеңесінің мүшесі; 1965-1969 жылдары - Араб елдерімен достастық және мәдени байланыс бірлестігінің қазақ филиалының төрағасы.

Сабит Мұқанов өз әдеби туындыларын 1922 жылдан бастап шығарған.Алғашқы туындылары «Сын бай» (1928), «Шын махаббат» (1931), «Теміртас» (1935) романдары болды.

Басты туындыларының ішінде «Ботагөз», «Сырдария» романдары, соынмен қатар «Өмір мектебі» трилогиясы. 1974 жылы ол қайтыс болғаннан кейін «Халық мұрасы» этнографиялық еңбегі шықты, онда көне халық аңыздары, шежіре, төңкеріске дейінгі қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы, олардың материалдық және мәдениеті баяндалған.

Сабит Мұқанов Қазақстандағы әдеби ісінің ұйымдастырушысы болды. Ол тарих пен әдебиеттің теориясын зерттеді. XVIII —XX ғ. басындағы қазақ әдебиетін, қазақтың жеке прозашылары мен ақындары — С. Сейфуллин, М. Әуезов, Т. Жароков, А. Тәжібаев, халық ақындарының шығармашылығын зерттеген. Көптеген жылдар бойы Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаевтың ғылыми және әдеби мұрасын зерттеумен айналысты. Ол қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығының алғашқы жүйелік баяндамасын жазды.

Сабит ауылындағы мемориалдық мұражайдың экспонаттар топтамасы қазақ жазушының өмірінің негізгі елеулі кезеңдерін баяндайды: бөлмелерде жазушының жеке заттары, қолжазбалары және кітаптары қойылған. Мұражай қорларында жазушының әдеби қызметіне қатысты бірегей құжаттары сақталып жатыр. Мұражай қызметкерлері мұражай ішінде қазақтың қонақжайлығының атмосферасын сақтай алды, үй ішінде ұлттық ерекшеліктері, үй жайлылығы және жылы леп есетіндей сезінеді.

Экспозиция мемориалдық мұражайдың типі бойынша салынған, ол жазушының шығармашылық мұрасы, қолжазбалары, кітаптары және жеке заттары орналасқан жазушының кабинетін, жатын бөлмені, залды қамтиды. Осыдан басқа мұражайда өлкенің этнографиясы мен тарихына арналған экспозиция бар. Бүгінгі күнде экспонаттардың жалпы саны 364 сақтау бірлігін құрайды, олардың барлығы мұражай залдарында қойылған және келушілер үшін қолжетімді.

Бірнеше жыл бұрын жол картасын іске асыру шеңберінде мұражай үйі мен қонақүй күрделі жөндеуден өтті. Мұражайға жанасатын үй ауласында Сабит Мұқановтың мүсіні орнатылған.

2010 жылы С. Мұқановтың туған күнінен 110-жылдығына орай мемориалдық мұражайда мұражайлық ісіне қойылған қазіргі талаптарды есепке алғанда жаңа экспозиция бойынша үлкен жұмыс жүргізілген, залдарында атақты жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа стендтер мен бірегей экспонаттар пайда болды.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы

Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражай Айыртау ауданы Сырымбет ауылында орналасқан. Мұражай кешеніне 1663 шаршы метрді алып жататын Ш. Уәлиханов атындағы мұражай, сонымен қатар көрнекті ғалымның атадан қалған жері болған мекен кіреді. Мекен Сырымбет елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан, оның ауданы 4030 ш.м астам жерді алып жатыр.


Мұражайлар
М. Мәметова атындағы мемориалдық мұражай

Батыс Қазақстан облысында 30 астам уақыт бойы Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық мұражай үйі әрекеттейді. Сол уақыт ішінде ол батыр жерлесінің атын есте қалдырудың өзіндік орталығы, соынмен қатар жастарға патриоттық тәрбие беру көпірі болды.