Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Мәдениет ауылының жанында биік төбешігінде қазақтың ұлы батырлары Қарасай мен Ағынтай жерленген.
17-ші ғасырда Есім ханның туы астында атақты Шапырашты Қарасай батыр мен Арғын Ағынтай батыр осы жерді жаулаушылардан қорғаған. Жоңғарларға қарсы қиын күресте Есім ханның әскерін он сегіз жасындағы Қарасай басқарды, ал Арғын Ағынтай оның көмекшісі мен адал досы болған. Бірге жүретін батырлар 48 жылдан астам уақыт бойы 200 астам рет қанаушыларға қарсы қанды шайқастарға қатысты. Олар екеуі Құлшынбай төбесінде жерленген.
1999 жылы 15 қазанда осы жерде алып мемориалдық ескерткіш ашылды. Батырларға арналған кесене Қазақстандағы барлық бірлік, достастық және ынтымақ нышаны болды. Биік төбе үстінде екі әскери дулыға түріндегі құрылыстар орнатылған, олардың арасында мешіт орналасқан. Оның жанында көне заман жауынгерлерінің біріктірілген найзалары тұр. Күмбездер айналасында көне заман жауынгерлерінің бірнеше жерлену орындары орналасқан.
Композициялары жағынан кешен қағандардың көне түркі дәстүрлерін дамытып жатыр. Басты белдігі бойынша Меккеге бағытталған, оған мешіт михрабы да бағытталған. Кірпіштен салынған дуалмен қоршалған шеңберге кіру орны екі мұнарамен белгіленген және намаз оқу мен құрбан шалуға арналған кесенелер арасындағы алаңға апарады. Граниттен салынған іргетас үстіндегі алаң бұрыштарында батырлардың жауынгерлік айбынының нышандары ретінде қола қаптамасы бар металдан жасалған кескіннің біріктірілген найзалары орнатылған. Шеңбер ортасында екі ұлы батырлардың кесенелері орналасқан, олар Солтүстік Қазақстанға тән эллипсоидтық кескіндемелері бойынша орындалған. Олардың алдында конус тәрізді шағын жоқтау мешіті орналасқан, ол символды және сәулеті жағынан кесенелерді біріктіреді.
Кесенелер арасында, орталығында шағын зал шағын пинакотека залы орналасқан, олардың қабырғаларында батырлардың ерліктерін баяндайтын үш тілдегі мәтіндер жазылған.
Кесенелердің үстіңгі жақтарындағы алып көлемдері құйылған керамиканың элементтерімен әсемделінген және метал қаңқасында бекітілген бүгілген алты миллиметрді құрайтын шыныдан тұратын күмбездерімен аяқталады. Кесенеге кіру есігі металдан жасалған. Олардың беттерінде Қоран сүрелері ойылып жазылған.
Ішкі көріністерін өңдеу барысында керамикалық кірпіш, Күрті және Қордай граниттері пайдаланған. Құлпытастар жерлеу орындарындағы құлпытас пен қойтасты орнатудың көне түркі дәстүрін жалғастырып, авторлардың шаблондары бойынша жылтыратылған қызыл Қордай граниттен орындалған. Әр құлпытастың жанында шырақ орналасқан, келушілер оны жағып, аруақтардан көмек берулерін сұрай алады. Өңірдегі басқа да жерлеу орындары тротуар тақтасымен салынға, ал одан тыс орналасқан жерлеу орындары соғылған аласа метал дуалымен қоршалған. Мемориалдың барлық негізгі құрылыстар итальяндық технологиясы бойынша дайындалған керамикалық кірпіштен орындалған. Кешен алдындағы алаң табиғи тас тақтатасымен төселген, осында демалыс үшін қойылған орындықтар, сонымен қатар шойын құймасы технологиясы бойынша орындалған тіреулеріндегі шырақтар бар. Сәулет жобасына сәйкес кесенелердің биіктігі— 16 м, мешіті биіктігі — 12 м; жоба бойынша құрылыс өлшемі — 19×13,5 м; қоршау құрылысының диаметрі— 27 метрді құрайды.
Атақты батырлардың қабірлері жанында жаулаушыларға қарсы күресте қаза тапқан көптеген жауынгерлердің жерлеу орындары орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде осында батырдың денесі табылған, оның бойы шамамен 2 м болып, оның жаныда ауыр қылыш пен қару-жарағы болған.
Қарасай және Ағынтай батырларының Мемориалдық кешені ашылу күнінен бастап қажылық және экскурсия орны болып табылады. Жыл сайын оны Қазақстан түкпірлерінен келетін мыңдаған адамдар барып жүреді. Осында екі рет Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болған. Кесене жанында қажылық жасайтын адамдар мен туристтер үшін қонақүй орналасқан. Дәстүр бойынша кесенеге жас жұбайлар келеді, осы жерден әскерге, оқуға баратын жастарды шығарып салып отырады. Атақты батырлардың құрметіне спорттық сайыстар мен ат бәйгелері өткізіліп отырады.