Ахмет Жұбанов атындағы мемориалдық кешен Жилгородокта Ақтөбе қаласының жанданған алаңдардың бірінде композитордың қызы Ғазиза Жұбанованың атымен атылған облыстық филармонияға қарсы орналасқан.

Мемориал 2006 жылы көрнекті қазақ композиторының 100-жылдығының құрметіне ашылған. Ескерткіштің салатнатты ашылуында негізін салушылардың бірі Ахмет Жұбанов болып табылатын Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрдің музыканттары өнер көрсетті. Салтанатты рәсімге атақты саяхатшылар, өнер қайраткерлер қатысты. Мәдениет пен ақпараттың вице-министрі Арыстанбек Әлиев, ақын Фариза Оңғарсынова, ҚР мәдениеттің сіңірген жұмысшысы Қайрғали Қожамбаев, Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консервотои яның профессоры, Ресейдің халық әртісі Владислав Анафонников, Құдайберген Жұьановтың ұлы Ақраб аға жиналған қауым алдында сөз сөйледі.

Ахмет Жұбанов – композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазКСР халық әртісі, ҚазКСР ҒА дирижер академигі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ол 1906 жылы 29 сәуірде қазір Ақтөбе облысына кіретін Қосуақтам шатқалында дүниеге келді. Болашақ композитордың әкесі Қуан ауылдағы оқыған азамат болған, ол балаларына білім беруді армандаған. 1932 жылы А. Жұбанов Ленинград консервоторияның тарихи-теориялық факультетіне оқуға түседі. 1932-1933 жылдары Өнертану академиясының аспиранты болды.

1934 жылы А. Жұбанов оқуын бітіріп, Қазақстанға қайтып келеді және қазақ халық аспаптарының оркестрін (қазіргі Құрманғазы атындағы Халық аспаптарының Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі) ұйымдастырады. Жұбанов Алматы мемлекеттік консервоторияны басқарып жүрген, ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясын ашуға міндетті болды. Ол Республиканың Ғылым академиясының негізін салушылардың бірі болды, М. Оқ Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтына кірген өнертану секторын ұйымдастырған.

1938-40 жылдардағы Жұбановтың композиторлық қызметі екі бағыт бойынша дамыды, ол халық әндері мен күйлерін өңдеумен айналысты және өз туындыларын жазды. 1939 жылы ол Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» пьесасына музыка жазды. Кейін ол М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», М. Әуезовтың «Абай» драма спектакльдеріне музыка жазды.

Жұбановтың жемісті қызметінің маңыздысы – ұлттық кадрларды дайындау бойынша ұйымдастыру жұмысы болып табылады. Ол көптеген жылдар бойы қазақ халық музыкасының тарихы бойынша арнайы курсын жетілдірген Алматы Мемлекеттік консерваториясындағы қазақ халық аспаптарының кафедрасын басқарған. Қазіргі белгілі музыканттардың көпшілігі Ахмет Жұбановтың шәкірттері болып табылады. Бұл Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев, Рүстембек Омаров және т.б.

Жұбанов пен Латиф Хамидимен бірге шығармашылық бірлескен авторлығында Абай Құнанбаевтың туған күнінен100 жыл өткеніне және Қазақ опера мен балет театрдың ашылуының10-жылдығына орайластырылып, жазылған «Абай» операсы қазақ музыкасында жаңалық болды.

Мемориалдық кешеннің авторлары мүсінші, Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының профессоры Ескен Сергебаев пен сәулетші Жексен Айнабеков болды, олардың жобасын бірнеше жыл бойы өтіп жатқан шығармашылық байқаудың нәтижелері бойынша арнайы комиссиясы мақұлдады.

2007 жылы Ахмет Жұбановтың ескерткішіне қарсы оның қызы мен шәкірті Ғазиза Жұбанованың мүсіні орнатылған.

Мемориал орнатылған орын кездейсоқ таңдалмаған, ол қала тұрғындарының демалысына мінсіз жарасады: осында алаң бар, су атқыштары мен балалар алаңы жұмысын бастайды. Ескерткіштің өзі алып стилінде орындалған, оның бағаналары мен ашық алаңы бар, жаз уақытында сол жерде шығармашылық кештерді және концерттерді өткізуге болады. Ахмет Жұбановтың мемориалдық кешені Ақтөбе қаласын көріктендіріп, оның басты көрікті жерлерінің тізіміне кіреді.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония

Ақтөбе қаласындағы мәдени өмірінің көптеген ошақтарының арасында Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясы ерекше орынға ие. Қазақстандағы алғашқы филармонияларының бірі соғыстың ауыр жылдарында ашылды. 


Ескерткіштер
Абат-Байтақ кесенесі

Ақтөбе облысының территориясында көптеген ескерткіштер мен көрікті жерлер бар, туристтік маршруттар бойынша саяхат жасағанда, орта ғасырлардың қорығында бола аласыз, ақындар эпостарда жырлаған жерді, Қобыланды батыр қабірін көріп, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова дүниеге келген Бұлақ ауылына бара аласыз. Және де осы жерге келгендіктен Батыс Қазақстан территроиясында жалғыз болып сақталып қалған таңғаларлық Абат-Байтақ көне сәулет ескерткішін көрулеріңіз жөн.