Тыныбай мешіті XIX ғасыр ортасындағы сәулет ескерткіші, орналасқан жері Семей қаласының сол жағалауындағы бөлігі, өзен сапаржайының маңы. Мешіт 2 гильдиялық қазақ көпесі Тыныбай Қаукеновтың қаражатына 1830-40 жж.аралығында салынып біткен. Тыныбай Қаукенов «уақ» руынан шыққан қазақ, көпес одағының екінші гильдиялық көпес болды. Оны 1839 жылдың 22 тамыздағы мұрағат материалы растайды «Семейден жоғары көшіп жүрген қырғыздардың жағдайы жайындағы баяндама»: «...Семейдің бір көпесі Тыныбай Қаукенов далада сауда жасап, мол ақша таба алды және қалада үйді салды, 1839 жылдан бастап үшінші гильдия бойынша көпестер арасына жазылды». Қазақстан мұрағатында 1842 жылғы «Семей қаласындағы көпес одағына Увак болысының старшыны Қаукеновты қосу жайындағы іс» атты мұрағат ісі сақталды. Барлық жоғарыда аталған мұрағаттық мәліметтер Т. Қаукеновтың шынымен Семей қаласында тұрғанын дәлелдейді. Көпес болып, ол Ертістің сол жағалауына тұрғын үйді салды. Үйдің жанында намаз мешітін салуға кірісті. Т. Қаукенов ХХ ғасырдың басына дейін өмір сүрді. 70-ші жылдардан бастап үшінші гильдиядан екінші гильдияға ауысады.

Қазақстанның Мемлекеттік мұрағатында табылған Т. Қаукенов мешітінің тарихы жайындағы жазбалар бар. 1858 жылы 6 мамырда толтырылған «Семей қаласындағы магометандық мешіттер мен келетін ерлер мен әйелдердің саны жайында» тізімдемеге сәйкес Т. Қаукенов мешітіне 145 еркек және 137 әейел адам келеді. Анық мұрағаттық мәліметке сүйенсек, мешіт шамамен 1840 жылы салынған деп айтуға болады.

Мешіттің іргетасы тастан, ал мешіт мұнарасының күмбезіне дейінгі қабырғалар ағаштан жасалынған. Мешіт жайында екі қабатты залдар құрылған, астындағы қабат ер адамдардың намаз оқуына арналған, ал үстіңгісі әйел адамдарға арналған. Күмбез бен сыртқы қабырғаның бөлігі түрлі пішіндегі өрнекпен безендірілген. Ескерткіш сәулеті «сібір-татар» деп аталатын түрге жатады, құрылыс принципі жағынан бір белдікке әр түрлі құрамдас бөліктер тіздіріп қойған кездегі православиелық діни сәулетшіліктің ескерткішіне өте ұқсайды. Ең басты айырмашылығы исламға сай күмбездік және тік аяқталулар болып табылады. Мұнара үстінде «тамақ ішу» мешітіне немесе орыс шіркеулік сәулетшілік өнеріндегі притворға ұқсас бөлік орнатылған. Правословиеде кіші төрттікпен немесе сегіздікпен толықтырылатын негізгі көлемнің төрттігі, әдетте, ислам сәулетшілігінде күмбез жабуының басқа нұсқасы бар ұқсас толықтырумен безендірілген. Мешіт қабырғалары болмашы безендірілген. Оларды тікбұрышты пішіндегі терезелер, сонымен қатар әйел адамдарға арналған жайларды жарықтандыру үшін қызмет ететін негізгі көлемнің үстіңгі қабат люкарналары жандандырады. Таңырқарлық өрнекпен безендірілген пеш және сусу ағатын құбырлар қосымша зер болып табылады. Қазіргі кезде мешіттің сол бөлігінде дәрет алуға арналған бөлмелер, сондай-ақ оқытуға арналған ақ силикат кірпіштен салынған қосымша бөлмелер орналасқан.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Дәуітбек Шамансұр кесенесі

Жамбыл облысы, қазіргі Тараз қаласының орталығында Дәуітбек Шамансұр кесенесі орналасқан. Бұл кесене монғол наменгері Ұлұқ Білге Икбалхан Дәуітбектің жерленген жерінде тұрғызылған. Осы сәулет өнерінің ескерткіші жергілікті халық арасында Шамансұр кесенесі атымен белгілі.


Ескерткіштер
Ямышев қақпасы

Біздің уақытымызға жеткен Семей қаласындағы алғашқы сәулет өнері құрылыстарының бірі Ямышев қақпасы болып табылады. Осы фортификациялық құрылыс XVIII ғ. сәулет ескерткіші болып мойындалды.