Тараз қаласының ежелгі мешіті Нәметбай мешіті болып табылады. XIX ғасырдың діни сәулет өнерінің ескерткіші 1867 жылы салынды. Мешітке сол кездегі қаладағы ең ауқатты адамдардың бірі, тақуа Нәметбай есімі берілген, дәл оның бастамасы бойынша және оның жеке қаражатына мешіттің құрылысы басталды.
Жоба авторы, Нәметбай мешітін салған сәулетшінің есемі бізге мәлім емес, бірақ өз ісінің шебері болғандығы анық. Мешіт ғимараты жер мен жергілікті климатының ерекешеліктерін есепке алғанда мұқият өңделген. Мешіт үлкен жанасатын ауласы бар әсем, биязы құрылыс болып табылады. Іс жүзінде бұл аулалық үлгідегі кәдімгі ортаазиялық мешіт. Осындай үлгідегі мешіттердің негізгі ерекшелігі - михрабтың аулаға қарап жатқаны, ал ауладағы бүкіл территориясы ағаштан жасалған күрделі қалқасымен жабылған және намаз оқуға арналған бір тұтас бөлме ретінде болғаны. Ыстық күнде діндар адамдар басқа бөлмелерге кірмей, қалқаның астында аулада намаз оқи алады.
Мешіттің негізгі жайы жалпы көлемі 26,9×80 м болатын үш үлкен бөлмелерден тұрады. Олардың екеуінде кіреберіс ортақ және өтпе жолдармен байланысады, үшіншісі кіреберісі бөлек. Ғимарат кесек тастан жасалған іргетастың үстінде салынған, қабырғалары балшық толтыруы бар қос каркас болып келеді. Төбесі ағаштан жасалған әшекейлі мәткелерден жасалған, олардың үстінен жұқа төрткілдештер салынған. Мәткелер биіктігі 4,25 м құрайтын ағаштан жасалған оюлы бағаналарға тіреліп тұр. Жабыны темірден жасалған. Төбесі заманның өзіне тән сәулет-құрылымдық ерекшеліктері мен зерін сақтап қалған өсімдік пен геометриялық өрнегі бар көптүсті әсем суреттермен безендірілген.
Аз уақыт ішінде Нәметбай мешіті бірнеше рет түрлі қайта жөндеуден және қосымша құрылыстан өтті. 1911-1913 жылдары мешіттің қайта салынғаны мәлім, төлтума тарихи құрылыс орталық кіреберістің сол жағында, кішігірім жердің телімінде орналасқан.
1982 жылы Нәметбай мешіті республикалық маңыздағы Қаз ССР тарих пен мәдениет ескерткіштері тізіміне қосылған және мемлекет қорғауының астына аланған.