Қызылорда қаласындағы ең көне сәулет ескерткіші Айтбай мешіті болып табылады. Бұл діни құрылысты қаланың тұрғындары мен қонақтары өте жақсы біледі, мешіт Қызылорда қаласының орталығында орналасқан және ең басты көрікті жерлердің бірі болып табылады.

Айтбай мешітінің ғимараты 1878 жылы Перовск (Қызылорда) қаласы тұрғындарының қаражатына салынған, мешіт құрылысының қолдаушысы мен бастамашысы бай көпес, Бұқара қаласының тумасы Айтбай Балтабаев, ол негізі қажетті ақшаны бөліп берген. Нәтижесінде мешітке оның аты берілген. Кейбір мәліметтер бойынша, құрылыс 1875 жылы басталған және үш жыл бойы жалғасып жатқан. Мешіт пен мұнара құрылысының жалпы құны 40000 сомға жетті, сол кезде бұл орасан көп ақша болып саналған. Шағын Перовск қаласы үшін Айтбай мешіті қала тұрғындарының әдемілігі мен мақтанышы болып табылады.

Айта кететін жайт, Айтбай мешіті оны құрған сәулетші шеберлері нақты түрде белгілі болатын діни, сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылады. Мешіттің негізін салушылары Әулиеатадан келген халық шеберлері Исқан мен Қамал болып табылады.

Айтбай мешіті салынғаннан кейін өзіне 500 астам діндар адамдарды сыйдыра алады, осыдан басқа мешіт ғимаратында медресе мен ислам кітапханасы орналасқан.

1980 жылы Айтбай мешітінің ғимаратын «Казпроектреставрация» институтының сәулетшілер тобы түп тұрғымен зерттелінген. Сәулет жобасы жағынан сол ғимарат ұзартылған тіктөртбұрышты болып, оның өлшемі 22х16 м құрайды. Қабырғалары күйілген кірпіштен салынған, темір төбесімен жабылған. Мешіттің қасбеті және мұнарасы әшекейлі кірпіш қалауымен безендірілген. Ішкі көріністері сыланған және ақталған, төбесі боялған. Ғимаратпен аула құрылыстары жанасып тұр, олар мешітпен бірге ортақ кешенді құрайды. Сол жай ішкі жағынан зал және вестибюльге бөлінген, ішіне шамамен 500 адам сияды. Ғалымдардың пікірінше, Айтбай мешіті Сырдария бойындағы қалалардың сәулет ескерткіші ретінде өте қызықты болып табылады.

Өкінішке орай, мешіт ғимаратының басындағы түрі бізге жетпеген. Кеңес уақыты кезінде мешіт діни мекемесі ретінде пайдаланылған, 70-ші жылдары облыстық өлкетану мұражайының филиалы болып табылады.

1982 жылы мешіт ғимараты Қазақстандағы республикалық маңызындағы ьарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген және мемлекет бақылауына алынған. 20 ғасырдың соңында діндар адамдарының ақшаларына мұнара салынған, ал мешіт ғимараты күрделі түрде қайта қалпына келтірілген. Дегенмен, мешіт тарихи ескерткіш ретінде қайта қалпына келтірілмеген, жұмыс «Казреставрация» РМК мамандарының пікірін есепке алмай, жүзеге асырылған. 2000 жылы өткізілген мешіт ғимаратының қайта жобалануы қайта құрушылардың сынауынан өтті, олардың пікірінше көне мемориалдан тек қасбеті қалған, ал іс жүзінде оның тарихи құндылығы жоғалтылған.

2013 жылы осы жолы ғимараттың қайта қалпына келтірілуі мемлекеттік қаржыландырудан өтті, жұмысты бекітілген жобалар бойынша «Казреставрация» мамандары жүргізді. Мешіт қайта қалпына келтіруге барлығы 114 миллионнан астам теңге жұмсалған. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жер үсті және жер асты ғимараттарының қайта қалпына келтірілуі мен күшейтуін қамтыған. Ескі шомбал күмбез жеңілдірек құрылымы бар басқасымен ауыстырылған. Металлдан жасалған қоршау жаңартылған. Мешіт мұнарасы қайта қалпына келтірілген.

Айтбай мешіті Қызылорда қаласының басты көрікті жерлердің бірі болып табылады, осы жерге келген адамдар оның ескі қабырғаларының алдында серуендеуге және 19 ғасырдағы Сырдария бойындағы қалалардың сәулетін қызықтауға тиісті.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Қорқыт Ата ескерткіші

Ерте заманнан бері Қазақ даласында Қорқыт жайында көптеген аңыз айтылып жатыр. Қорқыт – IX ғасырдың аты аңызға айналған түріктің жыршы-ақыны мен сазгері, Сырдария бойындағы даласынан шыққан.


Ескерткіштер
Құдай анасы иконасының Әулие-Қазан ғибадатханасы

Құдай анасы иконасының Әулие-Қазан ғибадатханасы мемлекеттік маңызындағы Қазақстан Республикасының сәулет ескерткіші болып табылады. Мәдени маңызынан басқа ғибадатхана қаланың барлық православ тұрғындарына арналған рухани орталық болып табылады – бұл Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысында жалғыз әрекеттегі православ ғибадатханасы болып табылады.