Әбдіқадыр мешіті XIX ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші болып табылады. Мешіт Тараз қаласының тарихи орталығында – Абай көшесі, 5-құрылыс мекенжайында орналасқан.

Қазіргі уақытта мешіт – қазіргі кездегі күйдірілген кірпіштен салынған шаршы пішіндес ғаламат құрылыс. Бастапқыда Әбдіқадыр мешіті қазіргі Абай мен Қапал көшелерінің қиылысындағы қор аумақты алып жатты. Мешіттің тарихи ғимараты қалыптасқан ортаазиялық стильде салынған, ою-өрнектермен және декоративті элементтермен бай безендірілген бірегей ғибадат құрылысын білдірген.

Өкінішке орай, ғимараттың көп бөлігі өткен жүзжылдықтың 30-шы жылдарының ортасында қиратылған. Осы уақытқа дейін мешіттің бастапқы құрылысынан декоративті мұнаралары бар екі бағанамен безендірілген мұнарасы бар кіреберіс порталы ғана сақталған – бұл Жамбыл облысының аумағында жалғыз нұсқада сақталған «дарбаза» түріндегі монументтік құрылыстың үлгісі.

Бастапқы құрылыстан сақталған кешеннің кіреберіс бөлігі көркемдік жағынан аса құнды. Мешітке өтетін порталды жолдың бүйір жақтары декоративті кіші мұнаралары бар екі бағанамен безендірілген. Шошақ үлгісіндегі кіреберіс арканың үстінде терең емес пішінді қуыс бар. Құрылыс азаншыға арналған алаңы бар мұнарамен аяқталады. Мұнараның тік қырлы қуыстарға бойлай салынған шошақ тәріздес алты өтпелі ойығы бар. Әбдіқадыр мешіті Әулие ата кезеңіне тән ғибадат және азаматтық сәулет ескерткішінің бірі болып табылады.

1982 жылғы қаңтардан бастап Әбдіқадыр мешіті Қазақстан Республикасының қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді, әрі мемлекеттің қорғауында. 2002 жылы Мешіт ғимараты қайта жаңартылып, іргетастық негізді нығайту жұмыстары жүргізілді, бұдан басқа кіреберіс бөлігі толық реставрациялаудан өтті. 2002 жылдан бастап Әбдіқадыр мешітінің ғимаратында медресе жұмыс істейді.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
Әбділ-Әзіз-Баб кесенесі XV – XIX ғасыры

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында сәуле өнерінің таңғаларлық ескерткіші Әбділ Әзиз-Баб Кесенесі орналасқан. Осы діни құрылыстың салынуы Қарахандықтардың дәуіріне ІХ ғасырға жатады.  

Байдыбек бидің ескерткіші Шымкент қаласында 2012 жылдың күзінде ашылған және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына орайластырылған. Өзінің ашылуына дейін бұл монумент Қазақстанда аса танымал болды, бұл елдегі ең биік ескерткіш болып табылады, сонымен қатар бүл әлемдегі ең биік ескерткіштердің бірі болып саналады.

Ескерткіштер
Байдыбек бидің ескерткіші (Қазақстандағы ең биік ескерткіш)

Байдыбек бидің ескерткіші Шымкент қаласында 2012 жылдың күзінде ашылған және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына орайластырылған. Өзінің ашылуына дейін бұл монумент Қазақстанда аса танымал болды, бұл елдегі ең биік ескерткіш болып табылады, сонымен қатар бүл әлемдегі ең биік ескерткіштердің бірі болып саналады.