Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы ескі зират аумағының негізгі екі көшесі қиылысына жақын жерде орналасқан. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет яссауи шешесінің мазарында құрылған.

Яссауи шешесі Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарына қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды.

Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста қолданылған ағаш бөлшектер және ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеді. Кесененің өлшемі 6,3 х 6,3 метр. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7,08 метр. 1996 жылы күмбезді жапырақты ақ қаңалтырмен қаптады. Оңтүстік жіне оңтүстік-батыс қасбеттері ұзын сүйірленген текшелері бар порталдармен безендірілген. Алдыңғы жазықтықтары терең емес сүйірленген және тікбұрышты текшелермен әшекейленген. Кесененің оңтүстік және батыс жақтарында кіреберіс есіктер бар.

Ішкі бөлігінде күмбез ұшы сыланған, кіреберіс үстіндегі жарық саңылауы ағаштан жасалған панжар торымен жабылған. Құм тығырындағы едендер кірпіштен қаланған. Кесененің орталық бөлігінде мрамор тақтайшаларымен қапталған Қарашаш ананың бейіті орналасқан. Қарашаш ана мазарының жанында оның жақындары – Ибраһим қожа, Сүлеймен қожа, Сәлім қожа мен Дәуіт қожаның бейіттері орналасқан.

  • Достарға әңгімеле:
Ж. Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театры елдегі көне театрлардың бірі болып табылады, ол 1934 жылы құрылған, ал оның бай тарихына тіпті астаналық театрлары қызыға алады. Жұмыстың ұзақ жылдары бойы театр сахнасында ұлттық және әлемдік классиканың көптеген үздік туындылары қойылған.

Ескерткіштер
Ж.Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театры

Ж. Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театры елдегі көне театрлардың бірі болып табылады, ол 1934 жылы құрылған, ал оның бай тарихына тіпті астаналық театрлары қызыға алады. Жұмыстың ұзақ жылдары бойы театр сахнасында ұлттық және әлемдік классиканың көптеген үздік туындылары қойылған.

Арыстанбаб кесенесі  – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни дәруішжәне уағызшы Арыстанбабтың бейітінде орнатылған  ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің қызықты ескерткіші.

Ескерткіштер
Арыстанбаб кесенесі

Арыстанбаб кесенесі  – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни дәруішжәне уағызшы Арыстанбабтың бейітінде орнатылған  ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің қызықты ескерткіші.