Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Ескерткіш Балабөген өзенінің алқабында Қаратаудың оңтүстік баурайында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
Кесене Нүриля Әли Сыланқызының қабірі үстінде салынған, халақы арасында ол Домалақ Ана атымен белгілі.
Домалақ Ана — қазақ халқының аты аңызға айналған аналардың бірі. Домалақ ана —Жетісуды мекендеген тайпаларды басқарған Байдыбек Қарашаұлы батырдың үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Сыпайы, сүюші ана, балаларына махаббатын шашқан көріпкел, болашақты алдын ала болжаған. Халық арасыеда бойы аласа болғандықтан, оны «Домалақ ана», «Домалақ әне» деп атаған. Басқа пікір бойынша, Домалақ ана парсы тілдегі Әулие ана деген мағынаны беретін «Дихнат мама» сөзінен шыққан. Нәтижесінде Дихнат сөзі Домалаққа өзгерген.
Оның аты халық арасында өзінің ақылы, даналығы, жан пәктігі мен әулиелігінің арқасында шыққан. Халық арасында оның тапқырлығы, даналығы жайындағы әңгімелер аз емес. Домалақ Ана мәңгі-бақи реніштерді дана шешімдерімен татуластырып, басып тастай алған. Домалақ Ана Жетісуды, Әулиеатаны, Шымкентті, Ташкентті мекендейтін халықтарының шешесі болып табылады. Оның ұлы Жарықшақ Ташкент әміршісінің кеңесішісі болған, кейін Жетісудың билеушісі, одан кейін Есенбұғы ханының бас уәзірі болған.
Осы әйел жайында көптеген әңгіме мен аңыз бар. Олардың арасында өмір деректеріне сәйкес, шындыққа жақын болғандар да бар.
Күйеуі Байдыбек Қарашаұлына жасаған болжағыштығы жайындағы аңыз белгілі: “ Бір кезде Қаратау жотасының етегінде орналасқан Байдыбек ауылына жау шабуыл жасап, мыңдаған жылқыны айдап әкеткен. Сол кезде Байдыбек пен басқа жігіттер ауылдан алыста болған. Шабуыл жайында жаңалық естіп, Байдыбек жасақ жинады және үлкн әйелі Сара бәйбішесінен туған алты ұлымен бірге қуғындай жөнелді. Оның алдында мыңдаған айдап әкеткен жылқының арасынан ауылға тек жалғыз асау ат қайтып келген. Ол Домалақ Ана киіз үй отауының жанында байланған. Байдыбекке қарап айтады: „Жауды қума. Торы айғыр бізде қалды. Алты күн өткен соң бағынбайтын үйір саған қайтып келеді. Тілегенім, жігіттер аман қалсын.“ Бірақбатыр әйелін тыңдамай, жолға шығады. Жауды Күйік асуында қуып жетеді, олармен шайқасқа шығады. Дегенмен, жақсы қаруланған жау Байдыбектың жасағын жеңеді. Осы шайқаста ұлдарының алтауы қаза табады. Оларды Үшқарасай алқабында жерлеп, үйіне қайтады. Алты күннен соң, үлкен табын қайтып келді».
Домалақ Ана Қос Бөген өзені сағасындағы жазығында жерленген. Алғыс білдірген ұрпақтар осы жерде кесене салған. Аңыз бойынша Домалақ Ана кесенесінде екі киелі тас бар, олар арасынан тек тақуа адам өте алады.
Домалақ Ана кесенесі бастапқыда 1456 жылы күмбездері бар 4-қабырғалық мазар түрінде салынған. Құрылыс бірнеше рет қайтадан салынып, қазіргі уақытқа оның бастапқыдағы кейпі жетіп сақталмаған.
19 ғ.аяғында- 20 ғ.басында іргетасында төртбұрыш кірпіштен салынған ескі бастапқы қалауы ғана қалған бұрын бұзылған құрылыстың орнында жаңа ғимарат салған. Мазар ішінен және сыртынан сыланған және ақталған. Кірпіштен салынған шағын құрылыс ротонда – қасбетінде 6 текшемен безендірілген цилиндр көлем болып табылады. Оңтүстік текшесінде жебелік қосқышы бар кіреберіс болған. Кең күрекшелер пилястрлар аласа цокольге тіреніп тұрған және күмбезді бөлетін ернеудің сызығын 3 кертпешпен ұстаған. Ішкі көрінісінде зер элементтері бролған жоқ. Надпись на казахском языке, выполненная на стене у входа в мазар, сообщала Мазарға кіретін есіктегі қабырғада қазақ тіліндегі жазу бар: «Ақсұлтан қызы, Бабыжар Ұлы Ана құрметіне салынған ескерткіш». Астында жазылған өлең шумағында аналарды құрметтеуге үндеу бар.
Кесене қазіргі кейпіне 1996 жылы сәулетші С. Тоқтамыстың жобасы бойынша күрделі қалпына келтірунен кейін ие болды. Жұмыс барысында Маңғыстаудан әкелінген ақ тастардан қалау жасалынған. Домалақ Ана кесенесінің биіктігі 12 құрайды, сегізқабаттық күмбезі негізні құрылыс үстінде орналасқан.
Бүгінгі күнде Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның басты көрікті жерлер тізіміне кіреді және қазақ халқының ұлы шешесіне табынуға ниеті бар туристтер мен қажылық жасаған адамдардың арасында танымал болып табылады.