Жошы хан кесенесі монғолдық жаулап алу кезеңіндегі қазақ сәулет өнерінің танымал, әрі көрнекті ескерткіштерінің бірі.
Ол Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Кесене 1227 жылы Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның моласында құрылған деп саналады. Сонымен бірге оны XIV немесе XV ғасырларды Жошы ұрпақтарының бірі салған деген пікірлер де бар.
Кесене тікбұрыш формасында жасалған. Композициясы бойынша бұл порталды-күмбезді имарат. Қабырғалары тегіс, порталдың ұзындығы 7,90м, ғимарат 30х30х6, 30х15х5, 25х25х6 мөлшерлі күйдірілген кірпіштен салынған. Сыртқы периметр бойынша кесене мөлшері - 9,5х7,0мі ал ішкі периметр бойынша - 5,25х5,25м. Кесене аркасы жұмбақты, әрі әсем жасалған. Имарат екі күмбезді. Сыртқы күмбезі сақталмаған, бұрын ол сирек формалы 17-қырлы тармақты барабанға отырғызылып, тақтайшалармен және көгілдір әйнекеймен әрленген. Кейін, қайта жаңартудан соң 2000 жылы күмбез қалпына келтірілді. Ішкі жартылай сфералы күмбез қыш ерітіндісіндегі орамды қатармен салынған. Кесене едені кірпіштерден қаланған. Интерьерге екі жақ бүйір камераларда орналасқан екі аркалық саңылау арқылы жарық түседі.
Кесененің пайда болу тарихы тек аңыздар арқылы белгілі. Ұлытау тауларының маңында Жошы ханның ордасы орналасқан. Ол тау бөктері далаларының әсем пейзаждарын жақсы көрген. Аңыз бойынша, хан өз өлімін осы жерден табады, аң аулап жүрген кезде өзі жаралаған ақсақ құлан ханды атынан түсіріп оң қолын шайнап тастаған. Бағынбағаны үшін хан өз әкесінің бұйрығымен өлтірілді деген де пікір бар. Кесенеде Жошының өзі жерленді деген аңызды кеңес археологтары жүргізген зерттеу нітижелері растайды. 1946 жылы Жошы ханның мүрдесі қазып алынады. Мазарда оң буыны жоқ аз ғана жарылған бассүйегі бар сүлде табылды.
1982 жылы ескерткіш қорғалатындар тізіміне енгізілді. 2000 жылы кесенені қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2005 жылы Қазақстанда Жошы ханның кесенесі бейнеленген номиналы 500 теңге мерейтойлық монета шығарылды.