Жамбыл облысы, қазіргі Тараз қаласының орталығында Дәуітбек Шамансұр кесенесі орналасқан. Бұл кесене монғол наменгері Ұлұқ Білге Икбалхан Дәуітбектің жерленген жерінде тұрғызылған. Осы сәулет өнерінің ескерткіші жергілікті халық арасында Шамансұр кесенесі атымен белгілі.
Осы жерлеу құрылысының орналасу жері кездейсоқ емес, оның жанында Қарахан кесенесі орналасқан, ал бүкіл территориясы көне Тараз қаласының рабадына кірген болатын. Шағын тарихи анықтама, рабад (араб. —қала айналасы), 7—8 ғғ. Орта Азия мен Парсы елінің қалаларында кәсіпшілік-саудалық қала маңындағы елді мекен. Рабад шахристанмен шектесіп отырды. 9—10 ғғ. рабад шығыс феодалдық қаланың экономикалық және саяси орталығы болып саналған. 11-12 ғасырларда монғол наменгері жерленгенде, кесене көне ортағасырлық қаланың дәл орталығында орналасқан.
Сәулет өнерінің ескерткіші жобасы жағынан төртбұрышты порталдық-күмбезді құрылыс түрінде орындалған және күйілген кірпіштен салынған кесене болып табылады. Бетше босағасы аласа, тегіс, жан-жағынан екі кіші мұнаралар бой көтерген. Бетше босағасы кесененің күмбезді жағына етене жақын орналасқан. Кесене есігі қызықты шығыс өрнегімен безендірілген. Аласа күмбездің табаны доғалар мен кесене қабырғалары болып табылады. Ішкі жайдың орталығында тастан жасалған сатылы мұнара түріндегі құлпытас орналасқан. Кесененің бүкіл құрылымы тегіс күйілген кірпіштен жасалған. Сәулетші мен құрылысшысы белгілі емес.
Көптеген қайта салулар мен қалпына келтіру жұмыстар нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысында кесене өзінің қазіргі кездегі көрінісіне ие болды. Алғашында кесене күмбезі төрт жартылай дөңгелек доғаларда тұрған ротондық типтегі шағын құрылыс болғаны әбден мүмкін. Доғалар тақталардан қаланған тастан жасалған іргетасқа сүйеніп тұрған.
Қабір үстіндегі мұнарада араб тілінде Дәуітбек Шамансұрдың дүние салған кезі –1262 ж. қашалып көрсетілген. Бұл жазуды 1893 ж. ғалым В. В. Бартольд пен 1939 ж. академик А. М. Беленицкий екі рет зерттеп, оқыған. Қазіргі тілге бұл жазу әдеби түрде осылай аударылады: «Қалам мен қылыштың иесі. Қоран мен жаны таза жандардың қорғаушысы болды».
Бүгінгі күнде кесене екі рет қалпына келтіру жұмыстарынан өтті, осылай 1981 жылы қалпына келтіру жұмысты Жамбыл қалпына келтіру шеберханасы өткізді. Қалпына келтіру жобасының авторы Қуандықов болды.
2001-2002 жылдары «Қазреставрация» РМК ұйымы ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. 1982 жылы Дәуітбек Шамансұрдың кесенесі республикалық маңызындағы тарих пен мәдениет ескерткіштер тізіміне қосылған және «Көне Тараздың ескерткіштері» объектісі шеңберінде мемлекеттің қорғауына алынды, ал 2008 жылы ол жеке мәдени-тарихи нысан ретінде бөлініп шығарылды.
Аблайкит – XVII ғасырдың буддалық бекініс-монастырі. Ламаистік бекініс-монастрырьдің жақсы үлгісі. Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 60 км, Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км, Сібе өзеніне жақын жерде орналасқан.
Семей қаласының орталығында, Абай 50 көшесінде қаладағы ең әдемі республикалық маңызындағы сәулет ескерткіштерінің бірі – Екі мұнаралы соборлы мешіт орналасқан. Ол 1856-1862 жылдары аралығында салынып, ХІХ ғасырдың діни ислам сәулетшілігінің үлгісі болып табылады.