Асан ата кесенесін Орталық Азияның барлық түркі халықтарының мұрасы деуге болады. Кесене Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм теміржол бекетінен шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Салынған уақыты – XVI ғ. имарат авторы белгісіз.

Әйгілі ескерткіш мемлекеттік қайраткер, ақын және фәлсафашы Асан Қайғы Сәбитұлына арналып салынған. "Қайғы" лақабы «сормандай» дегенді білдіреді, бұл XIV ғасырдың соңында- XV ғасырдың ортасында өмір сүрген танымал ақын тағдырының айқын көрінісі. Қазақ аңыздары бойынша Асан Қайғы саяхатқа көп шығатын, Қоқанд, Бұқара, Хиуа, тіпті қашықтағы қала Қашғарға барып қайтқан. Дала данасының басты фәлсафалық жолы халқын құрғақшылық, аурулар мен дұшпандар қорқыта алмайтын жерұйықты іздеу болды. Шығармашылық жолында жемісті болған Асан Жәнібек ханның сарайында жырау (ақылшы) ретінде ұстаздық еткен кезең.

Сәулет жағынан кесене ғимараты кіреберісі мен күмбезі бар ортағасырлық ритуалды имарат. Негізгі құрылыс материалы ретінде саз ерітіндісінде күйдірілген кірпіш қолданылған.

Күмбез және күмбез астындағы орын-жай 3,8 м және 6,98 м мөлшерлі берік тікбұрышты кіреберіске сүйенген. Жерден күмбез ұшына дейін ғимараттың ұзындығы 7,76 м. Күмбездің сегіз қырлы құрылысы бұрышты сүйірленген аркалардан тұрады. Кесененің ішкі интерьері цемент және саз ерітінділерімен әрленген қабырғалар.

АқынАсанның қазақстандық құрметтеушілерінен бөлек кесенеге Орталық Азияның көптеген түркі елдерінің тұрғындары: өзбектер, қарақалпақтар, түрікмен мен қырғыздар келеді.

Келушілер үшін Бәйгеқұм теміржол бекетінен автокөлік бағдары ұйымдастырылған. Бұл ескерткіштің тарихи құндылығы кеңес кезеңінің өзінде ақ белгіленген - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1982 жылы Асан ата кесенесі Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізіліп, мемлекеттік қорғауға алынған.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Асан кесенесі

Ескерткіштер
Айтбай мешіті

Қызылорда қаласындағы ең көне сәулет ескерткіші Айтбай мешіті болып табылады. Бұл діни құрылысты қаланың тұрғындары мен қонақтары өте жақсы біледі, мешіт Қызылорда қаласының орталығында орналасқан және ең басты көрікті жерлердің бірі болып табылады.  


Ескерткіштер
Айқожа кесенесі

Айқожа кесенеі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқан босағасы жоқ күмбезді имарат. Кесене Ташкент, Бұқара және Ауғанстанда насихат жүргізген танымал мұсылман тәлімгері және рухани ұстаз Айқожа ишанның (1773-1857 жж.) есімімен аталған.