Арыстанбаб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни дәруішжәне уағызшы Арыстанбабтың бейітінде орнатылған ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің қызықты ескерткіші. Отырар қалашығынан және Шәуілдір ауылынан 2 км, Шымкент қаласынан 150 қашықтықта орналасқан. Ескерткіш өңір мұсылмандарының басты ғибадат ету орындарының бірі.

Уағызшы Арыстанбаб ХІІ ғасырда Отырар маңында өмір сүрген. Арыстан есімі қазақ тілінен аударғанда «арыстандай батыл» мағынасын береді. Сопылық фәлсафада арыстан деп Жол Адамын атағын. Дүние жүзін шарлаған Арыстанбаб көп саяхаттаған. Ол түрлі діни ағымдарды зерттеген. Исламды қабылдағаннан кейін қалған өмірін сопылық мағынадағы исламды уағыздауға арнайды. Арыстан уағыздаған қызмет пен идеялар туралы Ахмет Яссауи өзінің «Диуани Хикмет» кітабында жазады. Өлең жолдарында Арыстанбаб оның руһани ұстазы, тәлімгері болғаны туралы айтылады. Алғаш рет Яссауи онымен 7 жасында танысады. Ұстаз жас Яссауиге зұлымдық пен зорлықтан алшақ болып, адамсүйгіштік пен құдайға махаббат танытуды үйретті. Аңыздың бір нұсқасы бойынша Арыстанбаб 400 жыл өмір сүріп Мұхаммед Пайғамбардың серіктесі болған. Пайғамбар 400 жылдан кейін Ахмет есімді мұсылман дүниеге келетіні және аманат ретінде оған оның табағынан құрманы беру қажеттілігі жайлы айтып кеткен. Арыстанбаб аманатты орындауға өзі тіленіп шығады да «Егер Алладан 400 жыл ғұмыр сұрап берсеңіз, мен құрманы апарып берем» деген екен. Ол уәдесін орындайды, өлімінің алдында Ахмет Яссауиге құрманың сүйегін тапсырады.
Бастапқы кезде бейіттегі кесене ол қайтыс болғаннан кейін XII ғасырда салынған болатын. Уақыт өте, монғолдардың қатысуымен ол қиратылады. XIV ғасырда Темірдің бұйрығымен қиратылған ғимараттың орнына жаңа имарат тұрғызылады. Бүгінгі күні бұл құрылыстан тек айванның қашалған ағаш бағаналары ғана қалған.

XVIII ғасырда жер сілкінісі салдарынан қирап қалған көне мазардың орнына айваны бар екі күмбезді құрылыс салынады. Ол қайта талқандалып 1909 жылы қалпына келтіріледі. 1971 жылы апатты жағдайға жеткізген жер асты суларының үлкен деңгейі салдарынан мешіт ысырылып жаңадан салынады.

Қазіргі кезде Арыстанбаб мазарының үстінде алаңы 35х12 метр кесене тұр. Ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимарат үлкен күмбезді дәлізбен біріктірілген екі камералы қабірден (гурхандар) және бата оқитын мешіттен тұрады. Жалпы, кесене көпкамералы кешен. Гурханның орталығы – Арыстанбабтың сәулетті құлпытасы, ал көрші орын-жайларда оның шәкірттері мен ізбасарлары - Хермет-Азыра, Қарға баба, Лашын бабалардың құлпытастары орнатылған. Кесене бастапқы орын-жайларға түрлі құрылыс элементтерін кезең-кезеңмен қосу арқөылы салынған. Гурхана мен бата оқитын мешіт бас қасбеттің ортақ тұтас қабырғасымен біріктірілген. Ғимараттың қасбетін екі мұнара аяқтайды, олар мүсінді кірпіш қалауымен безендірілген.

Жалпы құрылыс, әсіресе портал стилі Орта Азияға тән емес. Портал ХІХ ғасырдың еуропалық және орыс сәулет өнерінен алынған сәндік элементтермен жасалған. Құрылыстың ортағасырлық бөлшектері кесене құрылысының екінші кезеңінен (XIV—XV ғасырлар) сақталып қалған оюлы қос ағаш бағана. Тарихи деректер бойынша бұл кесене ХІІ-ХVІІІ ғасырларда бірнеше рет салынып қайта қалпына келтірілген.

Бүгінгі күні кесене Орталық Азиядағы мұсылмандық аруақты жерлердің бірі саналады 1982 жылдан бері Арыстанбаб кесене-мешіті мемлекеттің қорғауында.

  • Достарға әңгімеле:
Ж. Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театры елдегі көне театрлардың бірі болып табылады, ол 1934 жылы құрылған, ал оның бай тарихына тіпті астаналық театрлары қызыға алады. Жұмыстың ұзақ жылдары бойы театр сахнасында ұлттық және әлемдік классиканың көптеген үздік туындылары қойылған.

Ескерткіштер
Ж.Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театры

Ж. Шанин атындағы облыстық Қазақ драма театры елдегі көне театрлардың бірі болып табылады, ол 1934 жылы құрылған, ал оның бай тарихына тіпті астаналық театрлары қызыға алады. Жұмыстың ұзақ жылдары бойы театр сахнасында ұлттық және әлемдік классиканың көптеген үздік туындылары қойылған.

Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Ескерткіш Балабөген өзенінің алқабында Қаратаудың оңтүстік баурайында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 

Ескерткіштер
Домалақ ана кесенесі - ХІ ғасырдағы сәулет ескерткіші

Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Ескерткіш Балабөген өзенінің алқабында Қаратаудың оңтүстік баурайында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.