Алаша ханның кесенесі Орталық Қазақстан мен Орталық Азиядағы ескерткіштері арасынан ерекше орынға ие болып табылады, ең бастысы ол өзінің бірегей сәулет-көркеөнер қасиеттерімен ерекшеленеді. Кесене XII ғасырдың ескерткіштеріне жатады, ол Қарағанды облысының Ұлытау ауданы Малшыбай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің оңжағалауында орналасқан.
Кесене XII ғасырда аты аңызға айналған Алаша ханның қабірі ретінде салынған, оның есімін қазақтың үш жүзінің пайда болуымен байланыстырады. «Алаш» термині көне заманмен, тайпалар мен рулар бөлінбеген және ортақ мал ұстаған кездермен байланысты. Алаша хан Орта Азияның атақты билеушісінің (Абдулла хан, Қызыл Арыстан хан, Абдул Әзис хан) ұлы болып табылады деген болжам жасалынған. Қазақ шежіресінде Алаша ханның ерте кездегі өмірбаяны туған әкесі мойындамаған және кезбе өмір салтымен жүрген патшаның қуғындалушының тарихы ретінде көрсетіледі. Ол жайындағы бізге жеткен ең көне деректі Шығыстың ұлы тарихышысы Рашид ад-Дин жазба дерекнамаларында жазған (XIV ғ.ортасы.): «...түркілер Яфетті Бұлжа хан (Аоулжы хан) деп атаған, қазір де солай атайды және осы Бұлжа хан (Абылжа хан) Нойдың ұлы немесе немересі болып табылғанын анық білмейді, бірақ олардың ойлауынша, ол оның тегінен шығып, оған уақыт жағынан жақын болып табылады. Барлық монғолдар, түркі тайпалар мен көшпенділер (сөзбе-сөз: дала тұрғындары) оның тегінен шыққан. Алаша хан жайындағы бірнеше қызықты деректерді Ш. Уәлиханов жазған, ал сол адам бар, барлығына белгілі, растықты жоғары бағалаған адам болған. Белгілі тарихшы Ж. О. Артықбаев «Қазақың билік еткен сарайының тарихи материалдары» кітабында Алаша хан жайындағы көптеген аңыздарды салыстырып, М.Ж. Көпеевтің толық нұсқасын табады: «Алаша ханға дейін қазақтар біртұтас халық пен мемлекет болып саналмаған, басқа халықтар да оларды осылай есептемеген. Теңбіл баланы билеуші етіп таңдап, оны атын соғыс кезінже ұран сияқты етіп дауыстаған. Олар оның атын жауға шабуыл жасаған кезде осы ұранды айтуға, ал сол ұранды айтпаған кісіні, тіпті туған әкесі болса да, қас дұшпаны сияқты өлтіруге келіскен. Ерте заманнан осындай сөз қалды: «Алаш Алаш болған кезінде, Алаш хан болып атанған кезінде, біздің үйіміз киіз болған кезде, біздің ұранымыз Алаш болған кезімізде, сол кезде қазақ болып, үш жүздің балалары болып аталдық....».
Мавзолей Алаша-хана это поистине удивительное и величественное сооружение созданное
неизвестными средневековыми мастерами. Алаша ханның кесенесі орта ғасырлардағы белгісіз шеберлері салған шынымен таңғаларлық және алып ғимарат. Ғимарат ерекше күйілген кірпіштен салынған, көне құрылысшылар терезе ойықтары мен есіктерді безендіру үшін ағашты пайдаланған.
Сәулеті жағыан Алаша ханның кесенесі биктігі 10 м құрайтын, 9,73×11,9 көлемдегі тік бұрышты болып келеді. Басты қасбеттің ортасында жарма есік орнатылған, оның артында екі доғасы бар, біршама тереңдетілген екі түсті жолақпен жиектелген және әшекейлі кірпіштермен безендірілген текше орналасқан. Қасбеттің екі жағынан алты қырлы бағаналар орналасқан, олардың әрқайсысы үш жарты шарға тіреніп тұр, олардың екеуі біртұтас, ал үшіншісі бағананың негізі ретінде тұр. Кесененің басты есігінің биіктігі 2 м , ал ені 1,2 м құрайды. Кесене қабырғалары сегіз тіреуіштерімен бекітілген; күмбезі 16-қырлы барабанға тіреледі, оның айналасында айналма галерея орналасқан.
Композицияның түзу үйлесімдері мен өзгеше элементтерінің арқасында, сондай-ақ сәулет амалдарының сәтті байланысы мен ақырын зердің арқасында ғимарат біртұтас және алып болып көрінеді. Бұл әсер кесененің ашық, көтеріңкі жерде сәтті орналасуының арқасында күшееді. Өзінің сәулет-техникалық сипаттамалары бойынша бұл ескерткіш бірегей болып табылады, себебі осындай стильді Орта Азиядағы сәулет өнерінде кездестіру сирек жағдай болып келеді. 1982 жылы Алаша ханның кесенесі Қазақ КСР республикалық маңызындағы тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне қосылған және мемлекет қорғауы астына алынған.
Қарағанды облысы Жанарқа ауданында X-XI ғасырдың сәулет өнерінің ескерткіші Жұбан Ана кесенесі орналасқан. Өкінішке орай, оны салған адамның есімі де, бұл ,имаратты тұрғызу тарихын да білмейміз. Осыған қарамастан, Жұбан Ана кесенесі осы аймақта орналасқан орта ғасырлардағы ең қызықты сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылады.
«Шахтер даңқы» монументі Қарағанды қаласының өзгеше нышаны, оған Қазақстанның көмір астанасының атауы байланысты. Бұл ескерткіш 1974 жылы Қарағанды көмір алабы 2 миллион тонна көмірді өндіру құрметіне орнатылған.