Айқожа кесенеі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқан босағасы жоқ күмбезді имарат. Кесене Ташкент, Бұқара және Ауғанстанда насихат жүргізген танымал мұсылман тәлімгері және рухани ұстаз Айқожа ишанның (1773-1857 жж.) есімімен аталған. Туған еліне оралғанан кейін ишан ағартушылықпен айналысып, медресе ашады.

Қазіргі таңда кесене Оңтүстік Қазақстан тарихи объектілерінің ішінде XVI-XVII ғғ. мерзіміне жататын ең қызықты объект болып табылады

Сәулет жағынан кесене саз ерітіндісі негізінде кірпіштен қаланған сегіз қырлы күмбезі және кішкене терезелері бар тікбұрышты имарат. Бұл құрылыстың фундаменті ретінде кірпіш тұр, оның астына 20см тереңдікте тас бетон қойылған. Сырт жағынан фундаменттің жер асты биіктігі 50 см. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде қиыршық тасты қалау жасалған, кейіннен ол жоғалып кетті. Қабырғаларының қалыңдығы орташа есеппен 1,4 м жетеді, жіктердің мөлшері – 5 см жетеді.

Кесене интерьерінің басты бөлшегі – сүйірленіп аяқталатын құлпытас – саған. Әрленген қабырғаларға ежелгі соғды және хорезмдік сарынды ою-өрнек түрінде жазу жазылған.

Айқожа кесенесі Қазақстанның маңызды мәдени назар аударарлық жерлер тізіміне кіреді. Ескерткішке бару үшін теміржол бекеті Бесарықтан жарты сағаттық жерде Жаңақорған ауданына автокөлік бағдарлары ұйымдастырылған.

Айтқожа кесенесінің тарихи маңыздылығын ескере отырып, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1982 жылы кесенеге Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш мәртебесі берілді. Бұл мәртебе бүгінгі күнге дейін күші бар.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Айқожа кесенесі

Ескерткіштер
Асан кесенесі

Асан ата кесенесін Орталық Азияның барлық түркі халықтарының мұрасы деуге болады. Кесене Қызылорда облысы Шиелі ауданы  Бәйгеқұм теміржол бекетінен шығысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Салынған уақыты – XVI ғ. имарат авторы белгісіз.

Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде, Жаңадария өзенінің ескі арнасының сол жағасында аты аңызға айналған Шырық-Рабат қаласы орналасқан. Шырық-Рабат археологиялық ескерткіші бірнеше тарихи дәуірлердің нысаны ретінде зор ғылыми маңызға ие болып табылады. Ескі қала бірегей және ғалымдардың зерттеулері үшін жақсы сақталған болып саналады, тіпті «шырық-рабат мәдениеті» деген бөлек ұғым бар.

Ескерткіштер
Шырық-Рабат ескі қаласы

Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде, Жаңадария өзенінің ескі арнасының сол жағасында аты аңызға айналған Шырық-Рабат қаласы орналасқан. Шырық-Рабат археологиялық ескерткіші бірнеше тарихи дәуірлердің нысаны ретінде зор ғылыми маңызға ие болып табылады. Ескі қала бірегей және ғалымдардың зерттеулері үшін жақсы сақталған болып саналады, тіпті «шырық-рабат мәдениеті» деген бөлек ұғым бар.