Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасының ең ірі мұражайларының бірі болып табылады. Мұражай 1975 жылы құрылған, оның өлкенің тарих, археология, этнография, табиғат пен мәдениет топтамаларында 52 мыңнан астам экспонат бар, олардың үздіктері табиғат, археология, тарих және этногрфия, қазіргі тарих бөлімдерінен тұратын экспозициялық залдарында қойылған.

Мұражайдың экспозициялық ауданы 700 астам шаршы м. тұрады, бүкіл экспозиция тоғыз тақырыптық залдарында орнаасқан. Қаспий теңізінің бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемі залының байлығы мен сан алуандығы бойынша әлемде теңдесі жоқ. Мұражай топтамасында Маңғышлақ түбегі мен Үстірт жонына тән үлкен гербарлық қоры бар.

Мұражай қорларында өлкенің өткенін геологиялық жағынан суреттейтін бай палеонтологиялық топтамалары сақталып жатыр.

Табиғат бөлімінің экспозициясы Маңғыстау облысының геоморфологиясы мен географиялық жағдайымен танысудан басталады. Геология залында көркем минидиорамалар, көрмелер, карталар, диаграммалар Маңғыстаудың геологиялық көрінісін, пайдалы қазбаларын, палеонтологиясын баяндайды. Табиғат залдарында жануарлар әлемі туралы, әсіресе, өлкенің орнитофауна әлемі, өсімдіктер әлемі және тағы басқа табиғи объекттер туралы мол мәліметті алуға болады.

Археология залында Маңғыстау тарихын палеолиттен бастап б.з. ХVIII ғ.дейін көріп білуге болады. Ерте замандағы көшпенділерінің ғибадатханаларынан әкелінген Үстірттің тас мүсіндері ерте темір дәуірінің бірегей ескерткіштері болып табылады. Орта ғасырлардағы өлкенің экономикасы мен сауданың өркендеуі Үстірт жоны арқылы Маңғыстаудың теңіз кемежайларына өткен Ұлы Жібек жолының тармақтануларының біріне байланысты. Осы өлкенің бірегей тарихы мұражай топтамаларында қойылған экспонаттары арқылы баяндалған.

Этнография залының экспозицияларында 20 ғасырдың басына дейін өлкені мекендейтін халықтың негізгі тұрмысы мен негізгі қызмет түрлері көрсетіледі. Маңғыстау қазақтарының өзіндік сәндік-қолданбалы өнер, қолөнершілерінің қол жұмыстарының ұлттық бұйымдары, жабдығы бар киіз үй және сүйек, ағаш және тасқа ойып қашау шеберлерінің өнер туындылары көрсетілген. Асыл металдар мен тастардан жасалған ұлттық зергерлік бұйымдардың бай топтамасы мұражай мақтанышы болып табылады.

Маңғыстау тарихы залы ХІХ ғ.Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірін көрсетеді және алғашқы бекіністері, алғашқы орыс қоныс аударған кісілері, Доса Тажиев басқарған шаруа көтерілісі және түбекте басқа оқиғалар жайында тарихи мәліметтеріне ие.

ХХ ғасырдың Маңғыстау тарихы залының экспозициясы өлкеге тікелей қатысты болған ХХ ғ.жартысындағы маңызды тарихи оқиғаларына арналған. Бурное развитие экономики края, начиная c 50-х годов ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап, өлке экономикасының қарқынды дамуы, мұнай кендерін игеру, атомдық және химия өндірістерінің дамуы түбек өмірінде жаңа дәуірді белгіледі.

Қазақстан Республикасы мұнай өндірісінің 100-жылдығына орай мұражайдың арнайы залы рәсімделінген, осында алғашқы геологиялық экспедициялар, геолог ғалымдары, еңбек сіңірген мұнайшылар мен газшылар, Маңғышлақтағы мұнай және газ өндірістік кен орындары жайында толық мәлімет беріледі.

«Қазақстан – тәуелсіздік жылдары» залы 2004 жылы ашылған, зал экспозициясы жаңа егеменді елдің қалыптасуын, соңғы жылдары Маңғыстау облысында болған оқиғаларды, өлкенің даму перспективаларын баяндайды. Осының барлығы залда қойылған көптеген құжаттар мен фотоматериалдарда көрсетілген.

Халық жазушысы А.Кекілбаевтың шығармашылығына арналған зал халық жазушысы, әлемге танымал сөз шеберінің өмір жолы, шығармашылық жетістіктері мен қоғамдық-саяси қызметі жайында айтады.

Мұражайдың Жаңаөзен қаласында және Шетпе аудан орталығындағы екі әрекеттейтін филиалы бар.

Мұражай қызметкерлері үнемі ғылыми жұмыспен және қорды толықтырумен айналысады, мұражайда табиғат, тарих, археология және этнография бөлімдері, экскірсиялық-бұқаралық жұмыс пен қорлар бөлімдері бар.

Қазіргі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде мұражай ғимаратына «Маңғыстау Мұрасы» орталығы жанасып, салынған. Орталықта мұражай қорларынан алынған этнографиялық заттардың бай топтамаларын пайдаланып, Маңғыстау халқының тарихы, этнографиясы, дәстүрлері, тұрмыс ерекшеліктерін түрлі елдерден терең көрсету жоспарланады. Келуші Маңғыстау қазақтарының бай ақындық, өлеңдік, рухани, тарихи, мәдени, әдеби мұрасын терең біліп алу мүмкіндігіне ие болады. Осы орталық тек экспозициялық көрсеткіш ғана емес, сонымен қатар қол өнершілері өз туындыларын көрсете алатын, домбыраның жанды дауысы мен жыршының дауысын естуге болатын және Маңғыстау мұрасымен байланысты болатын т.б. жері бола алады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Тарас Шевченко мұражайы

Украина шекарасынан тыс Тарас Шевченконың ірі мұражайы Қазақстанда Маңғышлақ түбегінде шағын Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Қалаға Украинаның атақты ақынның есімі берілген, себебі 1850-1857 жылдары ол айдалуда болған.

Шағын Форт-Шевченко қаласы Маңғышлақ түбегіндегі ең көне елді мекендерінің бірі, шекарадағы бұрынғы форпост болып табылады. Өзінің шағын көлеміне қарамастан, осы қала тарихқа толы, осында көптеген көрікті жерлер мен бірнеше бірегей мұражайлар бар.

Мұражайлар
Мангышлака Маңғышлақтың балық аулау және этнографиясының тарихы мұражайы

Шағын Форт-Шевченко қаласы Маңғышлақ түбегіндегі ең көне елді мекендерінің бірі, шекарадағы бұрынғы форпост болып табылады. Өзінің шағын көлеміне қарамастан, осы қала тарихқа толы, осында көптеген көрікті жерлер мен бірнеше бірегей мұражайлар бар.