Ақмола облысында орналасмқан шағын Атбасар қаласы қазақтың атақты жазушысы І.Есенберлиннің есімімен тығыз байланысты. Атбасар жазушының туған қаласы бролып табылады, ол дүние жүзіне белгілі болғанның өзінде жерлестерін ұмытпай жиі осы жерге келіп отырған.
Дәл осы жерде, жазушының туған жерінде 1999 жылы І.Есенберлиннің Әдебиет мұражайы ашылды. Осы мұражайды ұйымдастыру мен ашылуда І.Есенберлиннің ұлы белсенді қатысқан.
Ақын, жазушы және тау инженері І.Есенберлин прозаны жазуды кеш бастады, өзінің қысқа өмірінен кейін 15 романды жазып қалдарды. Дегенмен, қазақ әдебиетінің көрнекті классигінің кітаптарын бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының оқырмандары оқыды, олар дүние жүзінің 30 тіліне аударылып, жалпы тиражға шамамен тоғыз миллион дана болып шықты.
І. Есенберлин қазіргі кезде де тарихпен айналысқан қазақтың алғашқы ғана емес, сонымен қатар ірі жазушысы болып қала береді. Ол Ұлы Даланың өткені туралы құпияларды ашып, Жәнібек хан, Керей, Жәңгір хан, Абылай хан, Әбілқайыр, Қасым, Кенесары, сонымен қатар үш атақты би, үш атақты батыр, үш дана жырау мен тарихи тұлғалар сияқты белгілі тұлғаларды атап, бірнеше ғасыр оқиғаларының хронологиясын құрған.
І.Есенберлиннің туындылары сыртқы саяси мағынасына да ие. Оларды әлемнің көптеген тілдеріне аударудың арқасында көптеген адамдар қазақ халқы, оның батырлық тарихы мен өзіндік мәдениеті жайында білді. Оның «Көшпенділер» басты тарихи трилогиясы бұл — қазақ хандықтарының тек бес ғасырлық тарихы ғана емес, сонымен қатар қазақ мемлекеттілігінің бес ғасырлық тарихы болып табылады.
Жазушының тоғыз кітабын есепке алмағанда, «Көшпенділер» трилогиясы мен «Алтын Орда» қазақ халқының, әсіресе өткен ғасырдың 70—90-ш жылдарындағы ұлттық санасын қалыптасыуна жағымды әсер қалдырған.
І.Есенберлиннің Әдебиет мұражайының экспозициясында ұлы жазуышының өмірі мен шығармашылығының барлық кезеңдері көрсетіледі. Экспонаттар жазушының балалық шағы мен жас шағына; оның Ұлы Отан соғысына қатысуына; кейінгі еңбек қызметіне; әдеби шығармашылығына арналған бөлімдерге бөлінген.
Бүгінгі күнде мұражай қорларында 2000 экспонат бар, олардың көпшілігі мұражай залдарында қойылған және келушілерге көрсетіледі.
Мұражайдың басты экспонаттары жазушының жеке заттары болып табылады. Бұл – хаттар, почта, жазушының кітаптары, қолжазбалар, отбасының фотосуреттері.
Мұражай залында жеке заттарының негізінде құрылған Ілияс Есенберлиннің жұмыс кабинетінің ішкі көрінісі қайтадан қалпына келтірілген. Осында тамаша туындыларын жазып отырған жұмыс үстелі орналасқан. Жазушының дәптері, қойын дәптері және телефон анықтамалығы, сүйікті домбырасы мен фотоматериалдар.
2015 жылы ұлы жазушының туған күнінен бері 100-жыл өткені тойланады. Бүкіл Қазақстан осы мерекені тойлайды. Жазушы Ілияс Есенберлиннің 100-жылдығы ЮНЕСКО-ның 2014-2015 жылының ұмытылмас күндердің күнтізбесіне қосылған.
Жазушының мерейтойына орай І.Есенберлиннің Әдебиет мұражайында ғимараттың күрделі жөндеуден өткізуді, сонымен қатар залдардың экспозицияларын жаңарту жоспарланады. Мұражай қызметкерлері ұлы жазушының өміріне байланысты жаңа экспонаттары мен материалдарды іздеу бойынша жұмыс жүргізп жатыр.