Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облысының қазақ музыкалық-драма театрының елу жылдан астам уақыттағы тарихы бар. Театр 1955 жылы Талдықорған қаласында Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарындағы көркемөнер ұжымшар-кеншар театрлардың негізінде ашылған. Театрдың шығармашылық қызметі мықты және соны бастамадан басталған, ашылуы кезінде Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоты» атты трагедиясы қойылған. Осы спектакльдің тұсаукесері 1955 жылы 25 қарашада өткен. Сәтті бес жылдық жұмыстан кейін, 1960 жылы наурызда театр Қызылордаға көшті.

1967 жылы театрдың шығармашылық жетістіктері құнынан қарай бағаланып, оған Н. Бекежановтың есімі берілген. 1997 жылы Н. Бекежанов атындағы музыкалық-драма театры болып, бүгінгі атауын алды.

Қызылорда облысының қазақ музыкалық-драма театрын құру бастамашылары мен басты негізін салушылары болып Б. Балғынбаев, Ш. Мәрденов, К. Саурықов, ҚР халық әртісі Ш. Бакирова, ҚР еңбек сіңірген әртісі К. Көпбаева, Қ. Көпбаев, С. Рақышев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Т. Айнақұлов, Р. Ташыбаева, А. Манасбаева, ҚР халық әртісі Ж. Бағысова, К. Канетов, ҚР халық әртісі С. Шотықов сияқты сахна корифейлері болып табылады.

Кейін театр Қызылордада жұмысын бастаған кезінде оның труппасына ҚР еңбек сіңірген әртісі О. Әбдімомынов, Ш. Әбдибаев, Б. Алпысбаев, А. Арысбаева, А. Сейілханов және т.б.кірді.

Қызылорда театры шығармашылығы жағынан көптеген қазақ әртістері мен түрлі уақыттағы театр қайраткерлерінің есімдерімен байланысты болып келеді, театрдың басты режиссерлері ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж. Әбілтаев (1955-62 жж.), Мен Дон Ук (1962-63жж.),ҚР халық әртісі Р. С. Андриасян (1963-64жж.), ҚР халық әртісі М. Байсеркенов (1964-70жж.), Төлеш Тұңғышбаев (1970-72жж.), Тастан Өтебаев (1972-74жж.), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Теміров (1974-88жж.), ҚР халық әртісі Ерғали Оразымбетов (1988-2001жж.) сияқты шеберлер болған.

Осы адамдар театрдың шығармашылық ізденісінде елеулі ізін қалдырғаны және лайықты даңқы мен көрермендердің жылы ықыласын әкелгенә сөзсіз.

Жұмыстың ұзақ жылдары бойы театр ұжымы тек көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленбей, сонымен қатар көрнекті шығармашылық жетістіктерге жетті. 1968 жылы республика бойынша алғаш рет В. Вишневскийдің «Оптимистік трагедия» атты спектаклі үшін Қазақстанның Ленин комсомолының иегері болды. Театр КСРО-ндағы Неміс, Венгр драматургия сыйлығының иегері , сонымен қатар КСРО халықтарының драматургиясы бойынша сыйлықтың екі мәрте иегері болып атанды.

Театр ұжымы екі мәрте КОБОО және КСРО Мәдениет министрлігінің ауыспалы туының иегері болды. 2000 жылы Павлодар қаласында театрдың бас суретшісі С. Пірманов VІІІ Республикалық театралды фестивалінің лауреаты болып, «Жылдың үздік суретшісі» номинациясын жеңді, ал ҚР еңбек сіңірген әртісі Б. Алпысбаев «Эпизодтық рөлін ойнаған ең үздік орындаушы» номинациясын жеңді. 2003 жылы Орал қаласында Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған ХІ Республикалық театралды фестивалінде Т. Әліпбайдың «Исатайдың барында» спектаклінің қойылымы үшін театр жүлделі екінші орынға ие болды. 2004 жылы Қостанай қаласында Қапан Бадыровтың 100-жылдығына арналған ХІІ Республикалық театралды фестивалінде Ж. Аймауытов пен Б. Майлиннің «Аласапыран» атты спектаклі үшін театрға екінші орын берілген. 2005 жылы театр Татарстанның астанасы Қазан қаласының 1000-жылдығына арналған «Наурыз» түркі халықтарының театралды фестивалінде Қазақстан Республикасынан барды.

Бүгінгі күнде театр труппасында жас дарынды актерлер сәтті және жемісті жұмыс атқарып жатыр. Олар ҚР еңбек сіңірген әртісі Ұ. Бегімова, мәдениет қайраткерлері О. Нұрмаханов, К. Абжанова, О. Насымханов, Б. Ботбаев, З. Төлепова, ҚР Жастар одағының лауреаттары Б. Темірбеков, К. Айтжанова, әртістер А. Артықбаева, А. Байдалиева, М. Пұшпақова, Ұ. Баймаханов, Н. Шыналиев және т.б.

Қызылорда облысының қазақ-драма театры жанында әрдайым «Сыр әзілі» сықақ театры және «Нартай немерелері» қуыршақ тобы жқмыс істеп жатыр. Театр репертуарында 20-дан астам спектакль бар. Көрермендер мысырлық драматург Т.Әл-Хакімнің «Абыржып қалған Сұлтан» атты трагикомедиясы, С. Ахмадтың «Келіннің лаңы», Д. Исабековтың «Мұңлық-Зарлық», С. Жұматтың «Қанішер күйеу», С. Балғабаевтың «Өтірік айтпайтын адам», Л. Егімбердиеваның «Қиын тағдыр» мелодрамасы сияқты қойылымдарды жылы қарсы алып жатады.

  • Достарға әңгімеле:
Қызылорда облысы Қарамақшы ауданында Тағай ауылынынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым жерде VII-VIII ғасырларының бірегей сәулет ескерткіші Сырлытам кесенесі орналасқан.

Ескерткіштер
Сырлытам кесенесі

Қызылорда облысы Қарамақшы ауданында Тағай ауылынынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым жерде VII-VIII ғасырларының бірегей сәулет ескерткіші Сырлытам кесенесі орналасқан. 


Ескерткіштер
Қорқыт Ата ескерткіші

Ерте заманнан бері Қазақ даласында Қорқыт жайында көптеген аңыз айтылып жатыр. Қорқыт – IX ғасырдың аты аңызға айналған түріктің жыршы-ақыны мен сазгері, Сырдария бойындағы даласынан шыққан.