Қарағандының мұражайлары мен мәдени көрікті жерлерінің арасында, бейнелеу өнерінің облыстық мұражайы ерекше орынға ие, ең бастысы ол өзінің бай және бірегей экспозициясымен қызықты болып келеді. Мұражай құрушылары мен жетекшілері мұражайдың біршама қысқа өміріне қарамастан, таңғаларлық топтаманы жинай алды.

Қарағандыдағы бейнелеу өнерінің мұражайы 1988 жылының қыркүйек айында Қаз КСР Мемлекеттік Комитетінің мәдениет бойынша бұйрығымен ашылды.. Бастапқыда мұражай облыстық өлкетанушылық мұражайдың бейнелеу өнерінің бөлімі ретінде жұмыс істеді, бірақ бір жыл соң 1989 жылы ол бейнелеу өнері мұражайының жеке мәртебесіне иеленді.

Бүгінгі күнде мұражайда өнердің бай топтамасы бар, ал оның барлық қорлары келесі бөлімдер бойынша бөлінген: Қазақстандағы сурет өнері;ТМД сурет өнері; Қазақстан графикасы; ТМД графикасы; экслибристер; Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері; ТМД және Қиырдағы Шетел сәндік-қолданбалы өнері; Қазақстан мен Ресей мүсіндері.

Мұражай топтамасы көптеген адамдардың құлшынысы мен жігерінің арқасында аз-аздап жиналған. Алғашында топтаманың негізіне қарағандылық шеберлері сыйлаған туындылар кірген, сонан соң мұражай қорлары түрлі ұйымдар сыйлаған жұмыстарымен толықтырылған.

Осылай атақты суретшілердің: Ә. Қастеев, А. Ғалымбаева, Г.Исмаилова, К.Тельжанов, Л.Леонтьев, Е.Сидоркин, С. Мамбеевтің және т.б.туындылары Қазақстан ДХВ келген.

Мұражайдың үлкен жұмысы мен шығармашылық байланыстардың нәтижесі топтаманың ғасыр басындағы көптеген бірлестіктердің туындыларымен – ОСТ өкілдері С. Лучишкиннің суреттерімен, 1930-40 жж. Д. Митрохиннің графикасымен жасалған Мәскеу суретшісі И. Рубанның сурет жұмыстарымен, 1905 жылдағы Я. Налустың тақталарының бедерлемелерімен және т.б. толығуы.

Мұражай келушілері мен өнер саласындағы мамандар үшін үлкен қызығушылық болып табылатыны – 30-50-ші жылдары Қарағандыда тұрған кеңестік суретішілері жайында «Қмытылған есімдер» топтамасы. Бұл Мәскеу қаласынан келген суретші С. Ивашев-Мусатов– И. Машковтың суретші-классиктің шәкіртінің, суретші В. Эйферттің, бүкіл дүние жүзіне таныған акварельші А. Фонвизиннің, акварельші, кітап графигі Г. Гамбургердің, лирикалық табиғи суретінің шебері Л. Усайтистің және қағазды шығармашылық кесу техникасын қалтқысыз білетін Р. Граббе туындылары.

Өнердің экслибристің әлемге әйгілі бағалаушысы, өнертанушы және жинаушы С. Ивенскойдыі арқасында мұражай алған экслибристің тамаша топтамасы ерекше.Оның көрмелері бізде де, шетелде де табысқа қол жеткізді.

Бірегей белгілердің авторлардың арасында – орыстың атақты А. Остроумова-Лебедева, Графиктердің бүкіләлемдің ұйымының мүшесі Калашников, көптеген шетел шеберлері Отто Фаиль, Герард Годуэн, өзінің баспа графикасының сапасымен бүкіл әлемге танымал болған итальяндық Ремо Вольф бар. Қарағандының бейнелеу өнері мұражайы экспозициялық және көрмелік қызметімен байланысты үлкен жұмысты өткізген. Осында Қарағандының Суретшілер Кеңесінің жеке дәстүрлі есеп көрмелер-сайыстар, мерейтойлық, тақырыптық, мемориалдық және т.б. көрмелер-сайыстар өткізіледі. Мұражай топтамасы үнемі жаңа бірегей экспонаттарымен толықтырылады, есігі әрдайым өнерге құмар адамдарға ашық.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Жезқазған тарихи – өлкетану мұражайы

Жезқазған тарихи – өлкетану мұражайы 1978 жылы ашылған. Ол жезқазған тау – металлург комбинатының тарихи – өндірістік мұражайы негізінде құрылған. 1983 жылы мұражайға қазіргі Алашахан даңғылы бойынша орналасқан ғимараты берілген.


Мұражайлар
Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы

Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1932 жылы 7 қарашада РКФСР Халықтың комитеті бұйрығымен ашылған. 1979 жылдан бері мұражай екі қабатты ғимаратқа ауысқан. 1999 жылдық 21 қаңтарынан бастап мұражай коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болды.