Мекен – жайы: Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 38. Телефоны: +7 (7212) 56-45-63



Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы 1932 жылы 7 қарашада РКФСР Халықтың комитеті бұйрығымен ашылған. 1979 жылдан бері мұражай екі қабатты ғимаратқа ауысқан. 1999 жылдық 21 қаңтарынан бастап мұражай коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болды. Мұражай экспозициясы аумағы 1800 км.м. құрайды және 14 залдарда орналасқан. Бүгінгі таңда мұражай қоры 148.194 сақтау бірлігін қамтиды, соның ішінде: негізгі қор – 122.562, ғылыми – көмекші қор – 25.632. 2011 жылы мұражайлық технологияның заманауи ақпараттық құралдарынын пайдалану арқылы мұражайға реэкспозиция жұмыстары жасалған.



Мұражай экспозициясы бірнеше тақырыптық залдарға бөлінген. «Табиғат» залында Орталық Қазақстанда мекен ететін, құстар, сүтқоректілер мен жануарлардың алуан түрлері ұсынылған. Қазақ халқының аушы құстарын үйрету өнерін дәріптейтін дәстүрді жаңғыртқан «Құсбегі» Қазақстан халықаралық мектебі келушілердің асқан қызығушылықтарын тудырады. Археология залында облыс территориясында (Майтан, Еңбексүйгіш, Беғазы – Дәндібай, т.б.) табылған 600 тұрақ, қорым мен қоныс мекендерінің табыстары сақталуда. Қарқаралы тауларында зерттелген үңгірдің макет – диарамасы көрнекі түрде халыққа ежелгі адамдардың өмірі мен атқарған жұмыстарынан хабар береді. Батпақ 8,12 қонысынан табылған нысандар алғашқы адамдардың еңбек құралдарымен таныстырады – нуклеустер, жаңқа, түйреу – шаншу құралдары, айырғылар. Алғаш рет экспозицияда руникалық жазбалары бар Орхон – Енисейлік Күлтегін тасының көшірмесі бейнеленген панно түріндегі ежелгі түрік империясынан мәлімет беретін тарихи раритеттер ұсынылған. «Дәстүрлі қазақ қоғамы» залында бірегей экспонаттар ұсынылған: Қазыбек би, Әбілхайыр хан, Абылай хан мен басқа да саяси қайраткерлердің, қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының түпнұсқадағы хаттары, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық – демократиялық қозғалыстарының тарихын ашатын мұрағаттық материалдар халық назарына ұсынылған. Жеке залдарда кеңес одағы кезеңінің тарихынан ақпар беретін экспонаттар қойылған.



Үлкен залдардың бірі тұтас Қарағанды көмір бассейнінің қалыптасуы мен көмірді өндіру тарихына арналған. Зал экспозициясында 1920 – 30 – жылдардағы аймақтың алғашқы геологтары – А.А.Гапеев, З.П.Семенова, И.В.Орлов туралы материалдар ұсынылған. «Шатырлы қалашық» диорамасының 30 – жылдардағы фотосуреттері қаланың тұңғыш негізін салушылар өмірі туралы көрініс береді.



Космонавтика залында Байқоңыр ғарыш айлағымен байланысты экспонаттар ұсынылған. Кешеннің бір бөлігінің Қарағанды облысы территориясында жататынын білеміз және Қызылорда даласынан ұшқан ғарышкерлер соңында осы жерге келіп қонады. Келушілердің назарын Халықаралық ғарыш станциясының макеті, Т.Әубәкіровтың ұшар алдындағы фотосуреттері, ғарышкердің жеке заттары, жойғыш самолетінің авиациялық жабдықтары ерекше алады.



Мұражайда «Арғы аталарымыздың келбеті» атты Қазақстанның ежелгі тұрғындарының компьютерлік анимациясының портреттік қайта құрылуы жасалатын бірегей екі зал өз жұмысын жасайды, бұл экспозициялы залды елімізде де, шетелде де жалғыз әрі бірегей залдардың бірі деп санауымызға болады. Экраннан шығатын «жанданған» ежелгі адамдар маңызды оқиғалар, діни көріністері мен өз тайпаларының сипатты белгілері, мәдениеті мен әлеуметтік құрылымы туралы айтып береді. Көрме орындарында Қазақстанның ежелгі халықтарының материалды мәдениетінің заттары – қару – жарақтар, әшекей бұйымдар, керамикалық ыдыс – аяқтар ұсынылған.



«Сақ мәдениеті» залы Қарқаралы ауданындағы Талды – 2 обасы қорғандарын зерттеу барысында табылған археологиялық табыстар негізінде ашылған. Мұнда Сарыарқаның «Алтын адамы» көрсетілген. Экспедиция нәтижесінде мұнда көшпелі элита өкілдерінің көмілгендігінен хабар беретін 200- дей алтын бұйымдар, ерте сақ мәдениетінде аң стилімен жасалған 22.000- нан астам ұсақ әшекейлер табылған.



Қарағанды облыстық мұражайы бірнеше жылдар қатарынан бұрын Қазақстан территориясында зерттелмеген Тасарал аралында аралдық мәдениеттің бірегей қорғандарына археологиялық жұмыстарын жүргізуде. Абай ауданы ескерткіштеріне зерттеу жүргізіледі, аймақ территориясындағы этнографиялық материалдардың жинастырылуы жүріп жатыр.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Тау және балқыту ісі тарихының мұражайы

Қарағанды облысының Жезді ауылында тау және балқыту ісінің бірегей мұражайы орналасқан. Бұл Қазақстан мен бүкіл Орта Азиядағы бұндай бағдардағы жалғыз мұражай, тек осы мұражайда келушілер көне заманнан бастап біздің уақытымызға жеткен тау-кен ісі мен металлургияның қалыптасуы мен даму тарихымен таныса алады. 


Мұражайлар
Қарағанды облысының бейнелеу өнерінің мұражайы

Қарағандының мұражайлары мен мәдени көрікті жерлерінің арасында, бейнелеу өнерінің облыстық мұражайы ерекше орынға ие, ең бастысы ол өзінің бай және бірегей экспозициясымен қызықты болып келеді. Мұражай құрушылары мен жетекшілері мұражайдың біршама қысқа өміріне қарамастан, таңғаларлық топтаманы жинай алды.