К. С. Станиславский атындағы Қарағанды облысының драма театрдың тарихы өзгеше және өте қызықты болып келеді. Театр Семейде агитбригада негізінде «Живая газета» үгіт және мәдени-бұқаралық жұмыс бойынша жылжымалы театр ұйымдастырылған кезінде 1930жылы ашылған. 1932 жылы театр саяси «Түрксіб» поездінің құрамында болған жылжымалы театр ретінде қайта қалпына келтірілген. Осы кезде театр труппасы мыңдаған шақырым жерді аралап, театр спектакльдерін жүздеген мың адам көрді.
Театрдың тұнғыш директоры мен көркемөнер жетекшісі Василий Портнов болды, ұжым оның скетчтері мен көріністерін қойған.Сол кезде театр үш вагонға орналасып, олардың біреуінде актерлер тұрды, қалған екеуінде реквизиттерң сақталып, дайындық жасалынады. 1935 жылы театр вагонды Қостанайдағы тұрақты ғимараттқа ауыстырды, ал оның репертуарында В. Шекспирдің, А. Островскийдің, А. Афиногеновтың және т.б.авторларының пьесалары пайда болған. 1936 жылы сол ұжым Қарағанды облысының орыс драма театры болып аталды және Прибалхашстройға бағытталған. 1940 жылы ұжымды Қарағандыға жіберілді. Труппа өзінің бірінші мерейтойын «Гамлет» қойылымымен тойланған. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде ұжым соғысқа өз еркімен кеткен 20 адамға кем болып қалды. Театрда Балтық жағасындағы әскеріне концерт қойған концерттік бригада болып құрылған. Қарағандыға Мәскеу мен Киевтегі театрлар көшірілген, және ұжымды 1951 жылғы Кешілердің мәдениет сарайының құрылысы аяқталғанына дейін Балқашқа қайта аударылған.
60 – 70-ші жылдары кезінде театр ұжымын Қаз КСР еңбек сіңірген әртістері, режиссерлер Александар Подобед, Григорий Жезмер, республиканың халық әртісі Рубен Андриасян, Марк Зильберман болды. Сол үшін театр спектакльдері бірнеше рет республикалық сайыстарының жүлдегерлері болды. 1963 жылы драма театры шығармашылық жетістіктері үшін ұлы режиссері К. С. Станиславскийдің есімі берілген.
1981 жылы Қарағанды облысының драма театры өзінің елу жылдығын тойлады, осының құрметіне театр Халықтар Достастығы орденімен марапатталды.
1986 жылынан бастап 2006 жылына дейін жиырма жылдай шақты уақыт бойы басты режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Генрих Оганесян болды. Сол кезде театр Алматы, Донецк, Днепропетровск, Кемерово және т.б.қалаларына гастрольмен барды. Қарағанды облысының драма театры екі мәрте республикалық фестивальдерінің иегері болған.
Театрдың шығармашылық ұжымының негізі әрдайым дарынды актерлер болған, түрлі жылдар бойы оның сахнасында Қаз КСР келесі халық әртістері қызмет атқарды: Василий Караваев, Анна Демидова, Василий Корниенко, Виктор Борисов, біздің республикамыздың еңбек сіңірген әртістері Константин Рауш, Зинаида Горева, Григорий Подзолкин, Натан Белкин, Иван Калачанов, Иван Кошелев, Тимофей Зеленин, Таисия Давыдова, Василий Макуш, Дмитрий Белов, Леонид Спасский, Антонина Зимарева, Анатолий Григоров, РФ халық әртістері Алесей Булдаков, Владимир Белецкий, Нина Константинова, Иосиф Камышев Ресейдің еңбек сіңірген әртістері Надежда Микрюкова, Татьяна Кораблева, Борис Меликжанов, Виктор Мирошниченко, еңбек сіңірген әртісі Армении Юрий Фролов.
Бүгінгі күнде театр труппасында тәжірибелі және атақты актерлері де, жас дарынды сахна шеберлері де жұмыс істеді, театр репертуарында орыс пен шетел классикасының туындылары, сонымен қатар қазіргі кездегі туындыларының сәтті қойылымдары бар.Театр ұжымы әрдайым табынушыларына қуанып, жаңа көрермендерді тартуға тырысады.