Мұнайшылардың тұрғын қалашығы – ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы тұрғын үй сәулетінің бірегей ескерткіші. Атырау қаласының айтулы аудандарының бірі «Жилгородок» шағын орамында орналасқан, кеңестік сәулет өнерінің орасан зор жобаларының бірі. Мұнайшылардың тұрғын қалашығын 1944-1952 жылдары сәулетшілер А.В. Арефьев пен С.В. Васильковский салған.

Қалашықтың құрылыс тарихы мемлекет тарихының елеулі кезеңдерін көрсетеді. Ұлы Отан соғысының қызған шағында 1943 жылы елге жанармай аса қажет болды. Гурьев (Атырау) облысында мұнай өңдейтін зауыт салу туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта алдымен мұнайшыларға арналған тұрғын қалашық тұрғызу қажет еді. Үнемді, әрі Каспий маңы жерлерінің қатаң жағдайларына төзімді құрылыс материалдарын іздегенде, кеңестік құрылысшылар таңдауын гипстік тақтайшаларға тоқтатты. Оларды шығару үшін 1944 жылы Гурьев қаласына жақын жерде арнайы гипс зауыты салынды. Қалашықты итальяндық, румын және ВЛАСОВЦЫ әскери тұтқындардың күшімен 1943 жылғы күзден 1944 жылғы көктем кезеңінде салды. Бірінші кезекте қоғамдық ғимараттар – клуб, 280 орынға арналған жеті жылдық мектеп, мектепке дейінгі орынжай, балабақша, амбулаториялы емхана, монша, наубайана, аудандық қазандық, су құбыры мұнарасы, су айдау станциясы, сауда орын-жайлары, қонақ үй-жатақхана тұрғызылды. Тұрғын үй сәулетінде өңір климатына сәйкес келетін материалдар қолданылды. Үйлердің құрылымдары мен безендірілуінде ортаазиялық сәулет элементтері қолданылды: ғимараттардың шатырсыз жазық жабындары мен айвандар, күмбездер, фрескалық жазбалар, жабыстырылған әшекейлер, ағаш құрлымдар.

Қалашықтың басты көшесі – Әуезов даңғылы көлденең бес көшемен олар өз кезегінде кішкентай тұйық көшелермен қиылысып кішігірім орамдарды құрайды. Қалашық айналасындағы ойластырылған жасыл көшеттер жүйесінің арқасында қалған кеңістікке қарағанда бұл ауданда салқын климат қамтамасыз етілді.

Сәулетшілер рекордты қысқа 1943-1945 жылдар мерзімінде жайластырылған қаланы салып шықты. Тұрғын қалашықтың жалпы алаңы 55 га жуық. Ерекше қалақұрылысы сәулеті және Қазақстандағы мұнай өндірісінің даму тарихын бейнелегені үшін 1982 жылы тұрғын қалашық республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді.

  • Достарға әңгімеле:
Подробнее
Бейне
Мұнайшылардың тұрғын қалашығы
Атырау қаласының орталығында Әйтеке би көшесінде облыстық әкімдік ғимаратының алдында аңызға айналған тұлға, жауынгер және мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарысқа (толық есімі Сұлтан Бейбарыс әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дин Бейбарыс әл-Бұндуқтари әс-Салих) арналып ескерткіш орнатылды. 

Ескерткіштер
Сұлтан Бейбарыс ескерткіші

Қазақтың күйші-сазгері мен тамаша орындаушы Дина Нұрпеисованың ескерткіші 2000 жылы Атырау қаласында музыкалық академия ғимаратының алдында орнатылған. Сәулет ансамбльінің авторы сәулетші Қ.Жарылғапов болды, ал ескерткіштің өзін атақты мүсінші Н.Даубай жасады.

Ескерткіштер
Дина Нұрпеисова ескерткіші