Мекен – жайы: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 22. Телефоны: 8 (7102) 73-77-53

Жезқазған тарихи – өлкетану мұражайы 1978 жылы ашылған. Ол жезқазған тау – металлург комбинатының тарихи – өндірістік мұражайы негізінде құрылған. 1983 жылы мұражайға қазіргі Алашахан даңғылы бойынша орналасқан ғимараты берілген. Мұражайдың жұмысы мен ұйымдастырылуына белгілі өлкетанушылар С.Т.Бүкіров, А.Д.Лобас, К.И.Садвакасов, К.И.Исаева, Д.Л.Березникова, Усманов және т.б. өз үлестерін қосқан. 2006 жылы мұражайдың қалалық көрмемен біріктірілуі болып, көрме залы бар Жезқазған тарихи – археологиялық мұражайы деп атауы өзгертілген.

Мұражайдың жалпы аумақ көлемі – 940 м.кв., қор қоймасы – 129,2 м.кв. Мұражай қоры 25 мыңнан астам сақтау бірліктерін қамтиды, олардың бір бөлігі аса тарихи құндылыққа ие, сондай- ақ Ұлытау – Жезқазған ауданының танымал тұлғаларына жататын сирек кездесетін және бірегей сақталулары бар. Мұражайда экспозиция төрт залда орналастырылған: палеонтология, табиғат, археология мен «Сарыарқа інжуі» этнография бөлімдері. Сонымен қатар Қазақстан мен Жезқазған ауданының танымал суретшілері, қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылған экспозициялық – көрмелік зал мен қызықты адамдармен кездесулер, ғылыми – практикалық конференциялар өткізілетін конференц – зал бар.
Палеонтология залында келушілердің қызығушылығын құнды палеонтологиялық табыстары тудырады: алып парацератерия мүйізтұмсығының сүйектері (олигоцен, 40 – 35 млн. жыл бұрын), майшабақтың акуланың тістері (эоцен, 50 – 32 млн.жыл бұрын), өсімдіктер мен балықтың қалдықтары (395 – 340 млн.жыл бұрын).

Археология бөлігінде академик Ә.Марғұланмен тапсырылған тас мүсіндер, Жошы ордасы қонысынан жез тиын, Ұлытау ауданындағы Шотқара ескі қаласынан алтын алқалар, Жаңаарқа ауданы, Қараағаш қорымынан алтын әшекей бұйымдар топтамалары сияқты қызықты экспонаттар ұсынылған. Мұражай қызметкерлері Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында ежелгі металлургтердің қола дәуіріндегі Талдысай мекені мен Ұлытау ауданындағы Айбас – Дарасы обасында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар Қызылорда облысы, сақтық Шірік – Рабат қорғанын зерттеуде белсенділік танытуда.
«Тарих – біздің істеріміздің қазынасы» залында бірнеше бөлімдер бар: «XV-XIX ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы», «Аймақтың ХІХ – ХХ ғасырлардағы кен игерулері», «Тарихтың ақтаңдақтары», «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы». Бұл залда діни сипаттағы сирек кездесетін кітаптар (Құрандар) мен қолжазбалар ұйымдастырылған, сонымен қатар XVIII – ХІХ ғасырлардағы орыс тарихы, ХХ ғасыр 30 – 50 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша кітаптар ұсынылады. «Павел Буре» фирмасының қабырға сағаттары, ХХ ғасырдың 50 – 70 жылдарындағы тұрмыс заттары, композитор Ж.Сейіловтың зағип жандарға арнап шығарған жазу машинкасы қызығушылық тудырады.

Мұражайдағы бірнеше залдарда дыбысталған диорамалар орнатылған. «Ұлытау бөктері» мен «Сарысу өзенінің шығанағы» диорамаларында Қожамқұлов атындағы театр әртістері дауыстарымен жазылған облыстың табиғаты мен жануарлар әлемі туралы әңгімелер айтылады. Тарих залында Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, С.Сейфуллин, Ю.Левитан, қуғын – сүргінге ұшыраған халық өкілдерінің дауыстарын естуге болады.

Мұражай залдарында аймақтың тарихи және сәулет ескерткіштерінің айтарлықтай нақты макеттері орналастырылған: Аяққамыр (ХІІ ғасыр), Алашахан (ХІІ – ХІV ғғ.), Жошы хан (ХІІІ ғасыр), Бескүмбез (ХІХ ғасыр) кесенелері, Қазақстан халықтары бірлігі мен мемлекеттік тұтастығының символы – Монумент (2005 жыл).
2010 жылы мұражай қоры жаңа көрме қойылымдарымен толықтырылды. Олардың мұражайға көбісі көрмелерді ұйымдастыру барысында және қала бойынша экспонаттарды жинастыру нәтижесінде жеткізілген. Сондай экспонаттарға 557 тиындар мен қағаз ақшаларынан тұратын нумизматикалық топтама, корей диаспорасы өкілдерімен берілген 1937 жылғы қол сағаты, 50 – жылдардың былғары жолдорбасы, жауынгер интернационалистер Г.Құттыбаев пен С.Маргаренконың жеке жиынтықтары, «Чернобыль апаты» тақырыбы бойынша материлдар жатады.

Мәдени – ағартушылық қызмет аясында мұражай қызметкерлері Ұлытау – Жезқазған ауданындағы тарихи, маңызды және киелі жерлер бойынша экскурсиялар ұйымдастырады, әдебиеттанушылар, ақын – жазушылар, жергілікті әртістердің қатысуымен театрландырылған экскурсия – қойылымдар, экскурсия – концерттер, экскурсия – ойындар өткізіледі. Мұражай қабырғасында үнемі «Қаламыздың көшелеріндегі олардың есімдері», «Жезқазған қаласының құрмет азаматтары», «жезқазған – Қазақстан экономикасының локомотиві», «Әйел – көшбасшылар: жетістікке жету формуласы», «Менің жүрегімдегі ана бейнесі» атты тақырыптық стационарлық көрмелер ұйымдастырылады. 2010 жылы мұражайда С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық – драма театры тарихының арнайы залы ашылған болатын. Бұл залда әртістердің фотосуреттері, афишалар, театр тарихы хронологиясын әртүрлі материалдар мен құжаттар көрсетеді.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Қарағанды облысының бейнелеу өнерінің мұражайы

Қарағандының мұражайлары мен мәдени көрікті жерлерінің арасында, бейнелеу өнерінің облыстық мұражайы ерекше орынға ие, ең бастысы ол өзінің бай және бірегей экспозициясымен қызықты болып келеді. Мұражай құрушылары мен жетекшілері мұражайдың біршама қысқа өміріне қарамастан, таңғаларлық топтаманы жинай алды.


Мұражайлар
Тау және балқыту ісі тарихының мұражайы

Қарағанды облысының Жезді ауылында тау және балқыту ісінің бірегей мұражайы орналасқан. Бұл Қазақстан мен бүкіл Орта Азиядағы бұндай бағдардағы жалғыз мұражай, тек осы мұражайда келушілер көне заманнан бастап біздің уақытымызға жеткен тау-кен ісі мен металлургияның қалыптасуы мен даму тарихымен таныса алады.