Мекен-жайы: Төле би даңғылы, 55. Телефон: +7 (7262) 432-585


Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1931 жылы ашылған. Әуел бастан ол қалалық мұражай мәртебесіне ие болды, ал кейін, 40-жылдардың соңында мұражайға облыстық тарихи-өлкетану мәртебесі берілді. Жылдар бойы мұражай коллекциясы түрлі дереккөздерден толығып отырды. Негізінен, қазақстандық ғалымдардың археологиялық экспедицияларының экспонаттары болды, сондай-ақ қор қалалық қоғамдастықтың белсенді қатысуы арқасында толықты.



Мұражайдың ең қымбат экспонаттары археология, нумизматика, этнография бұйымдары, құжаттар мен фотосуреттер. Археологиялық бұйымдардың ғылыми сипаттамасы мен даталауын ол кезде жас ғалым М.Е. Массон жүргізді. Белгілі қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Г.И. Пацевич мұражайды ұйымдастыру және қызмет ету жұмысына белсенді ат салысты. Облыстық мұражайда үш ғылыми бөлім бар: қор бөлімі, тарих, археология және этнография бөлімі, қазіргі заман қоғамының тарих бөлімі.1980 жылдан бастап мұражай бөлімі ретінде алаңы 303 ш.м. көрме залы қызмет етеді. 1978 жылы мұражайға қаланың дәл орталығы Достық алаңынан үш қабатты ғимарат бөлінді. 13 экспозициялық залда алғашқы табылған палеонтологиялық заттардан бастап бүгінгі күнге дейін тарихтың негізгі кезеңдері хронологиялық реттілікпен көрсетілген.



Мұражай Тектұрмас, Бай-Төбе қорғаны, Яны қорғаны сияқты ежелгі қалалар мен мәдениет ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізген экспедиция жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Мұражай қызметкері А.П. Попов бастаған археологиялық экспедиция ІX-XІІ ғасырлардағы ежелгі Тараз моншасына қазба жұмыстарын жүргізді. Археологтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде экспонаттар саны едәуір көбейді.



Қазіргі кезде мұражай қоры 35000 сақтау бірлігінен тұрады. 2002 жылы Тараз қаласының 2000-жылдық мерейтойына орай мұражай толығымен жаңғыртылды, жаңадан 3 павильон ашылды: «Ежелгі түрік жазбалары және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы», «Тараз-2000» қаласы тарихының мұражайы», «Л.В. Брюммердің көркемөнер мұражайы». Қазіргі заманғы мұражай кешенінің жалпы экспозициялық алаңы 2000-ға жуық ш. метрді құрайды.



Мұражай экспозициясы бөлімдерге бөлінген. Табиғат бөлімінде бай палеонтологиялық коллекция сақталған: теңіз жануарларының қатып қалған сүйектері, ірі жануарлардың қатып қалған сүйектері, қатып қалған ағаштар және т.б., сондай-ақ облыс флорасы мен фаунасы өкілдерінің үлкен коллекциясы қойылған. Археология бөлімінде профессор Х.А. Алпысбаевтың ғылыми экспедициясы Қаратау тауларында тапқан тастан жасалған еңбек құралдарының коллекциясы; адам сүйектері; қола орақ; сақ кезеңінде табылған заттар: құрбан шалынатын жерлердегі мүсіндер, жебе және найзалардың ұштары, жауынгердің қола дулығасы көрсетілген. Айта кететіні, ТМД аумағында осындай дулығаның үшеуі ғана, оның біреуі Жамбыл облысы аймағында табылған.



Тараз кезеңі мұражайы экспозициясында құйылмаған және құйылған қыш бұйымдарының коллекциясы: үлкен және кіші формадағы түрлі сауыттар, ас үй аспаптары, су құбырлары, шамшырақтар, сфероконустар, дастархандар, жерлеуге арналған сауыттар – оссурийлер, қоладан жасалған бұйымдар: хош иіс шығаратын аспаптар, осы аспаптарға арналған тіреуіштер және т.б. көрсетілген.



Мұражайдың мақтанышы «Ежелгі түрік жазбалары және ежелгі түрік тас мүсіндер мұражайы» болып табылады. Ол қызықты құрылымға ие – мүсіннің өзі тұрған қорғанды бейнелейтін жартылай шеңбер түріндегі имарат. Бұл мұражайда тас мүсіндер өздерінің табиғи орналасқан жерлеріне максималды түрде жақын көрсетілген, олар тіріліп, ежелгі тайпалар мен халықтардың тарихы жайлы айтатындай. Мұражай кешенінің үшінші жаңа павильоны – көркемөнер. Ол қуғын-сүргінге ұшырап соғыстың басында Қазақстанға жер аударылған бірегей суретші Л.В.Брюммердің шығармашылығына арналған.



Мұражайдың облыс аудандарында үш филиалы бар:

1. Сарысу аудандық тарихи-өлкелік мұражай;

2. Шу аудандық тарихи-өлкелік мұражай;

3. Жуалы Бауыржан Момышұлының мемориалдық мұражайы.



Облыстық мұражайдың негізгі қызмет түрлері:

шолу экскурсияларын жүргізу, өзекті мәселелерге арналған кездесулер мен «дөңгелек үстелдер» өткізу, студенттер, оқушылар, қала және облыс қонақтарына арналған тақырыптық экскурсиялар, мектеп, ЖОО-да және қала мен облыс кәсіпорындарында өлкелік тақырыпта дәріс оқу, көшпелі және стационарлық көрмелер өткізуді ұйымдастыру. Экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы 1979 жылы 11 мамырда Қазақ КСО Министрлер Кеңесі шешімімен ұйымдастырылған. Оның түп бейнесі Тимур станциясы мектебіндегі 1967 жылы 17 мамырда суретші және тарихшы Асантай Әлімовпен құрылған кішігір мұражай болып табылады.


Мұражайлар
К. И. Скрябиннің мұражай үйі

Тараз қаласы көптеген атақты ғалымдардың есімдерімен байланысты болып келеді: Қашқари, Дулати, Баласағұни, Саид-ат-Тарази, шығыс ортағасырлардағы ғалым тіректерімен қатар академик К. И. Скрябиннің есімін қоюға болады.