Батыс Қазақстан облысының шетінде орналасқан алыста тұрған Орда ауылында Қазақстанның тарихи дамуында ерекше рөл ойнаған жер бар. Жәңгір ханның қаласы және Бөкей орданың Хан ордасы бұл XIX ғасыр басының ағаш сәулетінің тұтас ескерткіштер кешені. Бүгінгі күнде осында бар болған құрылыстар қалпына келтірілген және мемлекеттік қорғауға алынған, хан ордасының жерінде сәулет ескерткіші болып табылатын өзгеше мұражай кешені орналасқан.
Бөкей ордасын 1801 ж. Бөкей сұлтан құрған. 1801 ж. Бөкей сұлтанның ұлы Жәңгір туады. Жәңгір хан — аты аңызға айналған адам, оны жиі Петр Бірінше патшасымен салады. Жәңгір осы орындарда отырықшы өмір салтының негізін салған. Хан үйінен басталған ауыл хан ордасына айналды, Бөкей ордасының саяси-экономикалық және мәдени өмірінің алғашқы орталығы болып аталды. 22 жыл билік еткен уақыт бойы Жәңгір хан Ордада 1804 ж.қазақ-орыс мектебін, екі мешітті, дәрігерлік пунктты, Қазақстандағы алғашқы қазынашылығын ашты. Бұл қазақ даласында маңызды реформалары болды. 23 бөлмесі бар болған өз сарайында Жәңгір бай кітапханасы мен қару бөлмесіне ие болған.
Оның ордасы қай жерде орналасқандығы жайында шешім қабылдау алдында Жәңгір хан сол кезде атақты географ ғалымдарымен ақылдасты. Дәл осы жерде тұщы жер астындағы сулар жер үстіне жақын орналасқан. Бұл құмның үстінде терек, шегіршін, емен, ақ қайың, үйеңкі және қараған ағаштарының өскенін түсіндіреді. Тіпті талдар өседі. Бірақ ең басты кереметі – Ордадан тыс орналасқан қарағай орманы. Жәңгір ханның тұсында орман ауданы 16 мың гектарды құрады. Орманды аман қадыру үшін Жәңгір хан бақылаушыларды тағайындады.
Тарихи-мұражай кешенінің құрамына Бөкей орданың тарих мұражайы, Тәуелсіздік Мұражайы, Хан сарайының қарулық палатасы, Бөкей ордадағы халық білім берудің Мұражайы, А. Сергачевтың үйі, 1868 жылы салынған педтехникумының ғимраты және Жәңгір хан, Дәулеткерей (ханның немере ағасы) мен Мұхамедсалық Бабажановтың (ханның шәкірті, тарихшы және этнограф, оның мәйітін әскери полигон территориясынан көшіріп, қайтадан жерленді) үш кесенеден тұратын естелік пантеоны кіреді. Үш кесене түрлі сәулет стильдерінде салынған. Олардың әр қайсысы алып және салтанатты болып келеді.
Бұрынғы қазынашылық ғимаратында Бөкей Ордасының тарихы мұражайы тұр. Төңкеріске дейінгі кезеңнің залында Жәңгірдің тұсындағы уақытын баяндайтын XIX ғасырдың экспонаттары жиналған. Бұл бірегей құжаттар мен фотосуретер. Сауыт, қорымсақ және жебелер, ер тоқым мен әбзелдер, қылыш және қанжарлар — осылардың барлығы сол кездегі жағдайын жаңадан шығарды.
Осы мұражайдың құрылу кеңестік жылдарында басталған, себебі Бөкеев хандығының дәуірі әрқашан қызықты болды. 1962 жылы 35 экспонат жиналған Орда мектебі жанында мұражай құрылған. Осы шағын мұражайдан мұражай кешені басталды.
Мұрағаттық фотосуреттер бойынша бұрынғы көпшілікке арналған ғимараттар қалпына келтірілген: ханның жеке докторы болған дәрігер Сергачевтың флигелі, 1868 жылы құрылған педагогикалық училищенің ғимараты, және Жәңгір сарайының шығыс бөлігі — қарулар палатасы, қонақүй, асхана. Қару палатасындағы әр экспонат, яғни жүздер, дулыға, сауыт, әбзелдер өнер туындысы болып табылады. Қонақүй мен асханадағы бүкіл жиһаз, жабдық тіпті ыдысы XIX ғасырға жатады. Ғалымдар, өлкетанушылар мен тарихшылардың пікірі бойынша Жәңгір хан дәл осылай өмір сүрді.
Хан мешітінің ғимараты ерекше атауға болады. Осындай сәулет шешімін басқа жерде кездестіру екі талай. Онда шығыс және еуропалық стильдері бар. Бұл кездейсоқ емес. Жәңгір ханды халқын басқа ұлттың адамдарымен бейбітшілік пен келісіиде өмір сүріге шақырған алғашқы еуразиялық болып табылады. Мешітте тәуелсіздік мұражайы орналасқан, оның экспозициялары егеменді Қазақстанның қалыптасуын баяндаған.
Жыл сайын Бөкей орданың Хан ордасына бірнеше мың турист келіп жүреді, салыстырмалы алыстығына қарамастан осы жер Қазақстанның тарихына қызығатын адамдардың назарын өзіне қаратады. Кешен территориясында қонақүй орналасқан, осында тарихқа жақындап, бір кезде Жәңгір ханның Қаласы орналасқан жердің рухы мен әдемілігін сезініп, бірнеше күн өткізуге және ескерткіштер мен мұражайларды мұқият зерттеуге болады.