«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы бұл археологиялық және сәулет ескерткіштерінің толық кешені болып табылады.Мұражай қорығы орналасқан Түркістан (тарихи атауы Ясы) көне қаласы Қазақстанның ортағасырлық тарихының өзіндік нышаны және қажылық пен тарихи саяхатшылығының орталығы болып табылуына мүмкіндік берген өткен уақыттың баға жетпес ескерткіштерімен қоршалған.

Түркістан ескерткіштері ғалымдар мен мұражай ісі мамандарының назарын әрдайым өзіне қаратқан, 1978 жылдың қыркүйек айында Ахмет Яссауи кесенесінің негізінде «Ахмет Яссауи атындағы республикалық сәулеттік мұражай кешені» ашылды, ал 11 жыл өткен соң Түркістандағы барлық негізгі сәулет ескерткіштері мен мұражайларын біртұтас ұйымдастыру кеңістігіне біріктіру жайындағы шешім қабылданды. Осылай 1989 жылы «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы ұсынылған.

Мемлекеттік мұражай қорығы Тәуке хан даңғылы мен Алматы алаңы бұрышында, Шымкент – Қызылорда көлік магистралі бойында орналасқан.

Қорықтың негізгі объекті әрине ХIV ғасырдың тарихи-сәулет ескерткіші, халық арасында әулие Әзірет Сұлтан – Әулиелердің Сұлтаны ретінде белгілі болған түркі тілдес халықтарының рухани тәлімгері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Бұл бүгінгі дейін жеткен орта ғасырлардағы жалғыз сәулет ескерткіші. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2000 жылы маусым айында ЮНЕСКО Бүкілдүниежүзілік мұра тізіміне алынған Қазақстан тарихының алғашқы ескерткіші болып табылады.

Осы әсем көне құрылыстан басқа, «Әзірет Сұлтан» мұражайы – мәдени қорығына ортақ ұйымдастырылған және ғылыми инфрақұрылымына біріктірілген тағы сегіз мұражай ескерткіштері кіреді.

Әзірет Сұлтан” қорығына келесі мұражайлар кіреді:

1. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы ХIV ғ.,- Экспозициялық ауданы- 654,98 шаршы м.

2. «Қылует» жер асты мешіті ХII ғ. – 702 шаршы м.

3. «Жұма мешіті» мұражайы ХVIII ғ. – 603,6 шаршы м.

4. «Шығыс моншалары» мұражайы – 130 шаршы м.

5. Түркістан қаласының тарих мұражайы – 1050 шаршы м.

6. Археология және этнография мұражайы ХIV ғ. – 140 шаршы м.

7. Рабия Сұлтан Бегім мұражай кесенесі ХVғ.-62 шаршы м.

8. «Түркістан қ.көшесі» мұражайы ХIXғ.-452 шаршы м.

Осы мұражайлардың жалпы экспозициялық ауданы– 3794,52 шаршы м.

Қазіргі кезде мұражай құрамына 114 тарихи-мәдени, діни-рухани, археологиялық және сәулет ескерткіштері кіреді, солардың ішінде біреуі халықаралық маңызындағы, 50 –республикалық және 63 – жергілікті маңызындағы ескерткіштер болып табылады. Қорғалынатын аумақтың жалпы территориясы– 529,4 га.

Мұражай қорығының негізгі қорына 13800 экспонат кіреді, ал оның ғылыми кітапханасында 5000 астам кітап бар.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы өңірдегі танымал туристтік нысаны және бүкіл Қазақстанның ең маңызды көрікті жері болып табылады, жыл сайын ол 350 мың келушіні қабылдайды.

Мұражай қорығының жұмысшыларының негізгі міндеті – көне қаланы мұражайлар қаласы мен барлық түркі тілдес халықтарының рухани орталығына айналдыру.

Мұражайда мынандай құрылымдық бөлімшелер бар:

1. Ғылыми-зерттеу бөлім

2. Ғылыми кітапхана

3. Қордың ғылыми бөлімі

4. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлімі

Болашақта жаңа бөлімдерді ашу ұйғарылған: археология, этнография және этнология ғылыми-зерттеу бөлімі, діни тарихтың бөлімі, насихаттау мен мәдени-бұқаралық бөлім, экспозициялық және көрме бөлімдері, қауіпсіздік қызметінің бөлімі, қайта қалпына келтіру және сақтау бөлімі.

«Әзірет Сұлтан» тарихи ескерткіштерде сақталып қалған мұраны насихаттау бойынша белсенді және жан-жақты қызмет атқарып жатыр. Республикалық дәрежесіндегі «Яссауи тану» байқаулары өткізіліп жатыр, 2007 жылдан бастап жыл сайын мұражайда түркі халықтарының рухани-мәдени тұрмысында Қ.А. Яссауидің мұрасын зерттеу және анықтау бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіліп жатыр, мұражай баспасында бірнеше кітап басылып щығарылған, солардың ішінде «Қожа Ахмет яссауидің» кітапнамалық көрсеткіші бар. Қазақстанның түрлі қалаларында үнемі мұражай қорығының қорларынан шығатын көрмелер өткізіледі, осылай Алматы қаласында «Түркістанның жеті кереметі» көрмесі өтті, мұражай қорынан 200 астам экспонат көрсетілген. Осындай көрмелер Астанада, Ақтөбеде, Атырауда, Таразда, Оралда, Қарағандыда, Павлодарда және т.б.қалаларында өткізілген.

«Әзірет Сұлтан» мұражайы – мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы бүкіл Қазақстан үшін зор туристік және ғылыми-тәжірибелік маңызындағы мәдени объект болып табылады.

  • Достарға әңгімеле:

Мұражайлар
Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы

Оңтүстік Қазақстан облысы біздің елімізге көптеген атақты адамдарды берді, олардың ішінде жазушылар, спортсшылар, ғылым және өнер қайраткерлері бар. Олардың көпшілігінің өмірбаяндары жақсы зерттелініп, бәріне егжей-тегжейлі белгілі, осы ұлы адамдардың арасында бір адам бар, оның аты бүгінге дейін әдемі аңыздармен қоршалған, оларды естігенде шындықты асырып айту мен болжамнан айыру қиынға соғады. Аты аңызға айналған Қажымұқан Қазақстандағы әр оқушыға белгілі, дегенмен өмірі мен спорттық жеңістерінің егжей-тегжейлілігін бәрі білмейді. 


Мұражайлар
Мақтаарал ауданының мақта шаруашылығы тарихының мұражайы

Осы шағын мұражай Қазақстандағы ең қызықты және бірегей мұражайларының тізіміне кіруге мүмкін болғаны сөзсіз. Оны географиялық орналасу жері, құрылу тарихы мен бір жақты тақырыптық бағытылығы басқалардан ерекше етіп жасайды. Мақта шаруашылығы тарихының мұражайы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданының Атакент кішкентай ауылында Шымкент қаласынан 230 шақырым жерде орналасқан.