Түймекент өткен уақыттың құпияларына толы түрік тайпаларының көне қаласы, жүзден астам жыл бойы ол ғалым археологтарының көңілін өзіне қарай тартып, таңғажайып ашуларымен қайран қалдырып отырған. Түймекент Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас өзенінің оң жағасында орналасқан.

Көне қала IX–XIII ғасырларда өмір сүрді, негізінде осында түрік тайпаларының өкілдері тұрды. Өркендеу шағында бұл жерде жүздеген адам тұрды, сонымен қатар қала әрдайым қонақ көпестері мен саяхатшыларға толы болған. Түймекенттің орталығында үлкен керуен сарайы орналасатын, осында алыс елдерден келген жолауышлар тұрған. Шынымен, бұл жер географиялық орналасуы жағынан бірегей болды: Талас алабының шығыс жағымен қорғалатын Ұлы Жібек жолынан 25 шақырым жерде – керуен жолдардың түйіскен жерінде орналасқан. Маңайдағы көптеген тұрғындар жау шапқыншылығынан дәл осы жерде құтылып жүрген.

Қала территориясы 250×300 м құрайтын салыстырмалы түрде шағын тіктөртбұрыш болып табылады. Ол жан-жағынан дуалмен қоршалған болатын, оның периметрі бойымен 30 күзет мұнаралар орналасқан. Өзінің біршама шағын көлемдеріне қарамастан, Түймекент сол кездегі дербес және тәуелсіз қала болды, қала тұрғындарының тіршілік әрекеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзіндік инженерлік желісі болды.

Ғалымдардың қазба жұмыстары барысында 30 метрге созылған су ағатын құбыр табылды, құбыр 1,5–2 м тереңдікте кіреберістің жүргінші жолдың астында салынған. Сірә, ол қаланы ішетін сумен қамтамасыз етеді. Түймекенттің көптеген мұнаралары қорғаныс құрылыстарының ішінде ерекше орын алады. Археологтар сыртқы жағынан бір мұнараны ашты және ол бекіністі қорғау кезінде үлкен роль ойнағанына көздері жетті. Қаланың бүкіл периметрі қалыңдығы 7 м асатын биік қабырғамен, сонымен қатар ені 15-20 м және тереңдігі үш метр болатын ормен қоршалаған. Сол кезде бұл басқыншылардың көп күндік қамауын төзе алатын өте берік, жақсы бекітілген бекініс болды. Археологтардың айтуынша бағалы олжалардың бірі шаптың блоктар болып табылады. Оларды сығымдалған балшықтан және кәдімгі өңделмеген кірпішпен кезектестірді. Осындай құрылыс өзіндік сейсмобелдік.

Қала тұрғындарының негізгі қызмет түрлері сауда жасау, егін шаруашылығы, қыш құмыра өнері, сонымен қатар мал шаруашылығы, аң аулаушылық пен балық аулау. Түймекенттің жанында бірнеше ортағасырлық шағын елді мекендер орналасқан, оларды арықтар мен каналдар қоршаған.

Ғалымдар ұсынған нұсқаларының біріне сәйкес Түймекенттің негізін салуышысы Көкше хан болып табылады, ол қаланы салып, қызы Түйменің атын берген. Әкесі қайтыс болғаннан соң ол қаланы сәтті түрде биледі және оның дамуы мен гүлденуіне зор үлесін қосты.

Алғаш рет Түймекентті 1890 жылы зерттеуші Каль ашып, зерттеді, сол кезден бастап ескі қаланың жерінде бірнеше рет археологиялық қазба жұмыстарды кеңес ғалымдары да, Қазақстан археологтары жүргізген.

Бүгінгі күнде көптеген ғалымдардың айтуынша, Түймекент Қазақстанның мәдени мұрасының ең маңызды ескерткіштердің бірі болып табылады, біздің ата-бабаларымыз қалалар мен сарайларды салғандары мен отырықшы тұрмысты жүргізгенін дәлелдейді.

  • Достарға әңгімеле:
Тараз қалашығы – бірегей археологиялық ескерткіш. Тараздың мәдени қатпарлары I-XIX ғасырлармен даталанып Қазақстанның түгел дерлік тарихын қамтиды. Ерекше қызығушылықты қаланың гүлденген кезі - X-XII ғғ. жататын заттар тудырады.

Ескерткіштер
Тараз қалашығы

Тараз қалашығы – бірегей археологиялық ескерткіш. Тараздың мәдени қатпарлары I-XIX ғасырлармен даталанып Қазақстанның түгел дерлік тарихын қамтиды. Ерекше қызығушылықты қаланың гүлденген кезі - X-XII ғғ. жататын заттар тудырады.

Айша-бибі кесенесі  XII  ғасыр құрылысының бірден-бір сәулет өнері. Кесене әдемілігі күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.

Ескерткіштер
Айша бибі кесенесі

Айша-бибі кесенесі  XII  ғасыр құрылысының бірден-бір сәулет өнері. Кесене әдемілігі күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген.