Қазіргі Орал қаласында ортағасырлық сауда қаласының бар болғаны жайында Х ғасырда араб тарихшысы Әл Идриси жазды. Ғалымдар көне елді мекендерінің қираған орындарын қала шетінде іздеу керектігін білді. Дегенмен, осы жаңалық 2001 жылы «Ақсай–Үлкн Шаған–Атырау» құбыр жүргізу трассасын зерттеу кезінде кездейсоқ жасалған. Ескі қала Свистун тауының етегінде Орал қаласынан оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан.
2005 жылы көне ескі қала «Жайық» деген атау алды, және осында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстарын Марғұлан атындағы археология институтымен (Алматы) бірге тарих пен археология орталығы жүргізген.
Ескі қаланың қираған орнында археологиялық қазба жұмыстарының барысында тұрғын мекендер, өндірістік және қоғамдық міндетіндегі құрылыстар, яғни еденнің астында жылыту жүйесі салынған шығыс моншасы, кірпішті күйдіретін пештер мен керамикалық пештердің қалдықтары табылған. Ескі қаланың батыс жағына қарай екі шақырым жердегі қорымда екі камералы күмбезді кесенелердің полихромдық жылтырақпен безендірілген діни ғимараттардың қалдықтары табылған. Сонымен қатар ескі қаланың қираған орнында бірнеше бөлмеден тұратын, күрделі өңделмеген қабырғалармен бөліген тұрғын үйлер твбылған, бірнеше тұрғын, қоғамдық және шаруашылық объекттер табылған.
Ғалымдар барлық табылған құрылыстарды XIII – XIV ғасырмен даталаған және Алтын орда дәуіріне жатқызған. Археологиялық қазба жұмыстары Жайықтың қазіргі Орал қаласының бастаушысы болғанын дәлелдеді. Бүгінгі күні қазбаларда алынған мәлімет бойынша Жайық ескі қаласының нақты күнін айтуға болады, бұл 14 ғасырдың басы. Яғни Орал қаласы 700 жыл бұрын пайда болды.
Ғалымдар ашқан көптеген құрылыстардың ішіндеқаланың орталығында орналасқан «шығыс моншасы - хамам» ең қызықты және жақсы сақталғандардың бірі болып табылады. Оның қалдықтары қазіргі күндізгі үстіңгі жағынан 1,5 -1,7 м. құрайтын тереңдікте табылған. Сонымен қатар ор бортында 10-15 см-де қара күйіктің қабаты табылған. Жоғарыда, күндізгі үстіңгі бетінің деңгейіне дейін күйдірілген төртбұрышты кірпіштің, қаптаудың бөліктері, керамикалық құбырлардың қалдықтарының үйіндісі жатқан. Монша өлшемі 110-120 м2 анықталады. Орталық зал сегіз бұрыштық жобасына ие. Шығыс пен батыстан оған жуынуға арналған шағын жайлар жанасқан. Моншаны еден асты жылыту жүйесі жылытылады. Ыстықты өткізетін құбырлар барлық ішкі жайлардың еден мен софалар астымен орнатылған. Бүкіл құрылыстың астыңғы бөлігі ең кем дегенде жер астына 1,4 метрге тереңдетілген. Жуыну жайларға керекті су керамикалық құбырлардың таралған жүйесі арқыла барған. Қабырғадан құбырлар шыққан жайлардың ішінде аласа тас ыдыстары тұрған. Мұсылман қаласындағы көпшілікке арналған моншалар мешіттен кейінгі маңызды құрылыстар болып саналған және олар диі дәуірдің сәулет стиліне сәйкес болып сән-салтанатпен безендірілген.
2013 жылы Жайық ескі қаланың территориясында тағы бір маңызды құрылыс табылған. Археологтар жалпы мұнаралық формасына ие болған дөңгелек күмбезімен аяқталған ерекше, сирек конустық формасы бар кесенені қазып алды. Ескерткіш күйдірілген кірпішпен қапталған және негізінде ені 2 метра 15 см құрайтын өте қалың қабырғалары бар. Өкінішке орай, ол нашар сақталған, анық көрінетіні тек оның іргетасы. Құрылыстың осы бөліктегі ескі қаланың үстіңгі беті бірнеше рет бұзылғандықтан, ауыл шаруышылығына арнайы жерлер үшін пайдаланылғандықтан, жыртылғандықтан нашар сақталған. Периметрі бойынша кесене төртбұрышты шикі кірпіштен жасалған 40-50 метрдік қабырғасымен сыртқы әлемнен қоршалған. Адам қаңқа сүйектерінің түрлі жерде жатқаны ескерткіштің тоналғанын дәлелдейді. Құрылысқа кіру есігінің жанында бес бағана, құлпытас орнатылған, олар діни мақсатта пайдаланылған: сакралдық кеңістік, ғибадатхана орны, адамдардың табынуы. Кесененің конус тәрізді формасы ислам мен көшпенділер мәдениеті арасында байланыс болғандығын дәлелдейді.
Қазіргі кезде Жайық ескі қаланың қираған орнындағы археологиялық қазбалар жалғасуда, ғалымдар тағы бірнеше таңғаларлық жаңалықтарды жасауға үміт артады. Белгілі бағдарлама шеңберінде Алтын орда дәуірі тарихының ескерткішін көруге ниеті бар адамдарды жинауға ашық аспан астында ескі қаланың орнында мұражай ашу жоспарлануда.