Қызылорда қаласынан 300 шақырым жерде, Жаңадария өзенінің ескі арнасының сол жағасында аты аңызға айналған Шырық-Рабат қаласы орналасқан. Шырық-Рабат археологиялық ескерткіші бірнеше тарихи дәуірлердің нысаны ретінде зор ғылыми маңызға ие болып табылады. Ескі қала бірегей және ғалымдардың зерттеулері үшін жақсы сақталған болып саналады, тіпті «шырық-рабат мәдениеті» деген бөлек ұғым бар.
Бірегей қала сақ кезеңіне жатады, ол қаланы тегіс жазықта көтеріп, жаулардан қорғап тұрған сияқты биік төбешіктің үстінде салынған.
Шырық-Рабат солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, ауданы 850х600 м. құрған табиғи төбешіктің алаңын алып жатады. Ескі қала мықты фортификациялық жүйесімен бекітілген. Төбешіктің іргетасы жанында ені 40 м., тереңдігі 4,5 м. құрайтын ор қазылған. Ордан мықты сыртық дуал салынған, оның биіктігі 3 м дейін, негізіндегі ені 8-10 м құрайды. Ордың ішкі периметрі бойымен де дуал орналасқан, осыдан басқа төбешіктің жоғарғы нүктесі дуалдың үшінші қатарымен қоршалған.
Бүгінгі күнде көне қаланы қоршаған ішкі қабырға қатты бұзылған, бірақ тіпті қазіргі кезде оның биіктігі 3 метр құрайды. Қабырғаның ішінде галерея орналасқан, осы жерден садақшылар арнайы оқ тәрізді атыс ойықтары арқылы шабуылдаған жауға оғын тигізген. Қаланың бекітілуі соншалықты, оған жаудың қолы іс жүзінде жете алмайды.
Археологиялық зерттеулердің дерегі бойынша бастапқыда болашақ қаланың орнында сақ-апасиактардың қорымы орналасқан. Оның айналасында айбынды сақ патшалары жерленген алты биік жер қорғаны табылған. Осындай қорғандардың бірін ғалымдар қазып алған. Жердің кең үймесінің астында жерлеу оры орналасқан, оның өлшемі 7,5 х 7,5 м және тереңдігі 2,5 м болып табылады. Оның қабырғалары балшық сылауымен қапталған және әктаспен ақталған.
Қазба жұмыстары кезінде тікбұрышты қабірде шығыс немесе батыс жағынан, кейде екі жағынан үңгір тәрізді жерлеу камералары салынғаны мәлім болды. Камераларға кіретін жер өңделмеген кірпіштерден жасалған қалау салынады. Жерлеу камералардың біреуінде үш қаңқа сүйек табылған. Олардың біреуі бай киімімен, алтын бұйымдарымен және темірден жасалынған ұзын қылышымен бірге жерленген. Қалған екеуі ағаштан жасалған зембілде бір-бірінің үстіноде жатқызылған. Олардың қасында күйіктастан жасалған құты мен бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспап, асқабақтан жасалған құмыра мен басқа заттар табылған. Құтының үстінде шебердің таңбасы мен бес белгіден тұратын жазу бар. Олар ақсүйектер отбасына жатқаны мүмкін. Жерлеу б.з.б. IV-II ғасырларымен даталанады.
Шырық-Рабат ескі қаласын 1946 жылы С. П. Толстов басқарған Хорезмдік археологиялық экспедициясы ашқан. Сол кезде үлкен ғибадатхана, сонымен қатар дөңгелек және тікбұрышты жерлеу орындары зерттелінген. Сонымен қатар ескі қаланың түрлі бөліктерінде және қорғау дуалында бірнеше шурф жасалынған.
С. Толстов өзінің «Хорезм экспедициясының ізімен» атты кітабында көне қаланы былай сипаттайды: «Шырық-Рабаттың ескі орны —бұл жаңа дәуірге дейін бірінші мыңжылдықтың ортасында тұрығызылатын, шоғырландырма дуалдар мен орлардың жүйесімен қоршалған үлкен бекініс болып табылады, оның ішінде дәуіріміздің бірінші ғасырлардың бергі көне бекінісінің тікбұрышты жобасы көрінеді.».
2004-2006 жж. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде зерттеуді Ж. Құрманқұлов басқарған Шырық-Рабаттық археологиялық экспедиция жалғасытырды. Қорым территориясында екі жерлеу құрылыс пен диаметрі шамамен 80 м құрайтын үлкен сақина тәрізді құрылыс қазып табылған.
Шырық-Рабат ескі қаладағы археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда, қазақ ғалымдары тарихты ашатын және көне Қазақстанның халықтарының тұрмысы мен мәдениеті жайындағы жаңа мәліметті беретін жаңа сенсациялық олжаларға үміттенуде.