Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет Театры Алматы қаласынының және жарқын көзге көрінерлік Қазақстанның сәулет өнерінің әйгілі ұлттық пішіндегі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Театр Қабанбай батыр көшесінде, ал басты көрінісі Панфилов көшесіне шығады.

Бастапқыда театр басқа ғимаратта музыкалық студияда болып ашылды. 13 қаңтар 1934 жылы алғашқы қойылым көрсетілді. Дебютке М.Әуезовтың  «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы таңдалды.  Қойылым үлкен сұраныстарға ие болды. Көп ұзамай театрдың бірінші композиторы болып, Евгений Брусиловский тағайындалды. Сахна төрінде «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935),  «Ер Тарғын» (1936) опералары қойылды. Театрдың сол кездегі   жұлдыздары болып, Құрманбек Жандарбеков, Күләш Бәйсеитова, Гарифулла Құрманғалиев, Жамал Омарова сияқтылар көрінді. 1935 жылы Куйбышев опера театрының негізімен орыс опера труппасы құрылды.  Ол тоғыз қойылымды көрсете алды. 1936 жылы Қазақ мәдениеті мен әдебиеті декадасына опера театры Мәскеуге шақырту алды. 1936 жылы театр үшін жаңа ғимарат салуға шешім қабылданды. Ең мықты жобаны таңдау үшін Бүкілодақтық сайыс жүргізілді, сонда Мәскеу сәулетшісі Круглов Н.А.ны таңдап алды. Кругловтың тұтқынға алуынан кейін театр сәулетшілері болып Простаков Н.А. және Басенов Т.К. сайланды. Суретшілер мен безендірушілері болып Крошин В. және Цивчинский Н. болды. 1941 жылы театр құрылысы аяқталды және өзінің ғимараты  7 қараша 1941 жылы «Нарғыз» операсымен ашылды.

Театр төртбұрышты үшқабатты ғимарат. Оның негізгі сәулеттік түрі сталин ампиры италия классикасы мен дәстүрімен айқышталған. Астыңғы қабат құрылымы сұр таспен безендірілген. Ғимараттың сыртқы сәулет өнері жан жағынан массивті пилондармен және төрт бағаналы кең лоджиядан жасалған. Рельеф фриздермен лоджия үсті қоршалған. Еңбекшіл халықтың өмір тынысы, қазақ эпосы , Совет билігіне қарсы күресі көрінісін көрсетеді. Ортада қазақтың әйгілі ақыны Ж.Жабаев бейнеленген. Сырты Өсімдік, Геометриялық және жануарлар, қазақ ою өрнектерімен безендірілген. Ғимаратқа кіре берісте көрермен кең вестибюльге екімаршты басбалдаққа бет алады. Фойе арқылы залға кіруге болады. Оның төбесі көгілдір ашық аспан суретімен безендірілген. Холда Қазақстан көркемөнер қайраткерлерінің портреттері ілінулі. Алғашқыда зал 1200 дей көрерменге арналған. Амфитеатр қоршауымен қоршалған жоғарғы бөлігі бөгет жиегімен ұштасқан, аспалы жазық төбемен жабылған. Төбенің ортасында ою өрнек шеңбері бар, оның ішінде көгілдір аспанға ұқсастырып, әшекейлендірген.  Алғашында инженердердің ойлары бойынша, сахна Жамбыл көшесіне шығу тиіс еді (көрініс кезінде хор және балет әртістері артпалы жануарлармен кіріп, совет заманындағы орасан зор көріністерді көрсете алатын).

Театр айналасы саябақтар мен сарқырама және шоқ шамдармен қоршалған. Шығыс жағында М. Әуезов мүсіні тұр, батыс жағында Ж.Жабаев мүсіні. Театр ортасы болатын су атқыш фонтан бар. Онын орнында бұрын Сталин ескерткіші тұрған.

1944 жылы театр сахнасында А.Жұбановтың  және Л.Хамидидің  «Абай » операсының тұсаукесері көрсетілді. 1945 жылы театрға Абай аты берілді.  Театрдың ашылуынан 50-жылдан астам театрде көптеген қазақ, орыс, европалық опера және балет көріністері қойылды. Онда : Байғали Досымжанов, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаев, Роза Бағыланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Днишев, Нұржамал Үсенбаева, Болат Аюханов, Рамазан Бапов, Раушан Байсеитова, Гүлжан Түткибаева сияқты опера және балет мәдениетінің жұлдыздары жарық көрінді.2000 жылы ҚМАОБ ның негізгі қайта жөнделуі аяқталды. Бүгінгі күні театр 789 адамға орын бар. Ол Евразия кеңістігінің бірден бір ірі театрларының бірі болып табылады. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында әйгілі және жас дарынды шеберлер, халықаралық және дүниежүзілік сайыстармен танылған , беделді  лауреаттар бар.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры

М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры көптеген жылдар бойы еліміздің бас сахналарының бірі саналады. Бұл театр қазақ ұлттық театр өнерінің бейне бір өзіндік бесігі іспеттес.


Ескерткіштер
Даңқ ескерткіші

Даңқ ескерткіші Отанын қорғауда азат шегіп, қайтыс болған халық қаһармандарына салынған ескерткіш. Ол Ұлы Отан соғысының 30-жылдық  жеңісіне Алматыда 28-гвардия панфилов саябағында құрылған.