Әрбір қазақстандыққа Тамғалы шатқалының жартас бетіндегі суреттер белгілі шығар. Олар 1957 жылы ашылған, дегенмен олар Қазақстанның тәуелсіз болған жылдары шынымен танымал болды, сол кезде олар ерекше ұлттық мәдени-тарихи бренд болды.

Тамғалы шатқалы Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде орналасқан. Тамғалы сөзінің өзі түркі тілінің тамға сөзінен шықты. Қазір осылай үй малына белгі қоятын таңбаны атайды.

Осындайға жартастар шығармашылық үшін тамаша жер болып табалады. Тегіс және тік болып келеді.

Дәл осы жерде өткен жүз жылдықтың ортасында жартас бетіндегі бейнелер, қорғандар, құрбан шалынатын жерлер және ерте замандағы адамдар мекендеген елді мекендер орналасқан бірегей ғибадатхана табылған.

Тамғалы бұл – көне көркем галерея, оның суреттерінде бөлек жануарлар мен адамдар және көне адамдар өмірінлерінде болған көріністер бейнеленген. Бұл Жетісу жартас бетіндегі суреттерінің 50 орталықтарының және Балхаш алқабы аумағының белгілі орталығы болып табылады. Тамғалыда жалпы 5000 сурет бар. Барлық табылған петроглифтер б.з.б. ХIV ғ. бастап б.з. VI -VIII ғғ. дейін, яғни қола дәуірінен бастап түркі халықтарының Ұлы даланы игеруге дейінгі кезеңмен даталанады. Бұл Қазақстанда көрсетілген ең танымал және жақсы зерттелінген ерте заман адамдарының шығармашылық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ғибадатхана кешенінде бірден алты хронологиялық кезеңдері көрсетліген: орта қола, кейінгі қола, ерте номадтар, сақ, үйсін және түркі кезеңдері.

Б.з.д.XIV-XII ғғ.дәіріне жататын бейнелер ең қызықты болып келеді. Дәл осы қола дәуірінің андрондық тайпаларының жартас бетіндегі суреттер тобына басы күн тәрізді тәңірінің белгілі суреті жатады. 20 ғасырдан астам уақыт бойы Тамғалы шатқалы ерте заманның адамдары магиялық және салттық рәсімдерді өткізген, рух пен тәңірлерге табынып жүрген сакралдық территория, ғибадатхана болды. Дөңгелектер, көптеген сәулелер мен нүктелерден тұрған жұмбақ сәулелері бар басы күн тәрізді антроморфтық тәңірдің белгілі суреті жартас бетіндегі суреттердің галереясында ерекше орын алады. Айта кететйн жайт, «басы күн тәрізді» тәңірлердің осындай бейнелері Қазақстан аумағындағы петроглифтердің көптеген кешендерінде кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, Тамғалыдағы басы күн тәрізді дәулер құдайдың көне антроморфтық бейнелерінің бірі болып табылады.

Суреттер тақырыптамасы сан алуан: адамдар, жануарлар, салт аттылар, аң аулау, жабайы жануарларды аулау, адамдар өмірінің, құрбан шалу, салтты билер көріністері.

Петроглифтер арасында арбалардың, тамғалардың, намаз оқу жазуларының бейнелері, салтты билерінің көріністері, көне құдайлардың кейіптерін көрсететін күшті түйелер мен бұқалардың бейнелері бар. Петроглифтерді мұқият қараған кезде, тек жабайы жануарлардың – арқарлардың, ақбөкендердің, маралдардың ғана емес, сонымен қатар үй жануарлары: иттердің, жылқылардың, түйелер мен бұқалардың бейнелерін де көруге болады.

Көне шеберлер материалды және тас бетіндегі суреттердің орналасуын олардың бағыттарын дүние жүзі бөліктері мен ең бастысы, Күн көзіне қатысты етіп есепке алып, пайдаланды. Тәулік пен күн көзінің сәулелерінің түсу бұрыштарына байланысты Күн көзінің күндізгі қозғалысы кезінде түрлі суреттер түрлі уақытта айқын көрінеді. Петроглифтердің орындары бір жерден бірнеше суретті көре алатындай етіп таңдалған. Шатқал алқабында суреттері бар жартастар күрделі композицияларға біріккен тұтас топтар болып бір уақытта көрінетін жерлер бар.

Петроглифтер өлшемі 3 шх10ш құрайтын үлкен аумақта орналасқан. Бірақ олардың ең басты бөлігі өлшемі шамамен 250шх500ш құрайтын жер телімінде шоғырланған, осында шамамен 2000 петроглиф бар, ал жалпы Тамғалыда 5000 сурет бар. Сонымен қатар шатқал маңында қола дәуірінің (б.з.б.ХI-Х ғғ.) және ерте заман көшпенділерінің (б.з.д.III және б.з.II ғ.) қорғандары, сонымен бірге олардың елді мекендері орналасқан.

Тамғалы шатқалы петроглифтерінің бірегейлігі мен жалпы халықтық құндылығын әлем қоғамы мойындаған, 2004 жылы олар ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылған. Осы кезден бастап ескерткіш Бүкіл әлемдік мәдени және табиғи мұрасын қорғау жайындағы халықаралық Конвенциясының қорғауы астына алынған.

Осы қолдаудың арқасында археологиялық кешенді аумағы тазалықта ұстайды, мұражай қорығының жобасы құрылды, жартас бетінде алдын ала ескертетін белгілер мен көрсеткіштер бар. Өткен заман туралы білгісі келетін білімқұмар саяхатшылар үшін барлық жағдай жасалған.

  • Достарға әңгімеле:

Ескерткіштер
М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры

М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры көптеген жылдар бойы еліміздің бас сахналарының бірі саналады. Бұл театр қазақ ұлттық театр өнерінің бейне бір өзіндік бесігі іспеттес.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ» (Дендросаябақ) 2010 жылы шілде айында ашылған, дегенмен осы бірегей саябақты құру жөніндегі жұмыс 2001 жылы басталды. Саябақтағы алғашқы ағаштардың бірін (еменді) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі отырғызған, 2001 жылы саяқбақты салуға қатысқан кезінде осында алаңқай жер болды.

Ескерткіштер
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ» (Дендросаябақ) 2010 жылы шілде айында ашылған, дегенмен осы бірегей саябақты құру жөніндегі жұмыс 2001 жылы басталды. Саябақтағы алғашқы ағаштардың бірін (еменді) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі отырғызған, 2001 жылы саяқбақты салуға қатысқан кезінде осында алаңқай жер болды.